Лат оіkos – үй, баспана; logos – ілім


Әртүрлі энергия көздерін, қандай да бір қалдықсыз альтернативті энергия көздерімен алмастыруға бола ма және оны мысалдармен сараптаңыз



бет7/11
Дата16.01.2017
өлшемі1.25 Mb.
#200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әртүрлі энергия көздерін, қандай да бір қалдықсыз альтернативті энергия көздерімен алмастыруға бола ма және оны мысалдармен сараптаңыз

Альтернативті энергияны әр түрлі табиғи көздерден алуға болады соның бірі бәрімізге ортақ күн жылуына ерекше тоқталғым келіп отыр. Күннің сарқылмас энергия көзі екені барлығымызға мәлім тек оны  толықтай игере алмаудамыз күн салмағы ыстық газдардан тұратын, айналасына жылу және сәулесін түсірген бір жұлдыз болып қабылданады. Күдіксіз, өте күшті жылуға ие. Күннен шыққан энергияның тек 2 миллионнан бір бөлігі жер шарына жете алады. Күннің жылуы 8,5 минутта жер шарына жетеді. Үш күндік түскен күн жылуы дүниедегі барлық мұнай, көмір және ормандардан алынатын энергиямен тең. Күннің құрамы түгелімен сутек пен гелийден тұрады. Сутек мөлшері 75 пайыз болып табылады. Күннен келген жылу және жарық сутегі протондарының бірігіп гелийге айналуы және осы айналу барысында салмағын жоғалтқаны үшін пайда болады. Мұны термоядролық реакция деп атайды. Ортаға шыққан энергия өте үлкен. Секундына 600 миллион тонна сутек гелийге айналады. Осы кезде әр секунд сайын күн 4,5 миллион тонна жеңілдейді. Күндегі ядролық реакция нәтижесінде қызыл бір алау 15-20 мың км-ге көтеріледі. Бұл оқиға күннің бораны деп аталады. Сөйтіп күн өте мол энергия көзін өндіреді шамамен қазіргі сұраныстан 5000 есе артық энергияны  күн бере алады. Күн көзі экологиялық ең таза энергия көзі болып саналады ол қоршаған ортаға ешқандай зардап әкелмейді, дайын күн батареяларын сатып алуға тиісті қаржы болса болғандығы және ашық алаңда осы күн батареяларын орнатып, трансформатор салуға тиімді инвестициялар тарту альтернативті энергия көзіне жаңа өмір сыйлайтын еді. Бұл ойым дамитын болып, көздеген мақсатқа жетер болсақ, кейін қарапайым халық үйлерінің үстіне күн батареяларын орнатып, тәуелсіз тұтынушы мәртебесіне ие болады. Осы сияқты жел яғни табиғи байлықтың тағы бір көзін дәл күн көзі сияқты пайдалану отандық дәстүрлі энергияға деген сұранысты бір шама төмендетері хақ. Ал атом электр станцияларын пайдалану біздің қоршаған ортамызға және сол елді мекендегі адамдардың денсаулығына кері ықпалын тигізерін білеміз. Сондықтан мемлекетке тиімдісі таза экологиялық балама энергия көзі болып саналады деген ойдамын. Осындай тиімді энергия көзідерін толық қанды пайдалана алмасақ күндердің бір күнінде біздің елде үлкен проблема туындауы мүмкін, әрине мемлекеттегі маңызды бір салада проблема болса қарқынды экономикалық даму болмайды.


  1. Арал теңізінің проблемасын П. Данесроның “Адам – биосфера” қарым-қатынасы системасының кері байланыс заңдылығы» түсіндіріңіз

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

*1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану; *2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады; *3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу; *4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету; *5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру. Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды. АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген. Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар. Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. « Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.




  1. Улы токсиканттардың биологиялық әртүрлілікке әсерін сипаттаңыз.

Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:  әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;  ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді. Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар: - теориялық; - профилактикалық (гигиеналық); - клиникалық;
Теориялық токсикология - экзогенді химиялық огенттермен осы жүйенің араласу процесстері байқалатын, тірі жүйедегі әртүрлі түр өзгерістерінің жоғалуын немесе дамуын, араласу механизмі мен заңдылықтарын, формасын, түрін, оқытады.Қоршаған ортаның химиялық компоненттерінде адамзатқа қолайлы экологиялық бағыттардың жасалуы оның жетістіктеріне жатады. Профилактикалық токсикология – адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар. Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі химиялық қосылыстардың токсико-гигиеналық әдістері мен принциптерін, сонымен қатар тікелей немесе жанама байланыс жасайтын ғылыми негізді құрайды және зерттейді.


  1. Қоршаған ортаны қорғау туралы ООН-ның Стокгольм конференциясына (1972 ж.) жасаған сараптаманы сызба нұсқа түрінде беріңіз;

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адамдарды қоршаған орта проблемалары жөнiндегi конференциясы қабылдаған (Стокгольм, 1972 ж.) және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ХХҮII сессиясында қанағат сезiмiмен назарға алынған Iс-қимыл жоспарының 32-ұсынысын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, мына төмендегiлер жайында келiстi: I бап. Айқындаулар II бап. Негiзгi принциптер III бап. Құрып кету қаупi төнген қоныс аударатын түрлер: IV бап. Келiсiмдер нысанасы бола алатын қонысаударатын түрлер: V бап. Келiсiмдердiң нысаналы шеңберлерi VI бап. Таралу аймағының мемлекеттерi ; VII бап. Тараптар КонференциясыҮ: VIII бап. Ғылыми кеңес: IX бап. Хатшылық: 1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн: а) "қоныс аударатын түр" - едәуiр бөлiгi ұлттық юрисдикцияның бiр немесе бiрнеше шекарасынан ауық-ауық және бұлжымас айқындықпен өтетiн жабайы жануарлардың кез келген түрлерiнiң немесе олардың кез келген неғұрлым төменгi таксондарының бүкiл таралымын немесе географиялық тұрғыдан оқшауланған бөлiгiн бiлдiредi;
b) "қоныс аударатын түрдiң сақталу мәртебесi" - осы қоныс аударатын түрдiң таралуына және санына әсер етуi мүмкiн ықпалдардың жиынтығын бiлдiредi; с) "сақталу мәртебесi", егер; 1) таралым серпiнi туралы деректер қоныс аударатын түр ұзақ мерзiм бойына өзiнiң экологиялық жүйелерiнiң тiршiлiк етуге қабiлеттi бөлiгi болып қалатынын көрсетсе; 2) қазiргi кезде қоныс аударатын түрдiң таралу аймағы тарылмаса немесе ұзақ мерзiмдiк негiзде мұндай таралуы екiталай болса; 3) қазiргi кезде осы қоныс аударатын түрдiң таралымын ұзақ мерзiмдiк негiзде сақтау үшiн жеткiлiктi тiршiлiк ортасы бар болса және ол таяу болашақта да болатын болса;
4) осы қоныс аударатын түрдiң таралуы мен саны тiршiлiк ету кеңiстiгi және көлемi бойынша ықтимал жарамды экологиялық жүйелер орын алатын деңгейде және бұл тiрi табиғатты ақылға қонымды сипатта басқаруға сәйкес келетiн деңгейде тарихи қалыптасқан жағдайларға жақындап қалған болса, "қолайлы" деп саналады;


  1. Радиацияның, тұқым қуалау қасиетінің құрлымына әсер ету нәтижесінде мутацияға (рак, генетикалық аурулар) әкелуін түсіндіріңіз

Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды. Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін. 70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Мутация[1] (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. 'Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. [2]. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (қараң. Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген (қараң. Доминанттық) жауып тұрады. Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияның пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті. Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады. Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар: *моногендік; *хромосомалық; *мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.


  1. Экологиялық факторлардың биосферадағы биоәртүрлілікке әсерін сипаттаңыз

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.

Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді. *Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес *Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады. Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды. Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.




  1. Күзетілетін зоналар (қорықтар, парктер т.б.) бірлестіктің тұрақтылығын сақтай ма және оны мысалдармен түсіндіріңіз

Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық.[1]

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


  1. Гені модификацияланған организмдердің пайдалы, зиянын жақтарын және ҚР орнын көрсетіңіз;

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін  қосу нәтижесінде  біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе,  күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған  солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге  не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі  колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге,  бір пішінді  бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді  қосуға болады. Сонымен,  ғалымдар  дақылдардың  өнімділігін арттыру үшін  олар зиянкестерге төзімді болу үшін  аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда. Ең кең таралған  гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады. ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп , адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша  ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша  ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады. Қазіргі кезде  гендерді орналастырудың кең таралған  түрі бар. Біріншісі-биобаллистикалық пушка. Онда  алтынның микробөліктерін немесе гендер жағылған  гендермен жасушаны атады. Мұндай жағдайда қанша жаңа гендер орын ауыстырғанын білу мүмкін емес. Екіншісі-ең кең таралған  және өте қауіптісі плазмид арқылы генді енгізу. Онда ісік түзуші бактериялар қолданылады. Неміс ғалымдары ГМ азықтан плазмидалардың тұқым қуалайтынын анықтаған.


  1. Техногенезді дамудан тұрақты даму типіне көшудегі негізгі қажеттілікті Каспий көлінің жағдайымен түсіндіріңіз

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда: *экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы; *мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі; *осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы; *аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы). 1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.


  1. Бірлестіктің тұрақтылығына тікелей әсер ететін агрожүйе системасының (топырақтың ластану т.б.) ықпалын сипаттаңыз;

Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады. Топырақтың химиялық ластануытопырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады.


  1. Биологиялық ластанудың негізгі көздері: тамақ және тері жөндеу өнеркәсбі, тұрмыс және өнеркәсіп қоқыстарын тастайтын жерлер және т.б. инфекция қоздырғыштарын сипаттаңыз

Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар т.б. Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отын - энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б. атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін. Жаңаша әсер - биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді. Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.


  1. Мұхит, теңіз, көл суларының ластануынан (мұнай, тұздану, пестецидтер, ауыр металдар т.б.) су биоценозының бұзылуын әсерін көрсетіңіз

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл  мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды: *биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; *химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; *физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз  су  сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті  көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: *тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; *өнеркәсіп орындары; *ауыл шаруашылығын химияландыру: *халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас  сулардың ішінде  тұрмыстық сарқынды  суларда органикалық  заттар 58%, минералдық  заттар 42 тей  болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын  заттармен  сулардың  ластануы өте  қауіпті. Бұлар –химиялық  ластану  көздері. Соның  ішінде сулы  экожүйелердің пестицид, гербицид және  басқа  да химиялық  улы  препараттармен ластануы Қазақстанда  кең  етек алған. Мәселен, мақта  мен  күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне   қарсы бұрынғы Кеңес  үкіметі кезеңінде өте  көп  химиялық  заттар  пайдаланылған Нәтижесінде, су  ластанып,  оның  сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз  кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары  азық –түлікпен  адам организмін кері  әсерін  тигізді.



Қазіргі  кезде ашық өзен, көл суларымен  қатар  жер  асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен  және еріген зиянды заттармен  ластанып  отыр.


  1. Тұщы судың антропогенді эвтрофикациялануы (биогенді заттар – азот, фосфор, жуғыш заттар, малшаруашылығының қалдығы т.б.)

Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.[1] Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр. Ағзалардың тіршілік процесіне қажетті азот, фосфор, кремний және басқа элементтердің қосындылары жатады. Сол себепті оларды биогенді заттар деп атайды. Олардың мөлшері әр текше метр суға шаққанда миллиграммен (мг/м3) өлшенеді, яғни тұздылыққа қарағанда, миллион есе бөлшек бірлікпен өлшенеді. Бұл заттар судың физикалық қасиеттеріне әсер етпейді, ал олардың мөлшері жөне арақатынастары тіршілік- тегі биохимиялық процестермен анықталады.


  1. Бірлестіктің тұрақтылығына тікелей әсер ететін агрожүйе системасының (топырақтың ластану т.б.) ықпалын сипаттаңыз

Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады. Топырақтың химиялық ластануытопырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады.


  1. Радиациялық сәуленің медицинадағы орнын көрсетіңіз

Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді. Әскери істе. Радиациялық сәулелену адам организміне және қару-жарақ пен әскери техниканың түрлеріне әсер етуіне көзқарас бойынша қаралады. Адам организмінің радиациялық сәулеленуі сырткы, ішкі және түйіспелі болуы мүмкін. Сыртқы сәулелену радиоактивтік заттар мен зақымданған жергілікті жерде болған кезде бүкіл организмге ядролық жарылыстың өтпелі радиациясылың немесе гамма сәулелердің әсер етуінен тұрады. Жеке құрамның радиациялық сәулелену дәрежесі жұтылған доза шамасымен анықталады. Ішкі сәулелену радиоактивтік заттардың организм ішіне тыныс органдары, асқазан-ішекжолы, жаралар арқылы түсуі салдарынан пайда болады. Бұл жағдайда ең көп иондандыру мүмкіндігі бар альфа-актив заттар аса қауіпті болып келеді. Түйіспелі сәулелену.

Киіммен қорғалмаған дене бөліктерінің бета-актив заттармен ластануынан болуы мүмкін. Жарылыстың барынша зақымданған заттарының ұзақ әрекет етуінен тері қатты зақымданады. Организмнің ішкі және түйіспелі сәулелену дәрежесі ішке немесе теріге түскен радиоактивті заттардың мөлшері бойынша анықталады. Радиациялық сәулеленудің зақымдау әрекеті гамма, бета, альфа сәулелердің және нейтрондардың тірі ткандердің молекулаларын иондау мүмкіндіктерімен байланысты, оның салдарынан қалыпты зат алмасу мен клеткалардың тіршілігі бұзылады. Радиациялық сәулеленудің қару-жарақ пен әскери техникаға әсерінен радиоэлектрондық аспаптар элементтері сипатының өзгеруі және оптиканың күңгірттенуі мүмкін.




  1. Атом энергиясының маңызды және қауіпті жақтарына сипаттама

Атом энергия бұлағы. 1903 жылы радий элементінің үздіксіз жылу шығарып тұратынын оқымыстылар ашқан. Осы жылдан бастап, ең алғаш рет атом энергиясы бар екенін оқымыстылар тапты, оны адам өміріне қолдану тәсілдерін зерттеп, ғажайып жаңалық жасады. Атом энергиясын осы күнгі кең пайдаланып отырған көмір және мұнай, газ энергиясымен салыстырғанда олардың арасында айырмашылық тым алшақ. Көмір немесе мұнай жанғанда ең жоғарғы температура 2 мың градусқа дейін көтеріледі. Уран ядросының бөлшектерінің ұшу жылдамдығында миллиондаған градусқа жетеді.

Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді. Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.




  1. Әлемдік көлемде таусылатын энергетикалық қорларды альтернативті таусылмайтын қорлармен ауыстыру мәселесіне мысалдармен талдау жасаңыз

Табиғи қорлар - бұл табиғат элементтері. Табиғи қорлар пайдаланылатын және қайта өңделетін табиғатты пайдаланудың басты объектісі. Табиғи қорлардың пайдаланылуымен қатар жүретін табиғи ортаның сапасын сақтауға бағыттанған іскерлік қалыптасқан (табиғатты қорғау проблемаларын шешу).Қорлардың табиғи шығу тегін, үлкен экономикалық мағынасын ескере отырып табиғи қорлардың келесідегі жіктеулерін көрсетуге болады: 1)   Табиғи (генетикалық) жіктеу: минералды (пайдалы қазбалар), су, жер (топырақ), өсімдік (орман), жануарлар әлемі, климаттық, табиғи процестер қуатының қорлары (күн сәулесі, жердің ішкі жылуы, жер қуаты және т.б.). Көбіне өсімдіктер мен жануарлар әлемі биологиялық қорларға біріктіріледі. 2)   Табиғи қорлардың экологиялық жіктелуі қордың таусылуы мен қалпына оралуына негізделеді. «Таусылу» деген ұғымға табиғи қорлардың көлемі мен қорына байланысты шаруашылықта алынуы жатады. Осы ерекшеліктеріне сай қорларды бөледі: *таусылмайтын қорлар адамдар пайдаланған уақытта дәл қазір немесе таяу уақытта таусылмайтыны анық қорлар (күн қуаты, жердегі ішкі жылуы, су қуаты, ауа); *таусылатын, бұрынгы қалпына келмейтін қорлар, үздіксіз экономикалық пайдалануға байланысты одан әрі алуға келмейтін және бұған қоса қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорлар (минералды қорлар); * таусылатын, бірақ қалпына келетін қорлар, қайтадан қалпына келу мүмкіндігі бар, қорлар көбейту немесе басқа да табиғи циклдар арқылы, мысалы, флора, фауна, су қорлары. Бұл топқа өте жәй қалпына келетін қорларды атап өту керек, жер құнары, жоғары сапалы ағашы бар орман қоры.


  1. Адам іс әрекетінің нәтижесі шаңнан болатын әртүрлі пневмокониоз аруларын талдаңыз

Пневмокониоз - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар туындайтын кәсіби ауру. Асбестоз. Этиопатогенезі. Асбест шаңдарынан туындайтын пнемокониозды асбестоз деп атайды. Асбест дегеніміз талшық құрылымдағы минерал, химиялық құрамына сәйкес  магний мен темірдің және көбінесе кальций мен натрийдің гидросиликаты болып табылады. Асбесттің әрқилы түрлері кездеседі, олардың ішінде өндірісте серпентин тобы (жылан тәрізді) немесе хризотиласбест тобы маңызды болып саналады. Асбесттің басқа да топтары – амфиболды тобы кеңінен қолданыла бастады. Оған антофилит, тремолит, амозит, крикодолит және басқа да түрлері жатады. Асбестотуберкулез. Силикозға қарағанда сирек кездеседі, алайда осындай асқынуға тек асбестоздың дамуы ғана емес, сонымен қатар асбест шаңымен тікелей қатынаста болған адамдарда да дамуы мүмкін. Көбінесе асбестозда инфильтрациялық өзгерістері мен үдемелі дамуына бейім емес және фиброзды тығыздалуыға бейім ошақты туберкулез байқалады. Асбестоз бен рак. Асбест шаңымен ұзақ қатынаста болу өкпе рагы мен плевраның мезотелиомасы дамуларына бейім тудыратыны бұрыннан белгілі. Талькоз бен басқа да силикатоздар.  Тальк дегеніміз магний силикаты, талшық, пластинка немесе аморфты масса түрінде кездеседі. Құрамында талькі бар топырақта басқа да минералдардың қоспасы болуы мүмкін: серпентин, термолит, долмит, кварц, т.б.  Осылардың қоспасының болуы тұрақты емес және осыған байланысты талькоздың ағымы әрқилы болуы мүмкін. Тальк резина, парфюмерия, радиотехника, пластмасса, машина дөңгелектерін жасайтын және басқа да өндірістерде қолданылады.


  1. Диоксин улы заттары организмге қалай түседі және қандай ауру тудыратынын сипаттаңыз;

Адамзаты тарихта болған улы заттардың барлығымен дерлік таныс. Бұл ксенобиотиктер әсері (еске салсақ, тірі организмдерге қолданылмайтын тірі заттар) өте қауіпті болды, мысалға инсектицидпен улану кезінде болған оқиғаны алсақ. Бұл оқиғадағы удан улылығы жоғары зат – диоксин. Көп уақыттар бойы бұл за Оңтүстік Вьетнам мен Италиялық қала Севезомен тығыз байланысты болды, себебі, осы жерлердің бұл удың әсерін тікелей көрді. Бірақ диоксиннің таралу географиясы жылдан-жылға ұлғайып, қазір жер жүзіндегі ең атақты у болып отыр. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.

Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.


27 . Рио-де-Жанейро (13-14 маусым, 1992ж.) ООН-ның қорщаған ортаны қорғау және даму конференциясындағы негізгі документтің бірі «Күн тәртібінде 21 ғасыр» материалына сипаттама жасаңыз;ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінде көрсетілген ұсынысқа сәйкес осы мәселенің тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы 1993 жылы Тұрақты даму жμніндегі комиссия құрды. Аталған комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық комиссиясы болып табылады. Ол жыл сайынғы конференцияларда ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінің мәселелерін

үнемі қарастырып отырады. Ол 1998 жылы өзінің алтыншы сессиясында білім және ақпарат бойынша кең көлемді резолюция қабылдады. Бұдан басқа ол ж‰ргізілетін ж±мыстардыњ ауќымды баѓдарламасын бекітті, онда мемлекеттерге тұрақты даму мақсаттарын барлыќ дењгейдегі білім беру бағдарламаларына енгізу ұсынылады жєне олардыњ осы баѓыттаѓы іс-ќимылдарына ќолдау кμрсетілетіні атап μтіледі. ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібі шеңберіндегі Балтық теңізі аймағындағы тұрақты даму мүддесінде білім беру саласындағы қызметті, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экологиялық білім беру бойынша Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің Жұмысшы тобының; экологиялық білім беру бойынша Орталық Азиялық мемлекетаралық жұмысшы тобының және экологиялық білім беру мәселелері бойынша Солтүстік Америка ассоциациясыныњ ќызметін ќоса алѓанда аймаќішілік ‰кіметаралыќ процестер ж‰ріп жатыр.




28. Сынап ауыр металдарының организмге түсу жолдары және оның улы әсерінен болатын ауруларды сипаттаңыз.

Сынаптың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолданады. Ерітінді, ұнтақ, дүст түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.

Асқазан-ішек жолдарымен бүйрек арқылы шығу жолдары.

Қасиеті:

1.Ағзаларда жиналуы

2.Жасырын кезеңінің ұзақ болуы

Патогенезі:

1.Жалпы улылық әсері

2.Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.

3.Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.

4.Липотропты әсері

5.Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.



Клиникасы:

Жедел улану кезінде:

1.Астениялық – вегетациялық синдром.

2.Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.

3.Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.

4.Токсикалық миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.


29. Озон қалқанының тірі организмдер үшін маңызын қалай түсінесіз және оған антопогендік әсерді сипаттаңыз.

жердің озон қабатының тозуындағы күрделі экологиялық моселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған.



Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек () молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде () пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады


30 . Қала жасыл желектерінің маңызын дәлелдеңіз

Елді мекендерді гигиеналық көзқарас бойынша жасыл желектердің маңызы зор. Жасыл желектер микроклимат жағдайын жақсартады, жағымсыз факторлар әсерін барынша әлсіретіп, адам организміне, оның жүйке жүйесіне қолайлы әсер етеді. Жасыл желектер ортасында жылу алмасу процестері ашық жерлерге қарағанда жылу реттеу аппаратына аз күш түсумен өтеді. Жасыл өсімдіктердің тозаңды ұстап қалу рөлдері де жоғары, олар қалқымалы тозаңның 72 % күкіртті газдың 60 % ұстап қала алады. Орманда жазда ауа температурасы қалаға қарағанда 3 градустан төмен, ал ылғалдылық 15 – 20 % жоғары болады. Қыста керісінше теректер арасы ашық кеңістікке қарағанда жылылау. Жасыл желектердің желден қорғау қасиетінің де маңызы зор.

Парктерде, скверлерде желдің жылдамдығының қала алаңдарына қарағанда екі есе аз екендігі белгіленген.

Жасыл желектер қалалық шуды барынша әлсіретеді. Жасыл желектердің иісі, түсі, жапырақ сыбдыры, көлеңкесі адамға эстетикалық әсер етеді. Елді мекенді архитектуралық жағынан көркемдеумен қатар, халықтың жақсы демалыс орны болып табылады.

Жасыл желектердің ғылыми негізделген нормалары әзірге жоқ. Тұрғын аудандардың құрылыс орнынан, алаңдардан, тротуарлардан бос басқа жерлердің бәрін көгалдандыру қарастырылуда., яғни шамамен тұрғын ауданның 40 – 50 % құрайды.
31. Урбанизациялаудың бүкіл дүниежүзілік елдерге тән үш ортақ белгісін талдаңыз

Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр.


Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».

32 . Осыдан 25 жыл бұрын, 1986 жылы сәуірдің 26-сы күні Чернобыльдің төртінші реакторында жарылыс болып, оның радиациясы аймаққа қатты тараған еді. Чернобыльдегі ядролық апаттың радиациялық қою түтіні Беларусь пен Ресейге дейін жеткен. Жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тапты, кейін мыңдаған тұрғын радиациядан уланып қайтыс болды. Чернобыль апаты құрбандарының нақты саны қанша екені әлі күнге дейін анық емес.

33. Қалалық экожүйе (Городская экосистема) — қала аумағы және оның тұрғындары (адам және басқа тірі организмдер). Қалалық экожүйе — бұл гетеротрофты антропогенді экожүйе.В.Мазинг бойынша қалалық экожүйеде үш ерекшелік бар: 1) тәуелділік, яғни, ресурстар мен энергияның тұрақты түсіп түру қажетгілігі; 2) теңсіздік, яғни, экологиялық тепетеңдікке жетудің мүмкін еместігі; 3) қатты заттектің қалалық экожүйеге шеттен әкелінуі оның шетке шығарылуынан артық болуы есебінен оның тұрақты шоғырлануы. Ю.Одумның бейнелеп айтуынша, қала "биосфера паразиті" болып табылады. Өйткені, қала өттектің, судың және т.б. ресурстың көп мөлшерін пайдаланып, тек көмірқышқыл газын шығарып, қоршаған ортаны ластайды. Қалалық экожүйенің биосфераға зардапты ықпалын азайту және қалалық экожүйе ішіндегі адам тіршілігінің жағдайының жақсарту мүмкіндіктерін қалалық экологиязерттейді.

34 .Антропогендік факторлардың әсерінен орманның жоғалуы, яғни биоәртүрліліктің азаюына туындайтын проблеманың себебтерін түсіндіріңіз

Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.

Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.
Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.
35. Сынақ полигондарының әлеуметтік жағдайға әсерін қалай түсінесіз және оны сипаттаңыз

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей ме Лонбор Қытай , Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.


Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 – ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті.
Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өикізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.
Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. Гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары.
Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей – Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды.
Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992,1995) туралы маңызды құжатар қаблыданды.
36 .Экологиялық тәрбие және ағарту (Экологическое воспитание и просвещение) — адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.[

Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады.[
37 . Арал ауа бассейнінің ластану себебтерін дәлелдеңіз

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.


38 ---------

Каталог: ld
ld -> Германия федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ассеss программасымен танысу. Сабақтың мақсаты: Дамытушылық
ld -> Пгк информатика $В$8 ұяшық адресінің түрі қандай? Абсолютті адрес
ld -> Реферат: Линзалар. Жалпы мәлімет. Орындаған: Түменбаев Әділбек Тексерген: Шакенов Қанат Серікұлы Кіріспе
ld -> Ii iii Локалдық және бүкіләлемдік желі
ld -> Internet желісі
ld -> Оқулық, 4 тақырып. 1 4 тармақтар. Кесте құрылымын жасау
ld -> СӨздікпен жұмыс
ld -> Желідегі кез келген компьютерден “Мой документы” бумасынан мәтіндік файлды ашып оқыңдар
ld -> Экологияның даму тарихы Экология


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан