Лекция-11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық



бет7/11
Дата14.09.2022
өлшемі54.67 Kb.
#290326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№11 лекция 3
ТЕСТ АГ (копия)
Либералды-демократиялық модельдегi саяси мәдениет пiкiрлер алуан түрлiлiгiн жоққа шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды iздейдi. Бұл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бұл да идеологияның бiрi болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық мәселелердi шешуге болады деген желеумен тарихи қалыптасқан дәстүрлi құндылықтардың құнарлы жақтары да ұмытылып кететiн кездерi де болады. Өйткенi, бұндай саяси мәдениет әлемдiк кеңiстiктегi саяси тәжiрибенiң кейбiр үрдiстi тұстарын механикалық түрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық және дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн жағдай.
Саяси мәдениеттi кейбiр зерттеушiлер басқа түрде жiктеп, олармен құндылықтық бағдарлардың байланысын анықтап жүр. Мәселен, Габриэль Алмонд пен Сидней Верба өздерiнiң «Азаматтық мәдениет» (1963ж.) деген еңбектерiнде саяси мәдениеттiң типологиясын жасай отырып, оларды қоғамдағы негiзгi саяси құндылықтармен тығыз байланыста болатынын көрсетедi. Бұл зерттеушiлер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және Италия елдерiнде кең тараған саяси құндылықтарға компаративистiк талдау арқылы саяси мәдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi. Әсiресе, осындай жағдай Африканың тайпалық қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi мекендерде жиi кездеседi. Олар негiзiнен өздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды.
Екiншi типтi мақұлдаушылар деп атайды. Бұл саяси мәдениеттiң құрылымына мемлекеттегi заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз. Олар қоғамның саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған нұсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей араласуын қаламайды. Бұл авторитарлы қоғамда кеңiнен тараған саяси мәдениеттiң формасы.
Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендi түрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Әрине, бұл үш типтi де бiр қоғамнан кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тұтас саяси мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi типке жататындардың саны көбейе түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде