Лекция-11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық


а) Саяси сана саласында саяси мәдениет мыналарды қамтиды



бет4/11
Дата14.09.2022
өлшемі54.67 Kb.
#290326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№11 лекция 3
ТЕСТ АГ (копия)
а) Саяси сана саласында саяси мәдениет мыналарды қамтиды:
 субъектiнiң саяси өмiрге қызығушылық денгейi (қызығушылық жоғары, орта, төмен болуы)
 субъектiнiң саяси санасының даму денгейi
 жалпы саяси жүйеге, оның жекелеген институттарына, олардың рәмiздерiне қатынас;
 саяси процестiң басқа қатысушыларына қатынас (қолдау немесе қарсылық)
 саяси акцияларға қатысуға даяр болу денгейi
 «саяси ойын ережесiн» бiлу денгейi (мүмкiн және мүмкiн емес жағдайлар)
 саяси және саяси-идеологиялық өзiн-өзi етенелестiру сипаты
 саяси тiлі;
б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды:
 қоғамның саяси өмiрiне қатысу формасы мен денгейi (митинг, шеру, саяси көтерiлiс, партиялық қызмет)
 мемлекеттiк институттармен өзара әрекет формалары мен денгейi (конфронтация, әрiптестiк, әрiптестiк емес)
 азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет формалары мен денгейi (саяси партия, қозғалыстар)
 саяси процесс субъектiлерiмен өзара әрекет формалары мен денгейi
 электоралды мiнез-құлық түрлерi
в) институттық денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды қамтиды:
 саяси жүйенi басқару әдiстерi (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық)
 саяси шешiмдi қабылдау және жүзеге асыру әдiстерi
 әлеуметтiк-саяси жанжалдарды реттеу әдiстерi
 электоралдық процестер түрлерi (сайлау ұйымдастыру формалары мен әдiстерi)
 ұлттық мүдделердi қорғау тәсiлдерi (күштеу және мәжбүр ету, мәмiлеге келу).
Саяси сананың iшiнде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмiрiнiң әртүрлi жақтарын бейнелейтiн әдеттегi қалыптасқан түсiнiктерi жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртiп, билiк тетiктерi мен басқару, шешiмдердi қабылдау мен iске асыру, билiк өкiлеттiгiнiң иелерi, саяси өмiрдегi өз орны, саяси қызметке қатысудың қүдiреттiлiгi мен тиiмдiлiгi жөнiндегi және тағы сол сияқты түсiнiктердi қамтиды.
Саяси мәдениеттiң келесi құрамдас бөлiгiне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.
Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi  адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немiстер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет бiлдiредi. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк деп санайды. Сондықтан онда бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде оған үйренiп кеткен, оның ешқандай сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кiредi. Ол субъектiнiң саяси құбылыстарға қатынасын бiлдiредi. Ол саяси бiлiмiн көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрiнiс табуы мүмкiн.
Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екi жапондық кездессе бiр-бiрiне иiлiп сәлем бередi. Сонда ол елдiң ғұрпын бiлетiн адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бiрден байқайды. Себебi ол төменiрек иiледi.
Саяси мәдениеттiң ерекше белгiсiне саяси рәмiздер жатады. Әр халық өздерiнiң ғасырлар бойғы дәстүрлерiне сай ұлттық-мемлекеттiк рәмiздерiн жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгiлерi және т.б. енедi.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң мәдениеттiлiгiн қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде