Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Лекция жинағы 

1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. 

 

1.  Бюджеттің әлеуметтік–экономикалық мәні 



2.  Бюджеттің функциялары және бюджетті құру принциптері 

 

1с.  Сан  алуан  қаржы  байланыстарында  жекелеген  ерекшеліктері  бар  айрықша 

салаларды  бөліп  көрсетуге  болады.  Мәселен  мемлекеттің  шаруашылық  субъектілерімен, 

жеке  адамдарымен  жиынтық  қоғамдық  өнімді  бөлу  кезінде  қалыптасатын  қаржы 

қатынастары құндық бөлудің ерекше саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде 

туындайтын  ортақ  белгілер  тән  және  олар  қоғамдық  қажеттерді  өтеуге  арналған 

орталықтанған  қаражат  қорын  құру  және  пайдаланумен  байланысты.  Бұл  процесс 

мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік  бюджет  экономикалық  қатынастардың  жиынтығы  ретінде  объективті 

сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде дамуы  тиісті орталықтанған ресурстарды 

қажет  ететін  қоғамдық  өндірістің  өзі  айқындайды.  Қаражаттарды  орталықтандыру  бүкіл 

ұлттық  шаруашылық  ауқымында  қорлардың  үздіксіз  айналымын  ұйымдастыру  үшін, 

жалпы экономиканың қызмет етуін  қамтамасыз ету үшін қажет. Құндық  бөлудің ерекше 

бюджеттік  сферасының  пайда  болуы  мемлекеттің  табығаты  мен  қызметтерінен 

туындайды.    мемлекетке  қоғамдық  өндіріс  қарқынын  қамтамасыз  ететін  салалық  және 

аумақтық  құрылымдар  құруға,  ірі  әлеуметтік-  мәдени  шаралар  жүргізуге,  қорғаныс 

сипатындағы  міндеттерді  шешуге,  мемлекеттік  басқарудың  жалпы  шығындарын  жабуға 

орталықтанған қаражаттар қажет.Сөйтіп мемлекеттік бюджеттің қызмет етуі кеңейтілген 

ұдайы  өндіріс  қажеттілігінен,  мемелекеттің  табиғаты  мен  функцияларынан  туындайтын 

объективті  қажеттілік.  Сонымен  құндық  бөлудің  ерекше  бөлігі  ретінде  мемлекеттік 

бюджет    -  арнайы  қоғамдық  міндет  атқарады  –  жалпы  мемлекеттік  қажеттіліктерді 

қанағаттандыруға  қызмет  етеді.  Объективті  бөліністік  қатынастардың  өмір  сүруінің  

экономикалық нысаны бола отырып мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде 

көрінеді. 

 

 



2с.  Мемлекеттік  бюджеттің  экономикалық  маңызы  жалпы  қаржы  қасиеттерімен 

сипатталады,  яғни  экономикалық  маңызды  көрсететін  әдіс  жалпы  қаржы  мен  оның 

тізбектерінде  біртиптік  функцияларға  сәйкес.  Сондықтан,  мемлекеттік  бюджет,  барлық 

қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. 

Ұлттық  табыс  пен  жалпы  ішкі  өнімдердің  құндық  бөліс  құралы  ретінде 

мемлекеттік  бюджет  осы  функция  арқылы  өзінің  экономикалық  маңызын  тікелей 

көрсетеді.  Бөліс  функциясы  арқылы  мемлекет  ауқымында  ақша  қаражаттарын 

орталықтандыру мен оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану 

іске  асырылады.  Ал  бақылау  функциясы  мемлекет  тарапына  уақытында  және  толық 

қаржы  ресурстар  түсуі,  орталықтандырылған  қаражаттар  бөлуіндегі  пропорциялар 

жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді. 

Мемлекеттік  бюджеттің  бөлу  және  бақылау  функциялары  бір  бірінен  бөлек  емес, 

неғұрлым  бірігіп,  бір  уақытта  іске  асырылады,  себебі  бұларда  бюджеттік  қарым 

қатынастың барлық жағы бейнеленеді. 

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтастық, толығу, бірізділік, 

басымдылық,  шынайшылық,  жайдарылық,  дербестік,  жауаптылық,  тиімділік  және 

нәтижелілік  принциптерге  негізделеді.  Бұл  принциптер  арасында    басты  болып 

ынтымақтастық  және  дербестік  принциптері  саналады,  олар  бюджеттік  процесті 

ұйымдастырудың да негізгі  принциптері  болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда 

айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген. 

Бюджет  экономикаға  бюджеттік  механизм  арқылы  әсер  етеді.  Бюджеттік 

механизм–  бұл  мемлекеттің  ақша  қаражаттарының  орталықтанған  қорын  құру  және 



пайдалануға  байланысты  әдістер  мен  нысандар  жиынтығы.  Экономиканы  реттеу  ақша 

қаражаттарының  орталықтанған  қорының  сандық  мөлшерін  белгілеу,  оны  құру  және 

пайдалану  нысандары  мен  әдістерін  белгілеу,  бюджеттің  қалыптасуы  мен  пайдалану  

процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асады. 

 

Меншік  нысандарының  көп  түрлілігі  шаруашылықты  жоспарлы-болжамды 



жүргізуді  қажет  етеді,  бюджет  қатынастары  қызымет  етуінің  де  осындай  нысаны  қажет. 

Бюджеттік  байланыстардың  тұрақты  сипаты,  мемлекеттің  ақша  қаражаттарының 

орталықтанған қоры қозғалысының жоспарлы нысаны бюджеттік байланыстардың тиісті 

қаржылық  құжатында  – мемлекеттің негізгі қаржылық  жоспарында  көрсетілуіне әкеледі.  

Мемлекеттің  негізгі    қаржылық  жоспарының  көрсеткіштері  Республика  Парламенті  жыл 

сайын  қабылдайтын  «Республикалық  бюджет  туралы»  заңына  сәйкес  міндетті  түрде 

орындалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік