Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны

Loading...


Pdf көрінісі
бет14/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
 


 

 

 

14-тақырып. Бюджеттің теңестірілуі. Бюджет тапшылығы. Профицит. 

1.  Бюджет тапшылығының экономикалық мазмұны 

2.  Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз алу механизмі 

 

1с.  Республикалық  бюджеттің  және  жергілікті  бюджеттердің  теңгерушілігі 

бюджеттік-қаржы  саясатының  басты  мақсаты.  Сондықтан  мемлекет  қашан  да  болмаса 

бюджеттің  теңгерушілікті  болуға  тырмысады,  яғни  тапшылықсыз  бюджетке.  Бюджеттік 

тапшылық  ретінде  мемлекеттік  шығыстардың  мемлекеттік  кірістерден  артуы 

қарастырылады.  Негізінде  тұрақты  бюджеттік  тапшылық  болатын  мұндай  арттыру  әр 

түрлі  жолдармен  өтелуі  тиіс,  яғни  заемдарды  жұмылдыру  арқылы  немесе  ақшалай 

эмиссия  арқылы,  немесе  мемлекеттік  шығыстарды  қысқарту  арқылы,  немесе  салық 

салуды ұлғайту арқылы. 

Бюджетті  құру,  бекіту  және  атқару  барысы  бюджеттің  тапшылығын  қысқарту 

қажеттілігіне  негізделеді,  яғни  бюджетте  қарастырылған  шығыстар  мөлшері  бюджет 

кірістерінің  сомасы  мен  оның  тапшылығын  қаржыландырылатын  көздер  түсімдеріне 

сәйкестік  болуы  тиіс.  Бірақ  бюджет  кірістері  мен  шығыстарының  қашанда  тең  болуы 

мүмкін емес,  сондай ақ тапшылық болса да ол төтенше жағдай деп есептелмейді, себебі 

бүкіл әлемде бюджеттік тапшылықсыз бір де бір ел жоқ.   

Сонымен  бірге  бюджет  тапшылығының  пайда  болуының  негізін  айыру  қажет, 

себебі,  ол  негіз  әртүрлі  болады  және  тапшылықтың  сапасын  сипаттайды.  Тапшылықтың 

шығуы, біріншіден, ел экономикасының әрі  қарай дамуын мемлекеттік реттеу үшін оған 

бірталай  мемлекеттік  салымдар  жасау  қажеттілігіне  байланысты  болуы  мүмкін. 

Екіншіден,  тапшылық  төтенше  жағдайлар  себебінен  шығуы  мүмкін,  үшіншіден, 

экономиканың дағдарысына байланысты, яғни экономика құлдырап, ал Үкіметтің қаржы 

ахуалын басқаруға қабілеті жоқ болған жағдайда. 



Бюджет  тапшылығы  (профициті)  мынадай  жағдайда  орын  алады–  егер  бюджет 

шығыстарының  (кірістерінің)  мөлшері  оның  кірістері  (шығыстары)  көлемінен  басым 

болса.  Ал  тапшылықтың  (профициттің)  мөлшері  таза  бюджеттік  несиелеуді  минустап 

алынған  операциялық  қалдық  пен  қаржы  активтері  бойынша  операциялар  қалдығы 

арасында  айырмашылық  ретінде  анықталады  және  оның  шекті  мүмкін  мөлшері  елдің 

әлеуметтік-экономикалық  дамуының  орташа  мерзімді  жоспарында  белгіленеді.  Бұл 

айырмашылық қаржыландырылуы тиіс, яғни бюджет тапшылығын өтеуді қамтамасыз ету 

үшін  құралдар  қарастыру  қажет.  Бұл  мақсаттар  үшін  Үкімет  шеттен  алып  пайдалануды 

іске  асырады,  қайсысы  профицит  болған  жағдайда  Үкіметтік  борышты  қайта 

қаржыландыруға  пайдалануы  мүмкін.  Бюджет  тапшылығын  қаржыландыру  көлемі 

алынған  заемдар  сомасы  мен  бюджет  құралдарының  қозғалысы  қосындысының  заемдар 

бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан арттыруы мөлшерінде тағайындалады. 

Бюджеттің  теңгерушілігі  бюджеттік  тапшылықты  өтеуді  әр  түрлі  әдістер 

пайдалану  негізінде  іске  асырылады.  Бұл  арада  бюджеттік  тапшылықты  өтеудің  негізгі 

көзі болып ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану табылады, себебі басқа әдісті– ақша 

эмиссиясын  пайдалану    инфляциялық  процестерді  дамытуға  алып  келуі  мүмкін. 

Мемлекеттік  шеттен  алып  пайдалану  республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің 

тапшылықтарын  қаржыландыру  мақсатында  ғана  пайдаланылады  және  Бюджеттік 

кодексте белгіленген нормамен шектеледі. 

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ішкі және сыртқы көздерге бөлінеді. 

Мемлекеттік  құнды  қағаздар  эмиссиясы  мен  мемлекеттік  мүлікті  жекешелендіруден 

түскен  табыс,  мемлекеттік  кірістерді  шығыстардан  арттыру  мен  мемлекеттік  заемдар 

облигацияларын  өткізуден  түскен  сомалар  және  қазынашылық  міндеттемелер 

қаржыландырудың  ішкі  көздеріне  жатады.  Ал  халықаралық  қаржы  ұйымдары  ұсынатын 




сыртқы  несиелерді  бюджет  тапшылығын  қаржыландыру  үшін  жұмылдыру  сыртқы 

көздерге  жатады.  Үкімет  пен  жергілікті  атқарушы  органдар  бюджеттер  тапшылығын 

қаржыландыру  үшін  жұмылдырылатын  ішкі  және  сыртқы  көздер  заемдық  құралдар 

топтарына жіктеледі.  

Орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдар  тиісті  бюджеттердің  тапшылығын 

өтеу үшін пайдалынатын заемдық құралдардың ішкі көздері үш топқа бөлінеді. Мысалы, 

мемлекеттік  құнды  қағаздар  тобы  мемлекетік  қысқа  мерзімді  облигациялар  тобына, 

жұмылдыру  тобына  және  берешектің  негізгі  сомасын  өтеу  тобына  бөлінеді. 

Республикалық  бюджеттің  тапшылғын  өтеу  үшін  Үкімет  пайдаланатын  заемдық 

құралдардың  сыртқы  көздері  екі  топқа  бөлінеді.  Мысалы,  халықаралық  қаржы 

ұйымдардың несиелері несиелер алу тобына және қарыздың негізгі сомасын өтеу тобына 

бөлінеді.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...