Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану



Pdf көрінісі
бет67/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   207
Т.Парсонс  (1902  –  1979)  –  құрылымдық  структурализм  деген  атқа  ие 
болған  жалпы  социологиялық  теорияның  негізін  салушы.Бұл  теорияның 
іргетасы  –  «әлеуметтік  әрекет»  тұжырымдамасы  болды.  Қоғамдық  ӛмір  – 
адамдар  (индивидтер)  қарым  –қатынасының  шексіз  кӛптігі  мен  шырмауы,  ал 
қоғам – адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет 
ететін  индивидтерден  тұрады.  Парсонстың  пікірінше,  кез  келген  әлеуметтік 
құбылысты  адам  мінез  құлығын  (жеке  әлеумсеттік  әрекетін)  зерттеу  арқылы 
түсіндіруге  болады.  Парсонста  әлеуметтік  әрекеттің  субъектісі  моральдық 
индивид болып саналады. 
Әлеуметтік  әрекеттің  белгілі  бір  құрылымы  бар:  әрекет  етуші  тұлға, 
мақсат,  ситуация,  нормативті  бағдар,  әрекетзатының  реакциясы.Осының  бәрі 
индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адамның 
мінез  –құлығы  адамға  қоғамның  таңып  беретін  (міндеттейтін)  мәртебелік  – 
рӛлдік  мінез  –  құлығының  мазмұнымен  байланысты.  Осылайша  адам 
әлеуметтік сахнадағы «актерге» айналады. 
Т.  Парсонстың  жалпы  социологиялық  теориясында  құрылымдық  талдау 
мәселесі  маңызды  орын  алады.  Бұл  жерде  ол  әлеуметтік  жүйені  (құрылымды) 
қызмет ету тұрғысынан емес, даму тұрғысынан да қарастыруды ұсынады. Бұл 
үшін  ол  тең  дәрежелі  және  интеграция  идеяларына,  «тәртіп»,  «әрекет», 
«құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударады. 
Парсонс тӛрт негізгі қызметін ететін мәселені кӛрсетеді: 
1)  Тиімді  ұйымдастыру  және  материалдық,  адами,  мәдени  ресурстарды 
бӛлу мәселесі. Бұл функционалды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі: 
ӛмір сүруі үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай – ақ сыртқы ӛзгерістерге де 
бейімделуі керек. Бұл функцияға экономика сәйкес келеді: қоғам мүшелері ӛмір 
сүре  алатындай  белгілі  бір  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  қажетті 
материалдық  ӛнімдерді  жеткізеді  және  бӛледі.  Кӛрсетілген  жүйе  салаларына 


99 
 
бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б. сияқты 
әлеуметтік институттар сәйкес келеді. 
2) Негізгі мақсаттарды анықтау және соған жетуге қолдау кӛрсету процесі 
мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар  – партиялар, қозғалыстар 
және т.б. сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқылы қоғам 
мүшелерін  осы  мақсатқа  жұмыс  істеуге  ынталандырып  саяси  әрекеттермен 
айналысады. 
3) Интеграция мәселесі –тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. 
Бұл функцияны жалпы нормалар мен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен 
жалпы мәдениетті құру және оған қолдау кӛрсету жолымен әлеуметтік бақылау 
институттары жасайды. Адамдардың мінез  –құлқына қоғамның әдейі әсер етуі 
арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар 
арқылы жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта ӛндіруді 
талаптану  және  мәжбүрлеу  формалары  арқылы  табысты  жүргізуге  мүмкіндік 
береді. 
4)  Мінез  –  құлық  қолдау  кӛрсету,  қайраткерлердің  ӛздерінен  талап 
етілетін  әлеуметтік  рольдерін  орындау  кезіндегі  дәлелдемелері  мен  жеке 
тұлғалар  дәлелдемелері  жүйесіндегі  жасырын  шиеленістерді  жою  мәселелері. 
Берілген  тәртіпті  сақтау  үшін  әлеуметтік  жүйе  адамдардың  ӛз  дербестігін 
алуына  және  сонымен  бірге  берілген  қоғамдағы  норма  –  рольдерді  игеруіне, 
бұл  нормаға  бағыну  қажеттілігін  дамытуы  үшін  әлеуметтендіру  процесі  мен 
механизмін жасауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   207




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар