Лат оіkos – үй, баспана; logos – ілім


Гомойотерімділерде температураның реттелу механизмімен, шағаланың аяқ температурасы «Ғажайып тор» бойынша түсіндіріңіз



бет9/11
Дата16.01.2017
өлшемі1.25 Mb.
#200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5 Гомойотерімділерде температураның реттелу механизмімен, шағаланың аяқ температурасы «Ғажайып тор» бойынша түсіндіріңіз
Жылу шығару механизмдерi Организмдегi зат алмасу жылудың үнемi бөлiнiп отыруына әкеледi. Энергияның негiзгi көзi - тотықтану, қосымша - гликолиз. Бұлар химиялық процестер. Экзотермиялық сипаттағы энергияның бiршамасы (40%) аденозинүшфосфат кышқылы молекуласына жиналады, ал көбiсi (60%) жылуға айналады. Организмге суық әсер еткен жағдайларда денеден жылу шығаруды көбейтетiн бiрнеше физиологиялық өтеу реакциялары iске косылады. Солардың iшiндегi тиiмдi бiреуiне ерiктi бұлшық ет әрекетi жатады. Ерiктi бұлшық ет әрекетi арқасында организмнің энергия алмасуы 10 есеге артады. Жұмылдырылған барлық энергияның бір бөлiгi организмнiң сыртқы жұмысына жұмсалады. Осымен қатар қандай болмасын қимылдарда денеден жылудың бөлiнуi күшейедi. Екiншi бiр жылу шығаруды жұмылдыратын өтеу реакциясы - суықтан дірілдеу. Суықтан дiрiлдеу деп аталатын қаңқа еттерiнiң ерiксiз жиырылуы энергия алмасуын 2-4 есеге өсiредi де, жұмылдырылған барлык энергия жылуға айналып организмде сақталады. Жылуды беру механизмдерiЖылуды сыртқы ортаға берудiң физикалық механизмдерi: 1) өткiзу; 2) сәулелену; З) булану. Жылуды беру кондукция және конвекция кұбылыстарымен iске асырылады. Қимылсыз жағдайда жылы денеден салқын денеге жылудың төтенше берiлетiн жолын - кондукция деп атайды (мысалы, адам жалаң аяқ еденде тұрғанда немесе қимылсыз отырғанда жылудың берiлуi). Дене мен ауа козғалыста болған жағдайда жылудың берiлетiн жолын - конвекция деп атайды (мысалы, желпiну, жугiргендегi желпiну). Конвекция механизмi кондукцияға қарағанда қуатты механизм.
6 В.Н. Беклимишев (1951) бойынша биотикалық байланыстарды жіктеу

В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді: а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық. Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды. Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды. Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).

Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.


7 Ю.Одум (1986) бойынша биотикалық байланыстарға сипаттама



Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр.


8 Популяцияға негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз

Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» -халық,тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан. Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді.Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы. Оларға мыналар жатады: 1.Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны. 2.Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы. 3.Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны. 4.Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны. 5.Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық. 6.Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу. Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып,популяция жүйесін құрады. Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық


9 Түрлік құрлымы сипаттайтын көрсеткіштер. Доминанттар мен эдификаторлардың ролі.

Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі. Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізіп алады: Түрдің өте көп болуы –бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны. Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықты біртекті немесе әртүрлі таралуында. Доминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.


10 Этологиялық құрылымға анықтама

Этология(грек. ethos – әдет-ғұрып, мінез және logos – ілім) – жануарлардың мінез-құлқының биологиялық негіздерін зерттейтін ғылым. Этология ғылымы алғашқыда зоопсихология деп аталып, 20 ғасырдың 30-жылдары өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты. Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Популяциялар этологиялық құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар этологиялық құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық , физиологиялық , мінез- құлықтары және генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын көрсетеді



11 Трофикалық деңгейлер және ондағы продуценттер, консументтер және редуценттердің орнын

көрсетіңіз










Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды. Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады. Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды. Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.
12 Қоректік тізбектегі жылу энергиясының ағымын сипаттаңыз

Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды. Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.


13 Бірінші, екінші және үшінші трофикалық деңгейлерге анықтама беріңіз

Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен тірі немесе өлі күйінде сондай ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды .Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат жіне энергия ағымының белсенділігімен сипатталады. Мәселен жасыл өсімдіктер-бірінші трофикалық деңгейді тузсе, фитофактар- екінші ал жануарлар тектес қоректілер ушінші деңгейлерді тузеді.


14 Автотрофтар, гетеротрофтоар, редуценттерге сипаттама.

Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады. Гетеротрофтар (гетеротрофы); (грек, heteros — басқа, trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — қоректенуге дайын органикалық заттарды (протеиндерді, майларды, көмірсуларды) пайдаланатын организмдер (гетеротрофты организмдер). Гетеротрофты организмдерге адам мен барлық жануарлар (жәндіктер), кейбір өсімдіктер, микроорганизмдер (бактериялардың көпшілігі), саңырауқұлақтар жатады.[ Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушыларөлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. РРедуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек Редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биол. тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.




15 Популяция құрылымына анықтама

Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен» сипатталады 1. Жалғыз немесе отбасылық 2.Топтық. Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасының қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады - ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).


16 Биоценоз құрлымын жіктеңіз

Биоценоздың түрлік құрылымы- бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі. Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізп алады: Түрдің өте көп болуы- бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дмі суда немесе тоғандардағы саны. Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықты біртекті немесе әртүрлі тралуында. Доминантталу көрсеткіші- қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді. Биоценоздың кеқістіктік құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің- фтоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады. Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосалыс тән. Ярусты дегеніміз- жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы ) және басқалар. Мозаикалыққа- өсімдіктердің горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы, микроценоздар, парцелдар және т. б.).

Биоценоздың экологиялық құылымы. Биоценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының қатынасымен анықталады.
17 Пирамида саны туралы ұғымға сараптама

Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады: 1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны. 2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы. 3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері. «Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.


18 Мутация, генотип және фенотипке анықтама

Мутация[1] (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. 'Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі.

Генотип[1] (ген және гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы.

«Генотип» терминін 1909 жылы даниялық генетик В.Иогансен ұсынған. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады.

Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип организмнің тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол организмнің дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминің алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен (1857 – 1927) ұсынды. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Генотип пен Фенотип арасында нақты түрдегі байланыс болмайды, яғни генотиптің өзгеруі әрқашан Фенотип тің өзгеруімен қатар жүрмейді (немесе керісінше).
19 Су өсімдіктері туралы түсінік және гидро-, гигро- және ксерофиттерге анықтама.

Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер. Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер. Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі. Мезофиттер – аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.


20 Экологиялық адаптацияға анықтама. Адаптация түрлері.

Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.


21 Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз түсінігіне жалпы сипаттама

Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.

Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.


22 Биогеоценоз (экожүйе) құрлымын схемамен көрсете отырып түсіндіріңіз

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз екі блоктан тұрады: 1)«биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция); 2)«биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы. Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады. Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады. Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.

Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:

I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.

IV- ірі жыртқыштар.

23 Бірлестіктің жалпы биомасса жинақтау процесіне сипаттама

Биомасса (гр. bios - өмір және масса) — бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроорганизм және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы; аудан немесе көлем (г/м2 немесе г/м3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері. Өлшем бірліктері: кг/га, г/м2, г/м3, кг/м3, т.б. Өсімдіктердің биомассасы фитомасса, жануарлардың биомассасы зоомасса деп аталады. Экожүйеде энергияның таралуы мен орташа биомассаның арасындағы байланысты анықтау үшін Дж/м2 өлшемі пайдаланылады. Құрлықтағы гетеротрофты организмдердің ішінде топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің биомассасы өте жоғары болады. Атап айтқанда, жауын құртының тіршілік ету ортасына байланысты биомассасы 200 — 1500 кг/га аралығында болады. Сүтқоректілер мен құстардың орташа жылдық биомассасы 1 — 15 кг/га (бірақ бұл көрсеткіш құстардың қыстауы мен қоныс аударуы кезінде жоғары болады). Биосферадағы тірі организмдердің жалпы биомассасы, әр түрлі есептеулерге қарағанда 1,8х1012 — 2,4х1012 т болуы мүмкін. Биомасса пирамидасы (Пирамида биомасс) — экожүйедегі өндіргіштердің, тұтынушылардың (бірінші реттік, екінші реттік), ыдыратушылардың олардың массаларында (сандарында — Элтон сандары пирамидасы) көрсетілген және графикалық үлгімен (экологиялық пирамидалар деп аталатын) кескінделген ара қатынасы. Жер бетіндегі экожүйелерде өндіргіштердің салмағы (аудан бірлігіне және абсолютті) тұтынушьшардың салмағынан көп, ал бірінші реттік тұтынушылар екінші реттіктен көп және т.б., сондықтан да графикалық үлгі пирамида торіздес болады.
24 В. И. Вернадский бойынша планетадағы тірі заттың негізгі сипаты, спецификалық қасиеттері мен ерекшеліктері туралы ұғымды түсіндіріңіз

Биосфера туралы ілімді Жер химиясын тіршілік химиясымен байланыстырып, жер бетін өзгертудегі тірі заттардың ролін белгілейтін жаңа ғылымның – биогеохимияның негізін қалаушы академик В.И.Вернадский (1863-1945) жасады. Ілімнің негізі оның «Биосфера» кітабында (1926) баяндалған. В.И.Вернадский тірі заттың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы кезінде химиялық және физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды. Биосфераның белгілі шекарасы бар. Жоғарғы шекарасы жер бетінен 15-20 км биіктікте орналасқан. Ол стратосфера қабатымен өтеді. Тірі организмдердің негізгі салмағы оның төменгі қабаты - тропосферада орналасқан.


25 Озон қабаттарының бұзылуына байланысты өткізілген әлемдік шаралар

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот қосындылары жатады. Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi. Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде. Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды
26 Озон тесігінің пайда болуынан биосферада елеулі өзгерістер

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді. Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.


Каталог: ld
ld -> Германия федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ассеss программасымен танысу. Сабақтың мақсаты: Дамытушылық
ld -> Пгк информатика $В$8 ұяшық адресінің түрі қандай? Абсолютті адрес
ld -> Реферат: Линзалар. Жалпы мәлімет. Орындаған: Түменбаев Әділбек Тексерген: Шакенов Қанат Серікұлы Кіріспе
ld -> Ii iii Локалдық және бүкіләлемдік желі
ld -> Internet желісі
ld -> Оқулық, 4 тақырып. 1 4 тармақтар. Кесте құрылымын жасау
ld -> СӨздікпен жұмыс
ld -> Желідегі кез келген компьютерден “Мой документы” бумасынан мәтіндік файлды ашып оқыңдар
ld -> Экологияның даму тарихы Экология


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы