Лекция-11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық


Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық



бет2/11
Дата14.09.2022
өлшемі54.67 Kb.
#290326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№11 лекция 3
ТЕСТ АГ (копия)
Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) бағдарлық, тұрғындардың саяси обьектiге бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.
Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де бар. Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды.
Осы кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке берiлген анықтамалардың бiрнешеуiн талдап көрейiк. Поляк саясаттанушысы Ежи  Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет  ол үкiмет пен азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады
а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы
б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу
в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпендiлiк
г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi.
Ал, ғалым Е.С. Шестопал саяси мәдениетке анықтама бере отырып, оны төрт топқа бөледi:
1 «Психологиялық», саяси мәдениет  саясат объектiсiне бағыт берушi жүйе;
2 «Жалпыкөлемдiк» бойынша саяси мәдениет  жеке адамның саяси мiнез-құлқының құрылымы;
3 «Объективтiк» анықтама бойынша саяси мәдениет  жеке адамның тежеуiшi;
4 «Эвристикалық» бағыт саяси мәдениет сараптау мақсатында қолданылады деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде