Лекция 1 matlab пакетінде сандық Әдістер кіріспе



бет1/2
Дата22.09.2021
өлшемі35.5 Kb.
түріЛекция
  1   2

Лекция 1

MATLAB ПАКЕТІНДЕ САНДЫҚ ӘДІСТЕР

КІРІСПЕ

Matlab - бүгінгі таңдағы кең таралған, автоматтандырылған математикалық есептеулер жүйесі. Онда көптеген математикалық есептеулер тек дайын функцияларды пайдалану жолымен шешіледі. Бұл жүйе жалпы матрицаларға амалдар қолдануға негізделгендіктен оның аталуы «MATrix LABoratory», яғни «матрицалық лаборатория» сөзінен келіп шыққан. Бұл жүйе 70 – жылдарда С.В.Молер тарапынан ойлап табылған және ол сол кезде-ақ үлкен есептеу машиналарында қолданыла бастаған. Ал 80 – жылдардың басында MathWorks. Inc фирмасында Джон Литтл IBM PC Macintosh дербес компьютерлер үшін PC Matlab версиясын жасады.

Matlab бүкіл адамзат тарихындағы математикалық есептеулер саласындағы барлық әдістерді қамтиды және күшті есептеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің артықшылығы, яғни құрамына енетін функцияларды (мәтін түрінде жазылған М-файлдар және С түрінде жазылған бағдарламалар арқылы) өзгертуге, қосымшалар енгізуге болады. Сондай-ақ сандық есептеулерден басқа графикалық функциялармен (екі өлшемді, үш өлшемді) орындауға болады.

Matlab жүйесінің мүмкіндіктері өте үлкен және оларды толық сипаттап жазу қиынға түседі. Сол себепті олардың тек негізгі, көп қолданылатын мүмкіндіктерін атап көрсетеміз.

Математикалық есептеулер саласында: матрицалық, векторлық, логикалық операциялар; элементарлық және арнаулы функциялар.

Сандық әдістер саласында: дифференциялдық теңдеулерді шешу; интегралдарды есептеу, сызықтық емес алгебралық теңдеулер түбірін табу; бірнеше айнымалы функцияның минумымын табу; бір немесе көп өлшемдік интерполяция.

Бағдарламалау саласында: 500-ден астам математикалық функциялар; екілік және мәтіндік файлды ендіру және шығару; С және Фортран тілінде жазылған бағдарламаларды пайдалану; Matlab тілінде жазылған бағдарламаларды С және С++ тілдеріне автоматты түрде өткізу.

Визуалдау және графика саласында; екі және үш өлшемдік графиктер сызу; мәліметтерді визуалдық сараптама жасау және анимация.

Matlab мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша пакеттер. Simulink - виртуалдық приборларды пайдаланып процестерді модельдеу; математикалық есептеу пакеттері; сигналдар мен кескіндерді өңдеу пакеттері; қаржылық есептеулерді шешу; карталар мен географиялық мәліметтермен жұмыс істеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар