Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану


 Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті



Pdf көрінісі
бет38/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   207
1.12 Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті 
 
Сабақтың мақсаты: Қазіргі қазақ мәдениетімен танысу.  
Негізгі ұғымдар: жаһандану,ұлы дала, ұлттық мәдение , қазақ мәдениеті, 
қазақ халқының мәдени коды,түркі әлемі. 
 
Жаһанданудың  жал  толқындары  кӛптеген  мемлекеттер  мен  халықтарға 
оған қарсы тұрудың амалдарын ойлатуда, дабыл қақтыруда. Десек те, дабылшы 
кӛпшілік  емес,  аттӛбеліндей  ұлт  қамын  жеген  азшылық  болып  тұр.  Ол  қай 
заманда да солай болған. Осындай қайшылық Абайды, Ахметті тудырған, Алаш 
қозғалысын  қалыптастырған.  Кӛптің  еліктегіштігі,  тарихтан  сабақ,  ғибрат 
алмайтындығы  бүгінгі  ұлт  зиялыларын  да  ойлантуда. Егемендік  алғалы 
отаршылдықтың салқыны шарпыған ұлттық діліміз, тіліміз, дәстүріміз жӛнінде 
қаншама  сӛз  айтылды,  қаншама  әрекеттер  жасалды.  Сӛйтіп,  кешегінің  рухани 
жүгенінен  құтыла  алмай  жүргенде,  құлашымызды  қалағанымызша  жаздырмай 
тағы  бір  бӛгесін  –  жаһанданудың  екпіні  есігімізден  еркін  еніп,  тӛрімізге 
жайғасуда.  Отаршылдық  таңбасынан  арылғысы  келмей  жүрген  кӛп  ағайын 
жаһандану  тұсында  да  ұлтына  сырт  берер  түрі  бар  сияқты.   Жалпы 
жаһанданудың, оның ішінде, тілдік жаһанданудың байыбына барсақ, оның мәні 
бір ғана тілге тіреліп тұрмағандығын аңғарар едік, егер мәселе тіл тӛңірегінде 
ғана  болса,  ол  қазіргіден  де  оңайырақ  соғар  еді.  Мәселе  –  ӛзге  тілдің 
үстемдігінде  емес,  қандастарымыздың  ана  тіліне,  отандастарымыздың 
мемлекеттік  тілімізге  немқұрайдылығында,  сондықтан  да  дүниеге  ӛзгелердің 
кӛзқарасымен  қарауында.  Ширатыңқырап  айтсақ,  мәселенің  мәні  –  қоғамға, 
тұрмысқа,  болып  жатқан  дүние  жаңалықтарына  ӛзгелердің  ойымен, 
пайымымен,  дайын  қорытындыларымен  қарау.  Яғни  ӛзімізге  қаратып  айтсақ, 
бүгін  қазақ  баласының,  әсіресе  қалалық  оқығандары  айналаға,  әлемге 
ӛзгелердің  кӛзімен  қарап,  қазақша  емес,  басқаша  ойлайтын  болды.  Дүниеде 
себепсіз  нәрсе  болмайды  десек,  мұндай  кӛзқарастың  тӛркіні  күнделікті  ӛмір 
салтынан,  тұрмысымыздан,  әрбірден  соң  қолданатын  затымыздан,  киетін 
киімімізден, ішетін асымыздан. Оған теледидарды, ғаламторды, елімізді жаулап 
алған  ӛзгетілді  ақпарат  құралдарын  қосыңыз.  Сонда  ӛзгермегенде  қайтеміз?! 
Ӛзгелердің дайын үлгілерін пайдалану, заттарын қолдану санамызға әсер етпей 
қоймайды.  Сӛйтіп,  бүгінгі  жаһандану  заманында  мемлекеттік  тіліміз  –  қазақ 
тілі, шынтуайтында, АҚШ-тың, Ұлыбританияның немесе Ресейдің нұсқауымен 
емес,  қазақтың  ӛзінің  кӛзқарасының  ӛзгергенінен  ӛркендей  алмай  жатқаны 
бүгінгі күннің ақиқаты. 
«Жаһандану» 
делінген 
ғаламдық 
құбылыстың 
біздің 
рухани 
қарсылығымыз  бен  күресімізге  бой  алдырмайтын  қуаты  мен  күші,  әлемді 
жайлап  жатқан  жылдамдығы  мен  тартымдылығы  –  оның  коммерциялық 
сипатында,  бизнестік  мазмұнында.  Нарық  жайлаған  заманда,  рухани 
құндылықтар  емес,  экономикалық  тиімділік  басты  орынға  шыққан  кезеңде 


62 
 
жаһандану  құрлықтардан да,  мұхиттардан да,  шекаралардан  да  аттап,  ешкімге 
де,  ешнәрсеге  де  бой  алдырмай,  бағынбай  тұр.  Бұл  жаһанданудың  болатын, 
болуға  тиісті,  ешқандай  мемлекет  айналып  кете  алмайтын  объективті  дамуы. 
Сондай-ақ  жаһанданудың  қорғануға  болатын,  соған  орай,  алдын  ала  қам 
жасайтын  субъективті  ӛрістеу  себебі  де  бар.  Ол  жаһанданудың  мәдени,  тілдік 
ықпалы.  Біз  бұл  ғаламдық  құбылыстың  осындай  ықпалынан  қорғана  аламыз 
деп  ордалы  ел,  қалың  жұртымыз  болғаннан  соң  сенеміз,  дәмеленеміз. 
Жаһанданудың бизнестік мазмұны, әлбетте, біздің елімізде қазақ тілінің бизнес 
тілі болуын да талап етеді, олай болмайынша, тіліміз қызмет тілі де, жұмыс тілі 
де  бола  алмақ  емес.  Қазіргі  кезде  елімізде  экономикалық  жобалар  қай  тілде 
ойластыратыны,  қай  тілде  жүзеге  асырылатындығы  кӛпшілікке  белгілі. 
Зорларын  айтпағанның  ӛзінде  бізде  газеттер,  интернет-дүкендер  арқылы  ең 
аяғы  ине  де,  түйме  де  орыс  тілінде  сатылады.  Адамның  күнделікті  тұрмысын 
реттейтін әрекеттер басқа тілде болғаннан соң тіліміз ӛзгені де, ӛзімізді де аса 
қызықтырмайды.  Нәтижесінде,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  толықтай 
мәртебелі  орнына  ие  бола  алмай  жатуы  да  оның  бизнес  тіліне,  яғни  заманауи 
тілге  айналмай  емес,  айналдырылмай  жатуында.  Мәселе  –  қазақтың  тілінде 
емес,  бүгінгі  кӛп  қазақтың  ӛзінде.  Дүние  бизнес  алаңына,  қарым-қатынас, 
серіктестік,  ынтымақтастық  коммерциялық  мүддеге  құрылатын  заманда 
жаһанданудың  ықпалы  біздің  елге  де  әжептәуір  тимек.  Бұдан  шет  қала 
алмайтынымыз  да  белгілі.  Сондықтан  бізді  не  сақтайды  дегенде,  ең  алдымен 
ойымызға,  әлбетте,  тіліміз  бен  мәдениетіміз  түседі.  Мәдениеттің  ұлттарды 
теңестіретін құрал екендігін осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын жақсы ұғынған 
Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Мәдениеті  жоғары  халық  –  мәдениеті  тӛмен  халықты 
аз-кӛбіне қарамай жем қылатыны айдай анық, күндей жарық ақиқат. Мәдениет 
жігін  жоғалтпай,  ӛз  жігін  жоғалту  оңай  емес»  деп  жазған  екен.  Алаш  кӛсемі 
айтқан  осы  ой  әлі  де  ӛз  күшінде,  тіпті  мына  жаһандану  заманында  оның  кӛ-
кейкестілігі  артпаса  кемімеген.  Қазіргі  Қазақстанның  жағдайы  ХХ  ғасыр 
басындағы  Ахаңдар  ӛмір  сүрген  кезеңнен  әлдеқайда  білімі,  мәдениеті,  саяси 
халі  жағынан  болсын  озығырақ  дәуір  емес  пе?!  Сондықтан  дүниенің  мәдени 
бәйгесінен  қалмау  үшін  біз  ең  алдымен  ӛзіміздің  мәдениетімізді,  сол 
мәдениеттің  негізі  –  тіліміздің,  бүгінгі  жиі  қолданатын  тіркеспен  айтсақ, 
бәсекеге қабілетті болуын қамдауымыз қажет. Бүгінгінің мәдениетін  – бизнес, 
этикетін  – коммерция жасауда, ендеше қазақтың тілі мен мәдениеті нарықтың 
осы бұлжымас ережесінен тыс қалмақ емес.  
Біздің  ойымызша,  жаһандану  құбылысы  да  отаршылдықтың  бүгінгі 
заманда  ӛңін  айналдырған,  жетілдірілген  бір  түрі  екендігін  біз  толық  сезіне 
алмай  жүрген  сияқтымыз.  Саяси  отаршылдық  болмаса  да,  рухани 
отаршылдықтың,  сырттың  мәдени  экспанциясының  дүбірі  құлағымызда, 
жаңғырығы  санамызда.  Саяси  отаршылдық  ұлтшылдықты  тудырғаны  мәлім. 
Алаш  қайраткері  Міржақып  Дулатов:  «Бізді  ұлтшыл  қылған  –  кемдікте, 
қорлықта  жүргеніміз,  кӛрінгеннен  соққы  жегеніміз  еді»  депті.  Қазіргі  кезеңде 
бізді  елшіл,  отаншыл  ететін  осы  жаһандануға  деген  рухани  қарсылық  болса 
керек. Ӛйткені жаһанданудың шынайы сипаты, ақиқат бейнесі – мәдени-рухани 


63 
 
отаршылдық.  Мұндай  отаршылдық  та,  әлбетте,  ӛзінің  болмысы  мен  бағытына 
сәйкес  қарсылық  тудырмақ.  Біздің  ойымызша,  оған  қарсы  тұрарлық 
құбылыстың  аты  –  бүгінде  елшілдік,  мемлекетшілдік.  Мемлекетшілдік, 
елшілдік – жалаң ұраннан емес, ұлттың мақтанышы боларлық бүгінгі ұрпақтың 
қарекетінен, тіпті ӛз елімізде ойлап табылған немесе жасалған ұсақ заттардан да 
аңғарылмақ.  Ұлттық  мақтаныштың  кешегі  тарихи  тұғырларымен  бірге  бүгінгі 
тіректері  де  болуы  шарт.  Санамызды,  мәдени  келбетімізді  қалыптастыруға 
тікелей әсер ететін кӛшеден, теледидардан күнделікті сан мың рет кӛретін ӛзге 
тілдердегі  шетелдік  жарнамалар,  телехабарлар,  фильмдер,  жаңалықтар,  т.с.с. 
әуелгі  ұлттық  келбетімізді  ӛзгертуде.  Біз  оларды  қазақша  емес,  сол  тілдердің 
ұғымдары  арқылы  қабылдаудамыз.  Яғни  біздің  санамызға  басқалардың 
кӛзқарасы,  бағасы,  талғамы  таңылуда.  Бұл  жаһанданудың  бүгінгі  күндегі 
ғаламдық  эстетиканы  қалыптастыруының  кӛрінісі.  Тұрмыс  пен  тіл  тікелей 
байланысты. Әлгіндей ғаламдық эстетика бізге, әлбетте, негізінен алғанда, орыс 
тілі  арқылы  орнығуда.  Бұл  ұлттық  ойлау  жүйемізге,  дүниенің  дидарын  қазақ 
болып  тануға  ықпал  етері  күмәнсіз.  Оған  осы  тілде  тәрбиеленген  қаламгер 
қазақты да, саясаткер қазақты да, қарапайым қазақты да ондап, жүздеп, мыңдап 
атауға боларлық. 
Жаһандану кезінде әлемдік тілдердің ықпалы артады, содан лексикамызға 
жаңа сӛздер енбек, терминологияның халықаралық мазмұны күшеймек. Сӛйтіп, 
үстем  тілдерде  жасалған  сӛз  тіркестері,  дайын  үлгілер  ұлттық  тілдерге  енеді 
және  олар  белсендірек  қолданылады.  Мемлекеттік  немесе  ресми  тіл  ретінде 
әбден  қалыптасқан  тілдер,  ұлт  ӛкілдерінің  баршасы  күнделікті  сӛйлейтін, 
жұмыс  барысында  қолданатын  тілдер  осы  үдеріске  тӛтеп  беруге  дайын  әрі 
әлеуетті.  Ал  біздің жағдайымызда жаһанданудың  осындай  бір  тілдік  үдерісіне 
біз  қам  жасауымыз  керек-ақ.  Тәуелсіздігі  қаз  басқан  біз  тұрмақ,  Франция, 
Германия, Ресей сияқты тәуелсіздігі берік мемлекеттер жаһанданудың осындай 
бір  үдерісіне  үлкен  дайындықтар  жасауда.  Тілді  қорғау  арқылы  олар  ұлттық 
бірегейлігін сақтайды. Ұлттық бірегейлік сақталса – мемлекет сақталады. Тілді 
сақтау  дегеніміз  тек  қана  барды  пайдаланып,  ӛзге  тілдердің  тиімді 
тәжірибелерінен  тыс  қалу  деген  сӛз  емес.  Рухани  құндылықтардың  қай 
саласында болсын жаңару, жаңғыру үдерісі жүруі қажет. Тіл де солай. Жаңғыру 
үдерісі  ең  алдымен  ұлттық  рухани  құбылыстардың  ішкі  әлеуеті  мен 
мүмкіндігінен  ӛрістесе  –  құт,  олай  болмайынша,  тіл  бұзылмақ,  сана  ӛзгермек. 
Содан  ұлттық  ділге  жарықшақ  түспек.  Әлбетте,  біз  заманына  қарай  тілдік 
үдерістер  болатындығын,  оған  ӛзге  тілдердің  ықпал  ететіндігін  жақсы 
ұғынамыз, дегенмен сырттың әсері мӛлшерлі, сыйымды, тиімді болғаны абзал. 
Тіл  ойдың  кӛрінісі  деу,  бәлкім,  аздық  етер.  Дұрысында,  тіл  –  ой  қаруы,  сана 
шолғыншысы.  Біз  адамды  саналы  тұлға  десек,  сол  тұлғаңыздың  санасында 
әйтеуір бір тіл аса белсенді ӛмір сүрмек. Санаңда қай тіл қалыптасса, сол тілде 
сӛйлейсің  деу,  әлбетте,  аксиома  болар.  Десек  те,  оның  маңызы  айрықша. 
Ӛйткені тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл – ұлттың, тұлғаның әлемді, 
дүниені тану, игеру моделі. Дүниені тану, безбендеу әрбір тілде ӛзінше, ерекше 
болмақ. Сондықтан француз философы Эмиль Сьоран: «Адам мемлекетте емес, 


64 
 
тілде ӛмір сүреді» депті. Шынында да, адам қай елде ӛмір сүрсе де, әйтеуір, бір 
тілдің  ӛкілі.  Діл  тілді  қалыптастырмағы  қалай  белгілі  болса,  тілдің  ділге  де 
ықпалы ақиқат. 
Тіл  –  ұлттың  ӛмір  сүру  үдерісінде  ғасырлар  бойы  жинақталған  рухани 
амалдары  мен  тәсілдерінің  мейлінше  сұрыпталған  тәжірибесінің  ең  жарқын 
қазынасы  десек,  онда  әрбір  адамның  сол  қазынаға  ортақ  болғаны  жӛн.  Содан 
ұлт күшеймек, мемлекет қуаттанбақ. Бізді кӛтеретін де, кӛгертетін де қазақтың 
тілі мен мәдениеті, солай болғанда ғана халқымыз ӛзінің бірегейлігін сезінеді. 
Қазақстан  үшін  жаһандану  заманында  осындай  ұлттық  бірегейлікті 
қалыптастыру  тӛтенше  мақсат,  айрықша  міндет.  Ӛйткені  жаһанданудың 
қарқыны  мықты,  күші  екпінді,  олай  болса,  оған  деген  қарсылық  та  осындай 
қарқын  мен  күшке  толы  болуы  тиісті.  Бұл  бүгіннің  басты  амалы,  ертеңнің 
баянды кепілі. 
Жаһандану  ғаламдық  құбылыс  болғанымен,  бастапқыда  белгілі  бір 
мемлекеттердің  мүддесінен  туғандығын  жоғарыда  жаздық. Яғни  жаһандануды 
дүниеге  келтірген  белгілі  бір  мемлекеттердің  мүддесі  десек,  онда  ӛзгелердің 
мүдделерінен  қорғану  үшін  ӛзге  мемлекеттердің  де  қимылдауы  қажет,  ол 
болуға  тиісті  табиғи  қадам.  Осындай  қадамның  аясында  саяси,  экономикалық 
шаралармен  бірге  рухани-мәдени  шаралар  міндетті  түрде  жүзеге  асырылуы 
тиісті.  Себебі,  мемлекет  –  тұрғындар  саны,  саяси  билік,  экономикалық  жүйе 
ғана  емес,  сонымен  бірге  тілдік  кеңістік  те.  Қандай  да  болсын  бір  тілдің 
кеңістігі,  әлбетте,  белгілі  бір  мәдениеттің  кеңістігін  жасайды.  Ал  тілдің 
мемлекеттік  мәртебесі  сол  тілдегі  мәдениеттің  жетекшілігін,  ол  мәдениеттің 
осы елде ӛмір сүретін басқа да халықтарға рухани қазына болуын қамтамасыз 
етпегі  қажет.  Мемлекет  құраушы  ұлттың  тӛңірегіне  диаспоралар  тек  тіл  мен 
мәдениет  арқылы  ғана  шоғырланбақ.  Ең  алдымен  негізгі  ұлттың  ӛзі  тілі  мен 
мәдениетін  игеріп,  ӛзгелерге:  «Менің  тілімде  сӛйлесең  –  менің  жанымды 
түсінесің,  менің  жанымды  түсінсең  –  менің  халқымды  түсінесің,  менің 
халқымды  түсінсең  –  осы  бәрімізге  ортақ  Отанымыз  қуатты  болмақ!»  дей 
алатындай саналық деңгейге жетуі аса қажет. 
Бүгінгі  әлемде  сӛйлеушілері  бір  миллионнан  асатын  250-дей,  ал 
сӛйлеушілері  он  миллионнан  асатын  70-тен  астам  тіл  бар  екен.  Қазақ  тілі 
сӛйлеушілері жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Егер әлемде 3 мыңнан 6 
мыңға дейін тіл бар десек, онда қазақ тілі сӛйлеушілері жағынан ірі тілдердің 
қатарына  енеді.  Бүгінгі  мәселе  жаһандану  заманында  кең  жерімізді,  ормандай 
ұлтымызды,  қазыналы  тілімізді  сақтап  қана  қоймай,  мемлекеттілігімізді 
нығайту,  елшілдігімізді  еселеу,  тіліміздің  қолданыс  аясын  барынша  кеңейту. 
Барымыздың  әлгіндей  бекемділігіне  қарамастан  жаһандану  кезеңіндегі  саяси, 
экономикалық,  мәдени  үдерістер  оларды  бүгінгіден  де  баянды  етуді 
баршамызға  міндеттейді.  Бүгінгі  қазақ,  жалпы  алғанда,  тарихын  танып, 
тамырын  отаршылдық  тозаңынан  аршып  жатқан,  мәдениетіне,  тіліне  оралып 
ұлттық  сана-сезімін  жаңғыртып  жатқан  ұлт.  Бұл  үдеріс  қазіргіден  де 
жалпыұлттық  мазмұнға  әрі  қарқынды  сипатқа  ие  болғаны  игі.  Жаһанданудың 
экономикалық  екпіні,  рухани  беталысы  бізден  осыны  талап  етеді.  Ӛзегінде 


65 
 
ӛркеуде мемлекеттердің мүддесі менмұндалаған жаһанданудың қазіргі қарқыны 
Қазақстан  сияқты  жас  мемлекеттерге  ғаламдық  бәйгеде  сыбағалы  болуды 
міндеттейді.  Есемізді  жібермей,  егелік  ету  үшін  мықты  экономика,  алғыр 
саясатпен  бірге  осы  елді  мемлекет  етіп  отырған  басты  ұлттың,  яғни  қазақтың 
тілінің, мәдениетінің, дәстүрінің салтанат құрмағы, яки рухының асқақ болмағы 
аса  маңызды.  Ұлттық  рухтың  негізі  де,  тұғыры  да  тіл.  Тіл  асқақтаса,  рух 
биіктемек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   207




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар