Лекция: 15 сағат Практикалық семинар: 45 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 60сағат Алматы 2019 Алғы сөз

Loading...


бет1/6
Дата16.04.2020
өлшемі192.07 Kb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Әлеуметтік психология» пәні бойынша

(Силлабус)


Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2, кредит саны 5

Лекция: 15 сағат

Практикалық семинар: 45 сағат

СӨЖ: 30 сағат

ОБСӨЖ: 60сағат

Алматы 2019


Алғы сөз

Оқу әдістемелік кешен «Әлеуметтік психология» пәні бойынша 050103 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.



3. Пәнді оқытудың мақсаты

Пәннің мақсаты:

Бұл пәнді оқыту мынадай мақсатты көздейді- студенттердің өзінің кәсіби іс- әрекетінің әлеуметтік- психологиялық құрамасын жүзеге асыру үшін қоғамның әлеуметтік проблемаларының психологиялық аспектісін игеруі.



Пәнді оқытудың міндеттері.

  • тұлғаны әлеуметтендіру процесінің психологиялық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;

  • Әлеументтендіру негізгі институтының әлеуметтік психологиялық іс- әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;

  • Тұлғамен социумда әлеуметтік психологиялық жұмыстың практикалық білімдері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру.

4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Педагогика

Педагогика тарихы

2

Тұлғаның педагогикалық, психологиялық диагностикасы.

Дефектология негіздері.

3

Психология.

Жеке пәндерді оқыту әдістемесі.


5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика




СӨЖ

ОБСӨЖ







№2кредит

90

15

15

30

30

6 сем

Емтихан


6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы.

Лек

сем

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

I- бөлім.. Әлеуметтік психологияның ғылыми білімдер жүйесінде дамуы.













2

Әлеуметтік психология пәні туралы.

1

1

2

2

3

Әлеуметтік психологияның методологиялық негіздері.

1

1

2

2

4

Қарым – қатынастың әлеуметтік субъектілердегі өзара әрекеті.


1

1

2

2

5

Психологиялық әсерлердің классификациясы.

1

1

2

2

6

Жеке адамға қарым – қатынас субъектісінің пиктограммасы.

2

2

2

2

7

Коммникативті түсініктің мазмұны.

1

1

2

2

8

Психодраманың даму фазасы.

1

1

2

2

9

Топтар арасындағы психологиялық феномен ретінде.

1

1

2

2

10

Топты ұйымдастыру қоғамдық, топтық және даралық қажеттіліктерді қанағаттандырып, жүзеге асыру.

1

1

2

2

11

Топтағы жеке адамның рөлі.

1

1

2

2

12

Топтық динамика.

1

1

2

2

13

Топтардың даму деңгейі.

1

1

2

2

14

Топтар арасындағы қарым – қатынас.

1

1

2

2

15

Жалпы коммуникация. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.


1

1

2

2







15

15

30

30


Лекцияның Қысқаша курсы



  1. лекция.

Тақырыбы:Әлеуметтік психолгияның ғылыми білімдер жүйесіндегі дамуы.

Жоспары.

  1. Әлеуметтік психолгия пәнінің міндеттері.

  2. Әлеуметтік психологияның теориялық және эмпирикалық қайнар көзі. Г.Гиби, М.Форберг

  3. Маркстік әлеуметтік психолгияға кіріспе.

  4. Методология, феноменология, праксипология.

  5. Қазіргі кездегі психология пәніне қатысты негізгі үш түрлі көзқарастарға сипаттама.


Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

  2. Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983



  1. История зарубежной психологии МГУ1986

  2. История советской психологии труда МГУ 1983

  3. Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

  4. Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

  5. Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984


Лекция мәтіні.

Әлеуметтік психология пәні мынадай құбылыстарды қарастырады.

1.Түрлі әлеуметтік топтар (отбасы, түрлі ұжымдар т.б.), әлеуметтік қатынас жүйесі, (саяси басқару) және адам бірлік барады т.б. психологиялық процестерді қасиеттерді көңіл жүйелерді зерттейді.

2.Адамдардың өзара ықпал ету, әсерлесу феноменін зерттейді. Мысалы: ерлі-зайыптылар, жеке топ т.б.

3.Тұтас құрылым реттегі түрлі топтағы психологиялық процестер, қасиеттермен, күйлер.

4.Көпшілік мінез – құлқы өсек, сән, бұқаралық интузиазизм, апатия, қорқыныш, үрей т.б. сенімді бұқаралық психологиялық құбылыстар. Сонымен әлеуметтік индивитті және топты сипаттайтын психологиялық құбылыстарды (психологиялық процестер күйлер) зерттейді.

Әлеуметтік психологиялық зерттеудің нысанасына әлеуметтік психологиялық құбылыстарды тудырушылар жатады. Оларға: топтағы жеке адам “Жеке – жеке адам” жүйесі (ата-ана, бала), кіші топ (семья, достар т.б.), “Жеке адам – топ жүйесі” (жеке адам лидер – бағын-р), “Топ-топ жүйесі” үлкен әлеуметтік топ (партия т.б. жатады). Әлеуметтік психологияның құрылымы түрлі тарихи кезеңдері екі өзара тығыз байланысты процестердің нәтижесі болып табылады.

Дифференсация – яғни әлеуметтік психологияны тарау, бөлімге бөлу. Интеграция – мұнда әлеуметтік психологияны тек психологиялық ғылымдар мен емес сонымен қатар ғылымның басқа салаларымен байланыстырып біріктіру. Әлеуметтік психологияны бөлу үрдісі көптеген негіздерге сүйенеді. Біз бірнеше басты бағыттарды қарастырайық.

1.Көптеген әлеуметтік психологиялық құбылыстарды талдау, әдістемесінің бағыттары : теориялық, эмперикалық эксперименттерді және тәжірибелік әлеуметтік психологияны тудырады.

2.Адам өмірінің түрлі қырларын қарастыра келе әлеуметтік психологияның еңбек, қарым-қатынас әлеуметтік таным, шығармашылық ойын т.б. секілді салалары қалыптасады.

3.Қоғамдық өмірге әлеуметтік психологияның: өндірістік ауыл-шаруашылық сауда білім, спорт, өнер, салалары қамтиды. Қазіргі кезде экономика жарнамасы, туризм, әлеуметтік психологиясы қарқынды дамуды.

4.Негізгі зерттеу нысанасына сәйкес қазіргі әлеуметтік психология келесі бөлімдерге бөлінген. Жеке адам әлеуметтік психологиясы, өзара қарым-қатынас психологиясы; кіші топтар әлеуметтік психологиясы; топ аралық қарым-қатынас психологиясы; үлкен әлеуметтік топттардан бұқаралық құбылыстар психологиясы.


  1. лекция .


Тақырыбы: Әлеуметтік психология пәні.

Жоспары.

1.А.К.Уледов әлеуметтік психология объектісінің динамикалық сипаты.Әлеуметтік психологиялық теориялардың қалыптасуы.

2.Әлеуметтік психиканың табиғаты және фнуциясы әлеуметтік психология жайлы А.Г.Ковалевтің схемасы.

3. Қазақ халқындағы әлеуметтік көзқарас, әлеуметтік көзқарастың бағалану, даму жолдары.


Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.

1.Әлеуметтік психологияның пайда болуы (ХІХ 60 жылдары – ХХ ғасырдың басы). Бұл кезеңнің ерекшелігі әлеуметтік психологиялық ойлардың жаратылыстану қоғамдық ғылымда көрінуі мүмкін. Мұнда адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне адамдардың топтағы қарым-қатынасына қарым-қатынасы мен бейімділігіне көп назар аударылды. Осыған орай әскери ғылымда әлеуметтік психология салалары т.б. Батыс Елдері мен қатар халықтар психологиясы дамыды. Ал медицинада ауру адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасы зерттелді. А.К. Михайловскийдің пікірінше әлеуметтік дамудың қозғаушы күші басшы және тобыр. Өйткені басшы тобырды қалай басқарса тобыр солай іс-әрекет жасайды. Ал оған әсер етуші негізгі психологиялық факторлар: еліктеу, қоғамдық көңіл – күй, қоғамдық мұқтаждықтар, қажеттіліктер. Ресейдегі алғашқы әлеуметтік психологияға алғаш оқу құрамын жазған. В. М. Вехтер “Ұжымдық рефлексалогия” (1921). Ол әлеуметтік психологиялық фенолин ретінде: жерлесу, өзара қарым-қатынас, қарым-қатынас мәселелері.

2.Әлеуметтік психологияның дамуы (ХХ – ғасырдың 20 – 30 жылдары). Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны марксистік тұрғыдан қарастырды. Бұл мәселеге Л. Н. Вайталовский, М. Р. Рейснер, К. Н. Карнилов, Ю. В. Фракфурт т.б. өз пікірлерін айтты. Осы кезеңдегі әлеуметтік психологиялық негізгі бағыты болып ұжым мәселерін қарады. Ұжым теориясырн заңдылықтарын қарастырған әлеуметтік психологтар. Б. В. Биляев, Л. Н. Вайтоловский, т.б. Осы кезеңде балалар ұжымының құрлымын, дамуын басқару феномені, қараусыз қалған мәселесін қарастырды. Педалогия ғылымы дамыды.

3.Әлеуметтік психологияның құлдырауы (ХХ ғасырдың 30 – 50 жылдары). 1930 жылы елдегі жағдай қүрт өзгерді. Соған байланысты ғылымда өзгеретін болды. Отандық ғылым Батыс ғылымынан бөліне бастады. Бұл кезеңде:

1.Әлеуметтік психологияның теориялық қажетсіздігі.

2.Батыс елдерінің идеологиясымен сәйкестенбеуі. Әлеуметтік психологияның зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылмауы.

3.Әлеуметтік психологияға немқұрайлылық.

Алайда бұл кезеңдеде зерттеулер жүргізілді.

1.Әдістемелік мәселесі (Б. Г. Ананьев).

2.С.Н. Рубинштейн әдістемелік қағидалар – детерменизм сана мен іс- әрекет бірлігі, даму қағидасы мәдени тарихи тұжырымдар әлеуметтік психологиялық теориялық әдістемелік негіздері болды).

3.Ұжым психологиясы мәселесі. Бұл мәселені қарастырған А. С. Макаренко (“Ұстаздық дастан”. Онда ұжымдық психологияның екі түрін көрсетеді: алғашқы және кейінгі.

4.Бұл кезеңде мектеп ұжымындағы жеке адамның қалыптасуы ұжыммен жеке адамның қатынасы т.б.

Әлеуметтік психологиялық қайта өрлеуі (ХХ – ғасыр 50 – 70 жылдары). Бұл кезең ғылымдағы идеологиялық қысымның төмендеуі мен сипатталады. Психологиялық ілім физиологиядан дербес екендігін мойындатып, өз даму жолын басқарды. Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны ғылымының даму деңгейі анықталды. Басқа ғылымдармен байланысы зерттелді. Пәні мен зерттеу нысанасы негізгі ұғымдары мен заңдары анықталды. Жоғарғы оқу орнына пән рет-е енгізілді. Мамандықтар даярлана бастады. Ғылыми еңбектер мен оқу конференциялар мен семинарлар өткізілді, арнайы журнарлар шыға бастады.

Шетелдік әлеуметтік психологияның даму тарихы.

Батыс елдерінің мамандары әлеуметтік психологияны адамның мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін олардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деп қарастырады. Тарихқа сүйенсек әлеуметтік психология ХХ – ғасырдың бас кезеңінде пайда болды . Оның дүниеге келген жылы деп 1908 жылды есептейді. Өйткені осы жылы ағылшын психологы В. Мак- Даугаллдің “Әлеуметтік психологияға кіріспе” және Американ әлеуметтанушысы Э. Росстың “Әлеуметтік психология” еңбектері жарық көрді.

Адамдардың әлеуметтік мұқтаждықтары қажеттіліктерін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып адам мен қоғамның қарым- қатынасын талдайтын “Халықтар психологиясы” пайда болды. Халық психологиясының теориясы ХІХ ғасырдың орта шенінде Германияда М. Лацарусс, Г. Штейнь, В. Вундт, ал Францияда С. Сигелия, Г. Левон зерттеді.

ХХ ғасырдың 20 жылдары (В. Моде, Ф. Оллпорт) әлеуметтік психологияны экспериментті ғылымдар қатарына еңгізіліп әртүрлі топтардағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды эксперимент түрінде зерттей бастады. Осы кезеңде психологияда 3 теориялық мектеп қалыптасты:

1.Гештальт (құрылым, тұтас).

2.Психоанализ.

3.Бихевиоризм.

1960-70 жылдары эксперименттен басқа тәсілдерге көшу ұсынылды. Әлеуметтік ұйымның зерттеулерінде бақылау, коррекциялау әдістері қолданыла бастады. Батыстық әлеуметтік психологияның әдістемелік дамуы жаңа бағыттарды дүниеге әкелді.

1.Необихевиоризм (жаңа) (Э. Богардук, С. Оллпорт).

2. Неофрэйдизм (К. Корни, А. Фроим, А. Адлер т.б.).

3.Топтың динамика теориясы (К. Лебин, Р. Липпи).

4.Социометрия (Ш. Энштейн).

5.Трансактілі психология (Ф. Кимпатрик, В.Ш. Телсон).

6.Гуманистік психология (К. Роджес).

7.Когнитивті теор... (Г. Ник, Г. Брунер, М. Кун).

Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психология қамтитын лек-рі қатарына мыналар жатады:

1.Атрибуция проблема.

2.Топтық проблемалар.

3.Көмек көрсету.

4.Аттракция.

5.Әлеуметтік топта.

6.Әлеуметтік таным.

7.Әлеуметтену.

8.Бір-бірінен тығыз байланысты мәселелерді зертеу.

9.Қылмыс.



3- лекция.

Тақырыбы: Әлеуметтік психологияның методологиялық негіздері.

Жоспары.

1. Жалпы методология және жекелеген методология.

2. Зерттеу әдістерінің түрлері, топтағы бөлінуі.

3. Мәдени психологиялық тренинг әдістері.

4. Қарым – қатынастың философиялық және анторпологиялық теориясы.

5. Диалогты ұйымдастырудың негізгі мөлшері және принциптері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Әлеуметтік психология ғылымы басқа ғылымдар сияқты өз алдына ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты.

1908 жылдан бастап У.Манк – Дугол және Э.Росс еңбектері жарық көргеннен кейін бұл ғылым кеңінен таныла бастайды.

Өз жұмыстарында алғаш “әлеуметтік психология” терминін қолданды.Алғашқы әлеуметтік психология мәселелері ерте кезде философия ғылымынын зерттеулері XIX ғасырда басталды.

Әлеуметтік психология пәні топтағы қоғамдағы және тұлғаның алатын орнын зерттейді. Психология ғылымы сияқты әлеуметтік психология және тұлғаның психалық процестерін ғана емес, әлеуметттік қарым – қатынастағы ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын зерттейді.

Әлеуметтік психология әлеуметтік сана мен жалпы психаны зерттейді, әлеуметтік психология философия ғылымының құрамдас бір бөлігі болып келді, әлеуметтік психология философия, психология, социология этнография, әдебиет т.б. ғылымдармен байланыста дамиды.

Әлеуметтік психология қоғамдық сананың және тұлғаға әсері қарым – қатынас ықпалын анықтайды:

Адам мен қоғам арасындағы келіспеушілік жағдайларда болдырмау мәселелерін қарастырады.

Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі әдістемелік мәселе қамтылды:

1.Үлкен , ірі топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар жеткізіледі.

2.Кіші топтардағы психологиялық - әлеуметтік жағдайлар оларға корпарациялар, ұжымдар, топтар т.б. енеді.

3.Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік психологиялық орны, адамның өзін - өзі бағалай білуі, ұстамдылығы, бағыт – бағдары, табандылығы, ұжымшылдығы, тұрақтылығы т.б. зерттеуге мән беріледі.



Әлеуметтік психологиялық зерттеу дегеніміз – жеке және топтық субъектілердің өзара әсерлесу нәтижелерінде пайда болатын психологиялық заңдылықтарын ашу мақсатында жүргізілетін ғылыми зерттеу түрі. Әлеуметтік психологиялық құбылыстардың негізгі қайнар көзі.

а) жекелік және топтың, іс-әрекет пен қатар сипаты;

б) өмір сүру стилі мен ерекшеліктері;

в) даралық және топтық сана ерекшеліктері (әлеуметтік тоқтамдар, құндылықтар, баға пікір, қарым – қатынас, күтім т.с.с.;

г) даралық және топтық шама, сана, сансыздық (әлеуметтік ............);

д) даралық және топтық материалды және рухани іс - әрекеттерінің нәтижелері;

е) жеке адамның, топтық өміріндегі жағдайлар.

Әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдістер қатарына мыналар жатады.

1.Бақылау әдісі зерттеушінің рөліне байланысты, бақылау қатынасты және қатынассыз болып бөлінеді.


  1. Ұйымдастыруға байланысты: табиғи және лабороториялық

  2. Нәтижелерді талдау әдістері.

  3. Ақпаратты қабылдау тәсіліне байланысты.

  4. Қолдану мақсатына байланысты.

  5. Мәртебесіне байланысты.

  6. Құжаттың деңгейіне байланысты.

Әлеуметтік психологияда сауалнама әдісі пайданылады. Олар :

  1. Алдын ала ақпарат жинауға.

  2. Жаңа әдістемені тәжірибеден өткізу үшін .

  3. Алынған мәліметтерді нақтылау мақсатында.

  4. Әлеуметтік психологиялық ақпарат жинау үшін.

Жеке адамдарды топтық бағалау әдісі қолданылады. Бұл әдіс салыстыру және баллдық шкала бойынша жүргізіледі.

4- лекция.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...