Лекция №1 Алты жасар балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата30.09.2021
өлшемі384.47 Kb.
#83046
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция-1
психология


Лекция № 1 

 

 Алты жасар балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері 



                                         

    Жоспары: 

1.  Мектепке-алты жастан бару педагогикалық проблема ретінде. 

2.  Алты жасар балаларды мектеп ӛміріне тартудың мақсаты.  

3.  Алты жасар балалардың жеті жасар балалардан 

психофизиологиялық айырмашылықтары.  

Алты  жасар  балалар-балалар  мемлекетіндегі  ерекше  халық.  Сондықтан 

мына  біздерге,  олардың  мұғалімдері  мен  тәрбиешілеріне,біріншіден,  осыған 

байланысты қандай проблемалар тууы мүмкін екенін; екіншіден, партада дәл 

жеті  жасар  немесе  нақ  солар  сияқты  балалар  емес,  басқа  балалардың 

отырғандығын  толық  сезіне  отырып,  олармен  басқаша  жұмыс  істеу 

керектігін;  үшіншіден,  ӛзінің  педагогикалық  позицияны  және  оқытудың, 

тәрбиелеудің,  ең  бастысы  алты  жастағы  балармен  жұмыс  жүргізудің  сол 

позиция тудырып отырған формалары мен тәсілдерін анықтай білу керек. 

Алты  жасар  балалар  мұғалімдерінің,  мына  біздердің  басымызға  тән 

қандай  қасиеттеріміз  болуы  керек?  Ӛзіме  солардың  ең  бастылары  болып 

кӛрінгендеріне тоқталмақпын. 

Біріншіден,  біз  мейірбанды  адамдар  болып,  балаларды  қаз  қалпында 

сүюге  тиіспіз,  шолжаңды  да,  тіл  алғышты  да,  ақылдыны  да,  миғұланы  да, 

жалқауды да, ынталыны да бірдейжақсы кӛруіміз керек. Оның үстіне тағы да 

біз ӛзіміздің жан шуағымызды әрбір нақты жағдайға сәйкес шәкірттерімізге 

алаламай,  тең  үлестіруіміз  керек.  Балаларға  деген  мейірімділігіміз  бен 

махабатымыз  ішкі  жан    күйзелісіміздің  кӛрінісі  ғана  емес,  сонымен  бірге 

баламен  немесе  бүкіл  класпен  қарым-қатынасымыздың  педагогикалық 

қызметіміздің ең басты дәлелі, стимулы болуы тиіс. 

Балаларға  деген  мейірімділік  пен  сүйіспеншілік  олармен  дӛрекі 

сӛйлесуге,  олардың  жеке  басы  мен  намысына  тиюге,  ұрсып,  қорқытуға, 

олардың  әрқайсысының  қайғысына  ортақтасып,  қуанышын  бӛліспеуге, 

оларға  тез  арада  кӛмекке  келмеуге,  күдік  тудыруға  жол  бермейді.  Жаны 

жайсаң, баланы жан-тәнімен  жақсы  кӛретін педагог  жиі күлімсірейді,  сирек 

ренжиді, ол нағыз ұстазша тіршілік етіп, ӛзінің кәсіби бақытына ие болады. 




Екіншіден,біздер,балаларды  түсіне  білуіміз  керек.  Бала  кішкентай 

болғанымен  оның  ісі  мен  қаракеті  үлкен.  Балаларды  түрлі  ғылымға  баули 

отырып,  біз  оларға  ойынға  жан-тәнімен  берілген  балаларға  қарағанда 

маңызды  тәрбие  бердік деп жорамалдаймыз  ғой.  Егер бала  ӛзінің ойыншық 

қола  солдатын  жоғалтып  алып,  соған  жылап  тұрса,  онда  ол  біз  ӛзіміздің 

жақсы  кӛретін  әрі  қажетті  затымызды  жоғалтқан  кезде  ӛкінгенімізден  кем 

қапаланбайды. Балалар тыным таппай минут сайын, сағат сайын, күн сайын, 

ӛзінше тіршілік етіп жатады. Сӛйтіп олардың ӛміріне арнап, біз дайындаған 

педагогикалық формуланың олар үшін ешқандай мәні болмайды. Егер біз ӛз 

балаларымызды  шынында  да  нағыз  адам  етіп  ӛсіргіміз  келсе  ондаолардың 

бүгінгі  бал  дәуренің  тоқтатып,  ӛздерінің  болашақтары  туралы  елеулі  түрде 

ойлауға мәжбүр ету тіпті де міндет емес. Балаларды түсіну дегеніміз - демек 

олардың  позициясында  тұру,  олардың  сезімін  бағалап,  қам-қарекетімен  ісін 

елеулі (олардың шын екені де рас) түрде қабылдау,олармен санасу деген сӛз. 

Олардың  қам-қарекеттері  мен  істеріне  немқұрайлы  емес,  ілтипатпен  қарап, 

мүдделі,  іскерлік  кӛңіл  білдіру  керек.  Балаларды  түсіну  дегеніміз  –  оларға 

ӛктемдік  кӛрсетпей,  олардың  бүгінгі  тіршілігін  тірек  ете    отырып,  ертеңгі  

тіршілігінің  ӛркенін  жаю  деген  сӛз.  Баланың  кӛңіл  құбылысы  мен  жүрек 

тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне отырып, әрі балалар ӛміріне 

ӛзінің  ең  жақын  адамындай  қоян  қолтық  араласа  отырып,  педагог  баянды 

тәрбиеге  қол  жеткізе  алады.  Мұндайда  баланың  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеуде 

педагогтың жақтасы болып шығады. Балаларды түсіну дегеніміз – кішкентай 

адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру деген сӛз. 

Үшіншіден,  біз  оптимистер  болуымыз  керек.  Біз  ӛзіміздің 

педагогикамызға,  тәрбиенің  жасампаздық  күшіне  сенуіміз  керек,  әрі  сенуге 

міндеттіміз.  Қайсыбір  педагогтың  жекелеген  балалардың  қыңыр  мінезі 

алдында қол қусырып ( «Осыған ештеңе істей алмай-ақ қойдым»), бала ойы 

жетілуінің уақытша тежелеуіне байланысты оның қабілетіне сенбейтіндігі де 

(«Бұдан  түк  шықпайды»)  кездесіп  қалады.  Тәрбиелеу  мен  білім  берудегі 

пессимизм баланың жарқын болашағын тірілей жерлеумен бірдей; тек біздің 

оптимизміміз  ғана  баланы  жігерлендіріп,  оның  бойындағы  бұйығы  жатқан 

күштерді оятады. Әңгіме әрине ұстаздың: баланың ақылы әлі-ақ кіріп, ойлау 

қабілеті  оянады,  содан  кейін  тәрбие  ісімен  шұғылданып,  сана-сезімін 

жетілдіруге  кірісуге  болады  деп  дәмеленіп,  қол  қусырып  отырған  кезіндегі 

филантропиялық оптимизм жайында болып отырған жоқ. Әңгіме педагогтың 

баланың ӛзіндік ішкі жан дүниесін терең барлап, осыған орай оны түлетудің 

–  тәрбиелеудің,  оқытп,  дамытудың  методикалық  жолдарын  іздестіретін 



пәрменді  оптимизм  жайында  болып  отыр.  Пәрменді  оптимизм  педагогтан 

тұрақты творчествоны, талмай ізденісті талап етеді. 

Тӛртіншіден,  біз  болашақтың  адамын,  жаңадан  қалыптасқан  адамды 

бейнелеуге  міндеттіміз.  Коммунистік  сенім,  биік  азаматтық,  ортақ  іске 

берілгендік,  халық,  партия,  мемлекет  алдыңдағы,  балалар  алдыңдағы, 

адамзаттың  болашағы  алдыңдағы  ӛзіміздің  қалтқысыз  парызымызды  сезіну 

бізді  осындай  адам  етеді.  Біздің  әрқайсысымыз-жүздеген  тағдырдың 

туындаушысымыз  біздің  шәкіртттеріміздің  бақыты  ұста  дүкеніндегідей 

кластармызда  шыңдалады.  Ӛзіміздің  педагогикалық  еңбегімізге  біз  ӛз 

Отанымыздың қуатын одан әрі нығайту, ӛз қоғамымызды одан әрі гүлдендіру 

тұрғысынан қарауға тиіспіз. Біздің жадымызда, бәрі де, күлкі де, қатыгездік 

те,  ұстамдық  та,  қарапайымдылық  та,  китген  киіміміз  де,білімімізде, 

сергектік  те,  адалдық  та,  интеллектілік  те,үйірімділік  те,  ӛмірге  деген 

сүйіспеншілік те ӛріліп тұруы тиіс. Адамдағы кісілер ұнаған таңдаулы қасиет 

атаулының бәрі бізге тән болуы керек. 

Білім беріп тәрбиелей отырып, мұғалім балаларды бұрынғы және қазіргі 

ұрпақтардың материалдық және рухани байлықтармен таныстырады. Алайда 

осы қалай ӛтеді? Мұғалім – бала мен әлгі байлықтардың арасындағы дәнекер, 

тек  мұғалім  арқылы  ғана  балалар  ӛмірді  біліп,  адамдарды  таниды.  Бұл 

жердегі  «арқылы»  дегеніміз  түрлі  байлықтардың  білімнің  моральдық-

этикалық  нормалардың  балаларға  ӛңделген  түрінде  жетпейтінін,  тек 

мұғалімнің ӛзіне ғана тән қасиеттерді, оның бағаларын,қарым-қатынастарын, 

ӛмірге кӛзқарасын ӛзек ететінін білдіреді.адамгершілігі бар ұстаз балаларды 

білімге  баулумен  бірге  оларға  ӛзінің  мінез-құлқын  да  дарытады,  олардың 

алдында кісіліктің үлгісі ретінде тұрады. 

Балаға  мұғалімсіз  білім  жоқ.  Егер  кішкентай  балдырған  ӛз  ұстазын 

ұнатса  онда  ол  білімге  де  құмарта  түседі.  Егер  ол  ұстазын  ұнатпай,  одан 

қорқатын  болса,  ӛзіне  дос  санамаса,  онда  бала  үшін  білім  құнын  жояды. 

Балалардың  махаббатына  ие  болу  алғашқы  мұғалімнің  (одан  кейінгілердің 

де) ең маңызды міндеті, ӛйткені ӛз мұғаліміне деген махаббаты арқылы ғана 

бала білім әлеміне бойлап, қоғамның моральдық байлықтарын игереді. Білім 

беру  мен  тәрбиелеудің  әдістері,  тәсілдері,амалдары,  формалары  мұғалімнің 

балаларға  деген  махаббатынан  жылылық  тауып,  адамгершілік  сезіміне 

қаныққан  жүрегінен  ӛткеннен  кейін  ғана  нәзік,  икемді,мақсатты,  әрі 

сондықтан  тиімді  болады.  Егер  ең  бастысы  осы  әдістерді  пайдаланатын 

ұстаздың  қандай  адам  екені,  оның  жан  дүниесі  мен  жүрегі  қандай  екені 




белгісіз  болса,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  тиімді  әдістері  жайлы  сӛз 

қозғауға болмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру