Лекция. Ағынды реттеудiң түрлерi және мақсаттары. Су қоймалары Ағынды реттеу (Регулирование стока) табиғи және ағынды судың

Loading...


бет1/2
Дата04.02.2021
өлшемі18.12 Kb.
түріЛекция
  1   2

1 Лекция. Ағынды реттеудiң түрлерi және мақсаттары. Су қоймалары
Ағынды реттеу (Регулирование стока) — табиғи және ағынды судың көлемін белгілі бір уақыт мерзімі ішінде бөліп тарату. Жасанды су ағыны режімі (мыс., су қоймасының, бөгеттің, тоспалардың) гидротехникалық имараттар арқылы реттеледі.

Мақсаттарына, су көзінің гидрологиялық ерекшеліктеріне және су тұтынушылар құрамына байланысты ағынды реттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Ағынды реттеу әдістерінің жіктелуі:

- мақсаты бойынша;

-ағынды реттеу ұзақтығы бойынша;

-ағынды пайдалану дәрежесіне байланысты және т.б.

Мақсаты бойынша реттеу су қоймасы шаруашылықтың қандай саласын сумен қамсыздандыратына байланысты болады (энергетика, суару және т.б.).

Ұзақтығына байланысты ағынды реттеудің келесі түрлері болады: тәуліктік, апталық, қысқа мезімді, маусымды (жылдық) және көпжылдық.



Тәуліктік реттеу дегеніміз тұтынушылар талабына сәйкес тәулік ішінде Q өзен ағынын біркелкі үлестіру. Тұтыну мөлшері аз болғанда су қоймасына су жиналады, ал тұтыну артқанда су қомасынан су шығындалады. Реттеу циклі– тәулік болады.

Тәуліктік реттеу сумен қамсыздандыру мен гидроэнергетикада кең қолданыс тапқан; сонымен қатар суару үшін де қолданылады. Су қоймасының көлемі су тұтынудың тәуліктік бірқалыпты емес графигі мен тәулік ішіндегі орташа тұтыну шығынын салыстыру рқылы анықталады. Тәуліктік реттеу су жинағыштың, сорғы станциясының, сутартқыштың өлшемдерін, сәйкесінше бағасын азайтуға мүмкіндік береді. Су қоймасының пайдалы көлемі өзеннің тәуліктік ағынының 15-25% құрайды.



Апталық реттеу дегеніміз тұтынушылар талабына сәйкес апта ішінде өзен ағынын біркелкі үлестіру.

Аптасына екі күн демалатын жұмыс режиміне ауысу кәсіпорындар үшін демалыс күндерінде пайда болатын артық ағысты жұмыс күндерінде пайдалну мүмкіндігін арттырды. Толық реттеу циклі – бір аптаға тең. Негізінен өндірістік сумен қамсыздандыруда және энергетикада қолданылады.



Қысқа мерзімді ағынды реттеу – дегеніміз сутұтынушылар талабына сәйкес суқоймасынан төмен орналасқан алқаптағы су деңгейін бір қалыпта ұстап тұру үшін периодсыз қысқа мерзімде суды жіберетін реттеу түрі. Қажетті су көлемі бірнеше тәулік ішінде жиналады, ал су жіберу бірнеше сағатта жүзеге асады. Реттеудің бұл түрі ағаш ағызу, кеме жүзу кезіндегі қажетті тереңдікті жасау үшін және санитарлық, ауыл шаруышылық мақсаттарда қолданылады.

Маусымды (жылдық ) реттеу – су көп болатын кезеңдерде суды жинап, оны су тапшылық кезеңдерінде пайдалануға мүмкіндік беретін жыл ішіндегі ағынды қайта үлестіру. Су тасқыны кезінде суқоймаларына су жиналады, ал құрғақшылық кезінде су жіберіледі. Суқоймасының көлемі есептік ағын мен су тұтыну шамаларын салыстыру арқылы анықталады.

Маусымдық реттеу – бұл ағынды реттеудің кең тараған түрі. Энергетика, сумен қамсыздандыру, суару және т.б. халық шаруашылығы салаларында қолданылады.



Көпжылдық реттеу дегеніміз ағынды көпжылдық кезеңдегі қайта үлестіру. Көпжылдық реттеу жылдық баланстарды үйлестіру үшін қолданылады. Мұндағы реттеу циклі бірнеше жылға созылады. Су тапшылығы болған n-жылдардарындағы су дефициті, молшылық болған жылдары жиналған сумен өтеледі. Сонымен қатар, көпжылдық реттеудегі суқоймалары маусымдық реттеу функцияларын да атқара алады. Жасанды су қоймалары ондаған, жүздеген км3 суды сыйдырады. Көпжылдық реттеу – су ресурстарын кешенді пайдалану мақсаттарына сәйкес болатын ағынды реттеудің ең толық және жетілген түрі.

Бірнеше суқоймалар жүйесінен тұрытн ағынды реттеу каскадты (сарқырама) және өтемдік болуы мүмкін.

Суқоймалары өзен бойымен сатылы түрде рет–ретімен орналасса, ағын каскадты реттеледі.

Өтемдік реттеу кезінде суқоймалары су дефицитін өтеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...