Лекция-11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық


Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi



бет8/11
Дата14.09.2022
өлшемі54.67 Kb.
#290326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№11 лекция 3
ТЕСТ АГ (копия)
Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi. Егемендiк алған сәтте Қазақстанның дамуына барлық қажеттi алғышарт бар сияқты көрiндi. Атап айтқанда, негiзiнен шикiзаттық сипатта болса да республиканың жеткiлiктi дамыған индустриялдық базасы бар едi. Екiншiден, Қазақстан халқының жоғарғы бiлiм денгейi, тiптi дамыған Батыс елдерiнен олқы түспейтiн. Демек, сол уақытта Қазақстанның экономикалық және саяси жүйесiн реформалаудың халықтық азаматтық белсендiлiгiнiң көтерiлуiне ықпал ететiнi жөнiнде ешбiр күмән болған жоқ. Нәтижесiнде саяси мәдениеттiң демократиялық үлгiсiнiң қалыптасуынан үмiттенуге болатын едi.
Алайда, ақиқатында, Қазақстанның саяси мәдениетi басқа бағытта дамыды, республиканың саяси мәдениетi ендi тоталитарлық үлгiге жатпайды. Қазiр Қазақстанда да, бұрынғы кеңес республикаларының қай-қайсысында да коммунистiк режим тұсындағымен салыстырғанда мақұлдаушылық саяси мәдениеттi ұстанушылардың мүлдем аз екендiгiн кесiп айтуға болады. Алайда кеңестiк кезеңнен кейiнгi Қазақстанның саяси мәдениетiнде мақұлдаушылар үлесiнiң азаюы, олардағы белсендiлер санының күрт өсуiне әкелген жоқ. lс жүзiнде патриархалдардың үлесi айтарлықтай ұлғайды.
Өтпелi кезең басталғаннан берi (тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәттен басталады) бiздiң мемлекетiмiз нарықты қатынастар мен қоғамды демократияландыру жолына түскен болатын. Бұл дегенiңiз саяси мәдениеттiң демократиялық типiн таңдап алу деген сөз. Оған бiршама негiздер болатын: халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың индустриялануы, кен байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрi, көп мемлекеттермен қарым-қатынас жасауға ашықтық және т.б. Бiрақ шын мәнiнде, саяси мәдениеттiң дамуы Қазақстан үшiн (барлық ТМД-i елдерiндегiдей) күрделi құрылымға ие болды. Кеңестiк режимде мақұлдаушылар құрамында жүрген азаматтардың бiр бөлiгi ғана жаңа демократиялық құндылықтарды жақтаушы белсендiлердiң қатарына көштi де, халықтың бiршама бөлiгi патриархалды типтегi саяси мәдениеттi қолданушыларға айналды. Бұл жағдай кездейсоқ қалыптасқан жоқ болатын. Өйткенi, социалистiк дамудың принциптерi этникалық-мәдени дамудың маңыздылығы бар құндылықтарына терең мән бермей келген болатын. Мiне, сол жүзеге аспаған мүмкiндiктер мен мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтiк кеңiстiкке босап шығып отыр. Ендi тек сол қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн тауып қана алға жылжудың ретi келедi. Сырт қарағанда артқа кету болып көрiнгенмен бұл процестердiң де заңды негiздерi бар.
Саяси мәдениеттiң құрылымындағы патриархалданудың элементтерi тек қазiргi Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей мемлекетiнде және көптеген бұрынғы Кеңестiк республикаларда байқалады. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуi, өздерiнiң тұрмыстық хал-жағдайларын күйттеп кетуi саяси жүйенiң қарапайым халықтан оқшаулау тұруына да байланысты.
Саясаттану ғылымындағы танымал ғалымдардың барлығы дерлiк шығыстық және батыстық мәдениетке тән өзiндiк ерекшелiктер болатындығын мойындаған. Мәселен, көпшiлiкке белгiлi қазақстандық ғалымдар Ж. Алтаев, Т. Ғабитов және А. Қасабеков өз еңбектерiнде Шығыс пен Батыс мәдениетiне тән сапалық айырмашылықтарды атап көрсетедi. Бұл талдауда екi бiр-бiрiнен айырмашылығы бар дүниетанымдық ұстаным (даралық пен көпшiлдiкке бағдарланған) салыстырылады. Қазiргi Қазақстан жерiнде екеуi тоғысқанға ұқсайды.
Саяси мінез-құлық саясаттану саласының ерекше ғылыми категориясы, ұғымы ретінде жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Саяси мінез-құлық (political behaviour) – саяси процеске жеке немесе топтық қатысу немесе қатыспау. Саяси мінез-құлық- бұл билікке ықпал етуге немесе оның жүзеге асыруға кері ықпал етуге байланысты саяси қатынастар саласындағы индивидтер, топтар мен ұйымдардың белсенділігі. Индивидтерді саяси өмірге ендіру саяси әлеуметтендіру, толықтыру (рекрутиование) және етенелестіру (идентификация) арқылы іске асырылады, онда саясатқа тартудың әр түрлі деңгейлері бейнеленеді: 1) алғашқысы құндылықтар мен қалыптарды игеру; 2) өмір сүруші билік жүйесін тануы (танымауы) және қолдауы; 3) саяси алаң ішінде белгілі бір бағытты ұстануы.
Саяси ғылымдар жүйесінде зерттеудің әртүрлі ғылыми тұрғылары кездеседі және қолданылады. Дегенменде саяси зерттеулердің мүмкіндігін толық мағынадағы демократиялық қоғам ғана аша алады. Ал, басқа типте қалған жағдайларда «таптық тұрғы», «этноорталықтық өлшем» сияқты шектеулердің шеңберінен ізденуші шыға алмау қаупі бар. Зерттеушілер арасында саяси-психологиялық бағытты ұстанғандар қоғамның саяси өмірін макротоптар, яғни бұқаралық сана деңгейінде қарастыруды мақсат етіп қойған. Олар адамдардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін психосемантикалық әдістеме арқылы талдау жасап, саяси мінез-құлық мотивтері мен моделдерін анықтауға тырысады. Ал енді, саяси мінез құлықты зерттеудің тағы бір ұтымды қыры– негізінен әлеуметтік-мәдени өлшемдерге сүйенген зерттеу тәсілі. Г.Алмондтың еңбектерінде саяси зерттеудің екі деңгейі жайлы айтылады. Біріншісі – институционалдық, екіншісі – бағдарлық. Американдық зерттеушілер саяси құбылысты анықтаудың құралы ретінде бағдарларды басшылыққа алады. Олардың үш түрі бар – танымдық, эмоциялық және бағалау бағдары. Олар бір-бірін толықтыра келе саяси жүйе туралы толық мағлұмат беретінін тұжырымдайды. Мәселен, танымдық бағдар саяси жүйе мен билік туралы, оны атқарушы туралы деректер мен білімдер берсе; эмоциялық бағдар сол саяси жүйе мен билікке сезімдердің сипатын, көріністерін байқатады; бағалау бағдары саяси мінез-құлық үлгілерді қалыптастыратын пікірлер мен тұжырымдардан тұрады.
Саяси әлеуметтендiрудiң мәнi. Адам дүниеге келгеннен саяси сауатты және саяси тәжірибелі болып туылмайды. Ол бірте-бірте саяси білім мен тәжірибені жинақтайды. Саяси білім мен тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырылады. Мұндай процесті саяси тілде айтқанда саяси әлеуметтену деп атайды.
Саяси әлеуметтендiру күрделенуде, ол адамның саяси жүйемен керi байланысын сипаттайды, яғни оның ақпараттарды өз бетiнше өңдеу қабiлетi мен жеке әрекетiнде тәжiрибенi шығармашылықпен пайдалауы. Сондықтан әлеуметтендiру үшiн индивид қалай қабылдайтындығы ғана емес, ол қабылдаған идеялары негiзiнде қалай әрекет ететiндiгi де маңызды болып табылады. Саяси әлеуметтендiруде индивид өзiн сайлауда, шешiм қабылдауда, саяси тұлға рөлiн орындауда қалай ұстайтындығы да маңызды. Саяси әлеуметтендiру екi жақты процесс: 1) саяси жүйе талаптарының жеке адамның iшкi құрылымына белгiлi бiр норма, құндылықтар т.б. түрiнде өтуiн тiркейдi; 2) жеке адам бұл дәстүр мен көзқарастарды таңдап игеруi, әрi саяси әрекетiнде, билiкке ықпал етуiнде оларды пайдалануы. Сондықтан қоғамның жеке адамның саяси санасына ықпал етуi, сонымен бiрге саяси жүйенiң саяси әлеуметтендiру барысын бақылауы адамның iшкi сенiмiмен, түсiнiгiмен шектеледi.
Саяси әлеуметтендiру проблемасын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдары басталды. Алғаш рет әлеуметтену деген категорияны ғылыми айналымға американ ғалымы Ф.Гидденис пен француз ғалымы Г.Тард енгізді. Ал, саяси әлеуметтендiрудiң классикалық теориясының негiзiн салушы Д.Истон болып табылады. Ол саяси әлеуметтендiру дегенiмiз саясат саласында орындау қажет рөлдермен адамдарды оқыту процесi деп тұжырымдады. Бұл теорияны жақтаушы ғалымдар (Л.Коэн, Р.Липтон, Т.Парсонс) адамның саяси жүйемен, оның институттарымен өзара қарым-қатынастарына ерекше назарларын аударды.
Кейбiр ғалымдар (М.Хабермас, К.Луман) саяси әлеуметтендiрудi адамның жаңа құндылықтарды игеруiмен байланыстарды, сөйтiп бiрiншi кезекке iшкi адамдық сезiм, саяси сана пайда болуының психологиялық механизмi шықты.
Психологиялық талдау бағытының өкiлдерi Э.Эриксон, Э.Фромм негiзiнен саяси қызметтiң санадан тыс мотивтерiн зерттедi, олардың ойынша саяси әлеуметтендiру адамның санасы мен түсiнiгiнiң жасырын саясилануы.
Саяси әлеуметтендіру мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтеріледі. Себебі сол кезеңде батыстық саяси жүйенің негізгі институттары дағдарысқа түскен болатын. Қоғамда сыбайлас жемқорлық күшейді, нәсілдік кемсіту жойылмады, саяси билікке адамдар қанағаттанбады. Бұл билік институттарына сенімсіздікті, саяси абсентеизмді, билікке жаппай қарсы шығуды күшейтті. ХХ ғасырдың 70 жылдары Батыс Европада соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар күшейді. Бұрынғы құндылықтар /жеке табыс, байлық/ өз мәнін жойды. Мысалы, хиппилер қозғалысы. Ғалымдар осы құбылыстардың мәнін ашу үшін бар күштерін салды. Бұл саяси әлеуметтендіру мәселесінің өзектілігін тудырды.
Сонымен саяси әлеуметтендiру көптеген ғалымдардың айтуы бойынша адамның саяси кеңiстiкте өзiн-өзi ұстауына, белгiлi бiр билiк қызмет атқаруына көмектесетiн сала. Саяси әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды:

  • жеке адамның белгiлi бiр норма, құндылық, күткен рөлiн игеруi;

  • белгiлi бiр саяси әрекет, мiнез-құлық түрлерiн қолдануы.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

  • қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

  • қоғамның мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

  • саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Д.Истон мен Дж.Деннис саяси әлеуметтендіруді 4 кезеңге бөледі:

  1. саясаттану, яғни баланың ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын сезінуі;

  2. жекелеу, мұнда бала саяси билікті президент, полицейлер тұлғасы арқылы жекелеп сезінеді;

  3. дәріптеу, яғни саяси қайраткерге тек жақсы қасиеттерді тану;

  4. институттандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы (партия, сот, парламент, әскер т.б.) қабылдау.

Әлеуметтенудiң мәнi– адамның белгiлi бiр бiлiм жүйесiн, құндылықтары мен заңдылықтарын меңгерiп, қоғамның толыққанды және тең құқылы мүшесi ретiнде қызмет атқаруы.
Саяси әлеуметтену саясаттануда бiрнеше анықтамаларға ие, мәселен:

  • саяси әлеуметтендiру– бұл индивидтi саяси жүйеге ендiру;

  • саяси әлеуметтендiру– бұл тұлғаның қоғамда жинақталған әлеуметтiк және саяси тәжiрибесiн бойына сiңiруi, сондай-ақ мәдени әдет-ғұрыптар, топтың және жалпыұжымдық құндылықтар, саяси iс-әрекеттiң статустық және рөлдiк нормаларын меңгеруi;

  • Саяси әлеуметтендiру– бұл белгiлi бiр қоғам мүшесi ретiнде адамның интеграциялануы мен игеруi арқылы жүретiн процесс, яғни қоғамға тән саяси мәдениеттiң негiзгi элементтерiн меңгеру процесi.

Саяси әлеуметтендiру түсiнiгiн екi негiзгi мағынада түсiндiруге болады:
1) жеке адамның саяси пiсiп жетiлуi, оның саяси ”Менiнiң” қалыптасуы;
2) саяси көзқарастар, идеялар құндылықтар процесiн бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа, бiр әлеуметтiк топтан және қауымдастықтан келесi бiр әлеуметтiк топ пен қауымдастыққа беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде