"Құлагер" поэмасының композициясы мен сюжеті



Дата19.01.2023
өлшемі10.77 Kb.
#417380
түріСабақ
Байланысты:
document name (2)
Equation of the circle, 1 МАКПАЛ ЛД 2, бек


Автор: Кадырова Эльмира Абдикамаловна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: "Құлагер" поэмасының композициясы мен сюжеті

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Сабақтың мақсаты:

Барылығы:Поэмаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды
Көпшілігі:Композициясындағы нақтылы тартыстың басталуы мен сюжеттік желісін байланыстырып талдай алады;
Кейбірі:Сюжеті мен композициясындағы теориялық ұғымдарды анықтап,,өз ойымен айта алады;

Тілдік мақсаттар:

Поэма,сюжет,композиция,ат сыны, бәйге
Сыншының бағасы,Құлагердің сипаты,Ақанның өнері,Көкшетау табиғаты

Күтілетін нәтиже:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасай алады.

Бағалау критерийлері:

-Поэма сюжеті бойынша композициялық талдау жасайды
-Композициялық желі құрылымын игереді.

Құндылықтарды дарыту:

Туған жер табиғаты және тарихи тұлғалар туралы білу және құрметтеуге үйрену

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:

Тарих,география

Бастапқы білім:

Ақын І.Жансүгіров туралы біледі.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(4 минут)

Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңберін құрып,оқушыларды ынталандыру
Үй тапсырмасын "Миға шабуыл" әдісі арқылы сұрап, қалыптастырушы бағалау жасау.
Бағалау: "Басбармақ" арқылы бағалау жасау

http //adebiportal kz/kz

Сабақтың ортасы
(25 минут)

Топқа бөлу: "Пазл" әдісі бойынша.
Сұрыптап талдау жұмысы.Сынып төрт топқа бөлінеді де тапсырмаларын алады.
А тобы-поэмада суреттелген эпизодтар табады.
Ә тобы-сюжетке арқау болған негізгі оқиға
Б тобы-поэмада айтылған сюжеттердің салыстырмалы кестесін дайындайды
В тобы-оқиғаларда адамдар бейнесі қалай көрсетілген?
Сабақтың тақырыбымен ,оқу мақсаттарымен , бағалау критерийлерімен таныстыру

https //martebe.kz

Сабақтың соңы
(4 минут)

Сабақты бекіту.
Белсенді әдіс . "Хан тағы" әдісі
Бұл әдісте хан тағында отырған оқушыға сұрақ жазылған қағаз тапсырады.
1.Ақын не себепті Көкшетау табиғатын суреттеп бастады? т,б,
Бағалау: "Жұлдызшалар" арқылы өзара бағалайды.
Үйге тапсырма: "Құлагер" поэмасынан үзінді жаттау.

Әдістер жинағы

Рефлексия
(3 минут)

 "Блоб ағашы" әдісі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.Сабақ соңында оқушы сабақта өзін қалай ұстайды,қандай дәрежеде өз білімін көрсете алды,ағаштан өзін тауып бояп қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет