Лат оіkos – үй, баспана; logos – ілім


Смогтар және диоксиндерге анықтама беріңіз



бет6/11
Дата16.01.2017
өлшемі1.25 Mb.
#200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Смогтар және диоксиндерге анықтама беріңіз

Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады. Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді. Диоксиндерполихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) және соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) класына жататын улы химиялық заттектер. Диоксиндер мен фурандар химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік және түрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын және т.б. жаққан кезде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан (топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл) Диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда және адам организмінде жиналады. Қоршаған ортаға өнеркосібі дамыған елдерде Диоксиндер едоуір мөлшерде шығарылады. Мысалы, Канадада жыл сайын Диоксиндердің 1,5 т-ға дейін мелшері шығарылады. Диоксиндердің канцерогендік және мутагендік қасиеттері бар екені анықталды. Шетелде (Германия, Швеция, Вьетнам, АҚШ және т.б.) Диоксиндердің адам организміне әсері зерттелді. Диоксиндер көбіне туудың төмендеуіне, ақыл-есінің дамуында ауытқулар бар балалар санының артуына, жаңа туған нәрестелердің арасында өлімнің өсуіне және т.б. себепші болады. Сондықтан АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Голландия және т.б. елдерде Диоксиндер проблемасы 1980 жылдардың басынан бастап үлттық бағдарлама негізінде шешіледі. Қоршаған орта объектілеріндегі Диоксиндер мөлшері үнемі бақылауға алынып отырады,Диоксиндердің түсу мөлшерін кеміту жөнінде шаралар қолданылады және т.б.


  1. Адам экологиясы туралы жалпы түсінік

Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том. Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.




  1. Организмнің қоршаған ортаға бейімделу механизімдері: гомеостаз, Анохин теориясы, иммунитет

Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе езін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы. [1] Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бүрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Иммунитет биологиядаорганизмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді.



Лист№3


  1. ҚР техногенезді даму жолындағы Алматы қаласының ауа бассейінінде ең көп улы зат қандай және оған сипаттама беріңіз

Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасын жасап, оны бір қатар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде «Қала ауа бассейінің ластануы» атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір миллион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тиым салынды. Оңтүстік астанамыз Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды жою үлкен проблемаға айналуда. Қаладағы жалғыз қоқыс полигонына (Алматы облысы, Қарасай ауданы) жылына 1млн.м3-тан астам қалдық тасталады. Сонымен қатар, территорияларда стихиялы қоқыстардың құрылғаны байқалады. Одан басқа, Алматыда зиянды қалдықтарды көметін арнайы полигон жоқ. Көгалдар кесіп тастау, отау қаупіне әрқашанда төнуде. Бүгінгі күні қалады ағаштар мен көшеттер отырғызылуда, стихиялы қоқыстар жойылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясының реконструкциясы аяқталады, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда. Ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтардың жүйесі құрылуда (сонымен қатар «Медеу» және «Баум тоғайы» парктері). Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе  аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады.  Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасын жасап, оны бір қатар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде «Қала ауа бассейінің ластануы» атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір миллион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тиым салынды.


  1. Әлемдік су ресурстарының жағдайын сипаттаыңыз

Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі. Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген. Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.


  1. Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануын, Өскемен қаласының топырағын ластаушы улы ауыр металдарды мысалға ала отырып көрсетіңіз

Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиді. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Кенді Алтайда болып, Өскемендегі «Казцинк» ЖШС-інің «Холь­дор Топсе» газ тазартқыш қон­дыр­ғысы­мен және «Жаңа металлургия» жобасы ны­сандарымен танысты. «Казцинк» кәсіп­орны қоршаған ортаны қор­ғауға жыл сайын жүздеген миллион тең­ге қаржы салады. Соның нәти­же­сін­де күкірт қышқылы цехы мен мыс за­уытында ауаға тарайтын зиянды қал­дық­тар кеміп келеді. Министр «Каз­цинк­тің» атқарып жатқан жұ­мыс­тарына ризашылығын білдіріп, «Жаңа металлургия» жобасының ел экономикасын арттырудағы рөліне тоқталды. Үлбі металлургия зауыты, титан-магний комбинатында болған министр қала экологиясына аталмыш кәсіпорын­дардың қаншалықты мөлшерде зиян келтіріп отыр­ғаны жайлы мәлімет­тер­мен танысты. Былтыр тамызда ашыл­ған эколо­гия­лық қауіпсіздік орталы­ғын­да болған кезде өңір басшысы Б.Сапарбаев қаланың бір­не­ше аудандарында онға тарта газ сара­лағыш құрылғы қойылғанын, олар ауа мен судағы, топырақтағы улы заттар жайлы мәлімет беріп тұратынын айтып берді.


  1. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 3 желтоқсанда №1241 Жарлығымен мақұлданған «ҚР-ның 2004-2015 жж экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасындағы» экологиялық тәрбие және білім мәселесін сипаттаңыз

Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған  дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында»].  Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi.
Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады.
Осы Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi. Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi. *Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.
*  Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру. *Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.


  1. Ақсу-Жабағылы қорығының ерекшелігін сипаттаңыз

Ақсу-Жабағылы қорығыТалас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады. Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады. Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген. Ақсу жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.


  1. Ауыр металдардың адам ағзасына әсерінен туындайтын техногенді ауруларға сипаттама

Қоршаған ортаның созылмалы ауруларға әсер ететіні көптеген авторлардың зерттеу жұмыстарынан белгілі. Ауыр металдардың арасында адам ағзасына қауіптілігі бойынша қорғасын уыттылығына байланысты жетекші орында тұр. Қорғасынның уыттылығы бүйрек, ас қорыту, жүрек тамыр, репродуктивті жүйенің зақымдануларынан байқалады. Экологиялық тізбекпен бұл металдың көшіп жүруіне байланысты оның шектеулі мөлшерден (ШМ) жоғары концентрациясы жемістерде, нанда, сүтте, етте анықталған Қорғасын бүйрек арқылы сыртқа шығады да, белгілі бір концентрациясында оның паренхимасын зақымдайды. Ауадағы қорғасынның концентрациясы мен оның несептегі мөлшерінің арасындағы тікелей байланыс айқындалды Қорғасын иммундық патологиялық синдромдарды дамыта отырып, иммунды тропты әсер етеді. Иммундық жүйе әртүрлі уытты заттардың әсеріне өте сезімтал және жалпы иммундық статус қоршаған орта қарқынды ластанған жағдайда нашарлайды. Зиянды заттардың түрақты әсерінің иммунды жүйенің тежелуіне әкелетіні айқындалған.

Ауыр металл тұздарымен тұрақты улану жағдайында созылмалы бруцеллезбен ауырған науқастардағы несеп бөлу және жыныс жүйесі ағзаларының зақымдану жиілігін салыстырмалы бағалау. Кентау қаласында созылмалы бруцеллезбен ауырған науқастардың арасында протеинурия, орхоэпидидимит, сальпингоофорит бақылау тобымен салыстырғанда жиі кездесті. Кентау қаласы бойынша құбырдағы суда, ағынды суда, тұрғындардың қан анализінде, шашта қорғасын мен кадмийдің шектеулі мөлшерден бірнеше есе артық және ол металдардың нефротоксикалық және иммундық депрессиялық әсерін ескере отырып, негізгі топтағы протеинурияның, орхоэпидидимиттің, сальпингоофориттің жиілігін аталған металдардың уытты әсерімен байланыстыруға толық негіз бар.




  1. Кансеро-, тетра-, мута-, эмбриогенді заттардың әсерінен туындайтын организмдегі ауруларға сипаттама беріңіз

Эмбриогенез (ағылш. embryogenesis, гр. embryon — ұрық, genesis — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе енесі құрсағынан туғанға дейінгі ұрықтың (эмбрионның) даму мерзімі. Эмбриогенез — жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму процесінің (онтогенезінің) бастапқы кезеңі.

Канцерогендік заттар[1], канцерогендер (латынша cancer – қатерлі ісік және грекше genes – тудырушы) – организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар. Канцерогендік заттар туралы алғашқы түсінік 18 ғасырда Англияда пайда болған. Сол кезде Англияда жылу жүйелері үшін тас көмір пайдаланған. Ағылшын дәрігері Г.Потт ластанған үй пештерінің мұржаларын тазалайтын адамдардың денесінде тас көмір шайырының қалдықтары қалатынын байқаған (1775). Ол 15 – 20 жыл өткен соң адам терісінде қатерлі ісік пайда болатынын дәлелдеп, шайыр құрамында қатерлі ісік туғызушы зат бар екенін анықтаған. 20 ғасырдың басында ғалымдар осы тас көмір шайырын жануарлардың денесіне жағып тәжірибе жасаудың нәтижесінде, олардың терісінде қатерлі ісік ауруы пайда болатынын дәлелдеген.


  1. Каталог: ld
    ld -> Германия федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған
    ld -> Сабақтың тақырыбы: Ассеss программасымен танысу. Сабақтың мақсаты: Дамытушылық
    ld -> Пгк информатика $В$8 ұяшық адресінің түрі қандай? Абсолютті адрес
    ld -> Реферат: Линзалар. Жалпы мәлімет. Орындаған: Түменбаев Әділбек Тексерген: Шакенов Қанат Серікұлы Кіріспе
    ld -> Ii iii Локалдық және бүкіләлемдік желі
    ld -> Internet желісі
    ld -> Оқулық, 4 тақырып. 1 4 тармақтар. Кесте құрылымын жасау
    ld -> СӨздікпен жұмыс
    ld -> Желідегі кез келген компьютерден “Мой документы” бумасынан мәтіндік файлды ашып оқыңдар
    ld -> Экологияның даму тарихы Экология


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы