Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны


-тақырып. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
15-тақырып. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі 

1.  Республикалық бюджетті құру, қарау және бекіту 

2.  Жергілікті бюджетті құру, қарау және бекіту 

 

1с. Бюджеттік кезеңдерінің барлығы- олар құру, қарау, бекіту, атқару, есебі мен есеп 

беру – бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде алатын кезеңдер. Сол себептен Бюджет 

Кодексінде  бюджеттердің  әрбір  түрлері  үшін  бұл  кезеңдер  белгіленген.  Бюджеттер 

жобаларын жасау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақтың 

әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары мен орта мерзімді фискалдық 

саясат  негіздерінде  іске  асырылатын  түсімдер  болжаудан  басталады.  Осы  уәкілетті 

органмен фискалдық саясат негізінде бюджет шығыстарының лимитін қалыптастыру және 

оларды  ағымдағы  мен  даму  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілеріне  жеткізу  іске 

асырылады. 

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орташа мерзімді әлеуметтік 

экономикалық даму көрсеткіштері негізінде және облыстар, Астана мен Алматы қалалары 

бюжеттерінің  келісілген  көрсеткіштері  мен  республикалық  бюджеттік  бағдарламалар 

әкімшілерінің 

бюджеттік 

мәлімдемелерін 

(тапсырыстарын) 

есептей 

отырып, 


республикалық  бюджет жобасының келесі  негізгі  болжамдық  көрсеткіштерін анықтайды 

және талқылауға Бюджеттік комиссияға ұсынады: 

 

Республикалық бюджет түсімдерінің көлемі; 



 

Республикалық 



бюджеттік 

бағдарламалар 

әкімшілері 

бойынша 


республикалық бюджет шығыстары мен несиелендірудің көлемі

 



Республикалық бюджет тапшылығының (профицитінің) мөлшері; 

 



Мемлекеттік кепілдемелер бойынша міндеттемелерді орындамайтын сомасы

 



Үкіметтік қарыздың лимиті; 

 



Тиісті қаржы жылының соңына облыстар және Астана мен Алматы қалалары 

бойынша жергілікті атқарушы органдар қарыздарының лимиті

 

Тиісті қаржы жылына мемлекеттік кепілдемелер беру лимиті



 

Облыстар  және  Астана  мен  Алматы  қалалары  бойынша  жергілікті 



бюджеттерден және республикалық бюджеттен Ұлттық қорға берілетін ресми 

трансферттер сомасы; 

 

Республикалық  бюджеттік  бағдарламалар  бойынша  функционалдық  топтар 



арқылы шекті шығыстар тізімі

 



Тиісті қаржы жылындағы республикалық және жергілікті бюджеттеді атқару 

процесінде  секвестрге  жатпайтын  республикалық  және  жергілікті  бюджеттік 

бағдарламалар тізімі; 

 



Өткен  қаржы  жылдар  нәтижесінде  әлеуметтік  және  басқа  төлемдер  мен 

республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекемелердің 




келісімшарттық  міндеттемелері  арқылы  пайда  болған  республикалық 

бюджеттің кредиторлық берешектерін өтеу сомасы. 

Республикалық  бюджет  қалыптастырудың  бірінші  кезеңінде  экономикалық  және 

бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органмен  кезекті  қаржы  жылға  ел 

экономикасы дамуының сценарлық  шарттарын жасау іске асырылады. Мұндай сценарий 

негізгі  макроэкономикалық  көрсеткіштер  елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 

орташа  мерзімдік  болжау  көрсеткіштері  мен  Үкіметтің  орташа  мерзімдік  фискалдық 

саясаты арқылы жасалады. Егерде ел Үкіметі осы сценарлық шарттарды мақұлдаса, онда 

кезекті  қаржы  жылға  республикалық  бюджеттің  негізгі  параметрлері  мен  шығыстар 

функционалдық жіктелуіне сәйкес оның шығыстары жөнінде мәліметтер жасауы, сондай-

ақ  орташа  мерзімдік  болашаққа  республикалық  бюджеттің  кірістері  мен  шығыстарының 

негізгі көрсеткіштерін жобалауы іске асырылады. 

Республикалық  бюджетті  қалыптастырудың  екінші  кезеңінде  оның  ел  Үкіметі 

қолдаған жобасы ҚР Парламенті мәжілісінің тиісті комитетінде қаралады. Бұл комитеттің 

тұжырымы  негізінде  шешім  шығарылады,  яғни  бюджет  жобасы  Мәжілісте  қарауға  және 

талқылауға  қабылданады  немесе  бюджет  жобасы  қосымша  істеуге  Үкіметке  кейінге 

қайтарылады.  Жоба  қосымша  істеуге  кейін  қайтарылуы  мүмкін,  егерде  ұсынылған 

материалдар  бюджет  жөнінде  ұсынылған  заңнамалық  актілер  талаптарына  сәйкес 

болмаған  жағдайда.  Ал  егерде  тиісті  комитет  оң  тұжырым  берсе,  онда  бюджет  жобасы 

ұсыныстар  мен  ескертулер  енгізу  үшін  Президент  пен  Парламент  Сенатына  және  де 

тұжырым беруге Есеп Комитетіне бағытталады. 

Үшінші  кезеңде  Парламент  палаталарының-  Мәжіліс  пен  Сенаттың  пленарлық 

отырысында тиісті қаржы жылға арналған респуликалық бюджет жөніндегі заң жобасын 

талқылау  іске  асырылады.  Жобаны  талқылау  барысындағы  депутаттармен  енгізілген 

барлық  өзгерістер  мен  толықтырмалар  дәйектілік  пен  бюджет  теңділігін  сақтау 

принциптерінің талаптарына сәйкес болуы қажет. 

Республикалық  бюджет  туралы  заң  жобасын  Үкімет  Праламентте  талқылау  үшін 

ағымдағы  жылдың  қыркүйек  айының  1  жұлдызына  дейін  ұсынуы  тиіс.  Бұл  жоба 

Парламент  палаталарының  біріккен  отырысында  талқыланып,  ағымдағы  жылдың 

желтоқсан  айының  1  жұлдызына  дейін  тиісті  заң  қабылдау  арқылы  бекітіледі.  Егерде 

белгілеген  мерзімге  дейін  республикалық  бюджет  жөніндегі  заң  қабылданбаса,  онда 

Республика  Президенті  алдымыздағы  жылдың  бірінші  тоқсанына  арналған  бюджет 

бекітілгенге  дейін  әрекетте  болатын  республикалық  қаржы  жоспары  жөнінде  Жарлық 

жариялауға  құқығы  бар.  Бұл  жоспар  республикалық  бюджет  жобасының  төрттен  бірі 

көлемінде  ағымдағы  жылдың  30  желтоқсанға  дейін  бекітілуі  тиіс.  Осы  жоспар 

қабылданған  жағдайда  республикалық  бюджет  жаңа  жылдың  наурыз  айының  1 

жұлдызына дейін бекітілуі тиіс. 

 

2с.  Жергілікті  бюджететрді  құру,  қарау,  бекіту  және  атқару  Бюджет  Кодексінің 

ережелері мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осы актілерге сәйкес бюджеттік 

жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  Республика  Үкіметінің  тапсырмасы 

бойынша тамыз айының 15 жұлдызына дейін облыстар, Астана мен Алматы қалаларының 

әкімдеріне  сол  жергілікті  бюджет  кірістеріне  жалпы  мемлекеттік  салықтар  мен 

алымдардан бөлінетін түсімдердің жобаланған мөлшерін хабардар етеді. 

Сонымен  бірге  жалпы  мемлекеттік  бағдарламаларды  қаржыландыру  мен  жергілікті 

атқарушы органдар қажетті болған оқиғада пайдалануға арналған несиелердің мүмкіндік 

сомалары  және  де  жергілікті  өкілдік  пен  атқарушы  органдардың  басқару  аппараттарын 

ұстауға арналған шығындардың лимитіне республикалық бюджет құралдарынан бөлінетін 

шамаланған сомалар жеткізіледі. 



 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік