Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану


  Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Loading...


Pdf көрінісі
бет28/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   207
1.9  Қазақ мәдениетінің қалыптасуы 
   
Сабақтың  мақсаты:  Қазақ  мәдениетінің  қалыптасу  ерекшелігімен 
танысу. 
Негізгі  ұғымдар:  номад  мәдениеті,ұлы  дала,  ұлттық  мәдениет,қазақ 
мәдениеті. 
 
Қазақ  –  Еуразия  сахарасында  ӛмір  сүрген  байырғы  кӛптеген  ру-
тайпалардың  ұзақ  тарихи  даму  барысында  біртіндеп  біртұтастанып,  ХV 
ғасырда дербес ұлт болып қалыптасқан ұлт. Ұлттық сана мен психология Қазақ 
хандығының немесе Қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған басты фактор. 
Қазақ  ұлты  ӛздеріне  тән  этномәдениет  негізінде  қалыптасқандықтан  оны 
«мәдениеттік  ұлт»,  әсте,  «мүдделі  топтардың  жиынтығы»  емес  деп  санаймыз. 
Ӛйткені,  Қазақ  хандығы  кӛшпелі  мал  шаруашылығы  экономикасы  негізінде 
1465  жылы  құрылды,  ол  кездегі  қазақта  жалпы  елді  ортақ  бір  мүддеге 
ұйыстыратын күшті экономикалық құрылым мен негізгі тетігі болған жоқ, бірақ 
оларда  ортақ  саяси  мүдде  мен  этномәдени  бірлік  мықты  болды.  Міне,  осы 
негізде Қазақ хандығы ӛмірге келді және дамыды. Американдық ғалым Данке 
Воигхт:  «Іс  жүзінде  субъективті  факторлар  әдетте  (ұлт)  анықтамасының 
шынайы  негізі  болады,  ал  «Объективті  шарт-жағдай»  әдеттегі  түсініктерден 
әлдеқайда кӛп болады»  – деген екен. Объектившілік жақтаушылары ұлттарды 
анықтауда  қандастық  және  географиялық  қағидаларға  сүйеніп,  ұлттың 
қалыптасуы  тарих  дамуының  табиғи  (натуралды)  туындысы  деп  есептейді. 
Бұрынғы  кеңестік  ғалым  Р.Ф.  Итс:  «Ұлт  деген  ортақ  биологиялық  генезден 
шыққан  адамдар  тобы»  –  деп  түсіндіреді.  Ал  Сталиннің  ұлт  жӛніндегі 
анықтамасы  кӛпке  мәлім.  Қытай  ғалымы  Ван  Ичжоу  ұлт  жӛніндегі  әртүрлі 


44 
 
анықтамаларды  қорытып:  «Ұлт  деген  ерекше  бір  аумақта,  мәдени  және  тілдік 
ортада  пайда  болады,  ол  үнемі  қандастық,  патриархалдық  қатынастар  арқылы 
ғана  топтасып,  белгілі  ортақ  тұлғаға    айналады.  Ол  ӛзінің  дамып  тереңдеуі 
барысында формациялық ӛзерістерге ұшырауы немесе (негізгі) буынан ажырап 
қалуы мүмкін, бірақ олардағы тарихта жетілген ұлттық сүйіспеншіліктерін үзіп 
тастау  мүмкін  емес.  Соңғысы  сонау  баста-ақ  ұлттың  ӛмір  сүруі  мен  ұлттық 
ынтымақтастықтың  белгісі  мен  тірегіне  айналған    –  деп  пайымдайды.  Бұл 
пайым қазақ сияқты ұлттардың тарихи болмысына жауап бере алады. 
Қазақтың  ұлттық  мәдениет  ерекшеліктері  олар  ӛмір  сүрген  ортақ 
географиялық  аумақта,  тарихи  тіршілік  формасы  мен  тұрмыс  формасы 
негізінде  қалыптасқан.  Қазіргі  заманғы  этнографияда  мәдениет  тұрғысынан 
ұлттық  ортақ  тұлғаны  анықтайтын  әдістер  кӛп  қолданылады.  Бұл  жӛнінде 
Антони  Смистің(Antony  Smith)  тамаша  пайымы  бар.  Ол:  «Ұлт  дегеніміз 
мәдениеттік және қоғамдық ұғым, ол бір мәдениеттің және саясаттың ӛзегі, осы 
ӛзек  ортақ  мифті,  жадыны,  белгіні  және  дәстүрді  тұтастай  алып,  аса  беделді 
ортақ тұлға жасайды» – дейді. Осындай кӛзқарас ұсынатындар, ұлтты мәдени, 
психологиялық тұрғыдан қарастырады да, мемлекет деген – ол саяси бірлік пен 
құқықтық ұғым, ұлттың тарихы мемлекеттің тарихынан ұзақ, кеңістігі одан да 
кең, ішкі мазмұны тіпті де гуманизмдік болады, ұлт пен мемлекет байланысты 
болуы мүмкін, сондай-ақ бір ұлт бірнеше мемлекетте тұруы да ықтимал. Қайда 
болса  да  оларды  бір  ұлт  екенін  айшықтап  тұратын  басты  ерекшеліктер: 
олардағы ортақ тілі, ортақ ойлау жүйесі, ділі (менталитеті), психологиясы, әдет-
ғұрыптары,  дүниетанымы,  тарихи  жадысы  және  құндылық  талғамдары  деп 
санайды.  Осы  тұрғыдан  қарастыратын  болсақ,  айтылған  ұлттық  ерекшеліктер 
қазақ  халқында  Қазақ  хандығы  құрылғанға  дейін  негізінен  қалыптасқан  және 
Қазақ  хандығы  тұсында  дамып  жетілгенін  байқаймыз.  Мұны  біз  ұлттың  ең 
негізгі ерекшеліктерін салыстыру арқылы анық байқаймыз. 
Қазақ  тілінде  басқа  ұлттар  сияқты  жергілікті  диалекті  жоқ,  тұрмыстық 
әдет-ғұрыптары  бірдей,  салт-санасы  ұқсас,  тіпті,  адамның  тал  бесіктен  жер 
бесікке  дейінгі  ғұмырының  әрбір  кезеңдерінде  жасалатын  рәсімдері  де  ұқсас, 
сондай-ақ,  олардың  адам  ӛмірден  ӛткеннен  кейінгі  аза  тұтуы  мен  ас  беру 
салттарында да айтарлықтай айырмашылық жоқ. Осынау Алтай мен Атырауға 
дейінгі  ұлан-ғайыр  кең  далада  орналасып,  бытыраңқы  мал  шаруашылығымен 
шұғылданған  халықтың  мәдениетіндегі  осындай  біркелкілігі  басқа  ұлттарда 
кездеспейді.  Бұны  кӛшпенді  ӛмірмен  байланысты  дейін  десең,  моңғолдар  мен 
қырғыздарда  диалекті  бар.  Қазақпен  этногенезі  жақын  оңтүстіктегі  ӛзбектің, 
шығыстағы  ұйғырдың  тілінде  де  диалектісі  ауыр.  Сондықтан  болса  керек, 
қазақтың  тіліндегі  біркелкілікті  оның  неке  мәдениетіндегі  ерекшеліктермен 
байланыстырып  түсіндіреді.  Қазақтың  жеті  атадан  аспай  некеленбеу,  жеті 
атадан асқан күннің ӛзінде жеті ӛзеннің аржағынан үйлену салты , қазақ тілінің 
біркелкілігін  сақтады  деп  санайды.  Бұл  кӛзқарастың  негізі  бар.  Қазақтың  ана 
тілі  аналардың  балаларға  –  ұрпақтарға  үйретуімен  жалғасып  келеді.  Ал 
аналардың  алыстан  келуі  мен  алысқа  баруы  –  іс  жүзінде  ӛзара  мәдени 


45 
 
ықпалдастықты  ілгерілетіп  отырған.  Соның  тарихи  нәтижесі  ұлттық  тілімізде 
біркелкіліктің сақталуы болып табылады. 
Қазақтың алыстан – жеті атадан әрі некелену салты тек қазақ ана тілінің 
біркелкілігін, тазалығын ғана сақтап қалған жоқ, сонымен бірге қазақ халқының 
ішкі  байланысы  мен  біртұтастығын  нығайтып  отырды.  Сондықтан  қазақтар 
тарихта  географиялық  әкімшілік  жақтан  үш  жүзге  бӛлінгенімен,  қандастық 
жақтан  ру-тайпаларға  жіктелгенімен  олардың  арасында  жүздік  немесе  рулық 
сипаттағы жойқын әскери соғыстар болған емес. Әрине, халық болған соң жесір 
дауы, жер дауынан бас жарылып, қол сынған оқиғалар болып тұрғаны жасырын 
емес.  Бірақ  моңғолдар,  ӛзбектер,  қытайлар  сияқты  жергілікті  аймақтық  саяси 
топтардың  сан  мыңдаған,  тіпті  жүз  мыңдаған  қалың  қолмен  ӛзара  қырқысқан 
оқиғасы қазақ тарихында болған емес. Бұған да қазақтың неке салтының саяси 
рӛл  атқарып отырғанын  байқау  қиын  емес.  Жиендер  әдетте  нағашы атасының 
ауылына  шабуыл  жасамайды,  ал  нағашылары  жиенін  ұрса  «қолы  қалтырап 
қалатын» 
болған. 
Тарихта 
ӛткен 
Қытай 
патшалықтары 
кӛшпенді 
қағандықтармен  қалыпты  қатынас  сақтаудың  бір  тәсілі  ретінде  «құдандалы 
саясат»  қолданғаны  белгілі.  Бірақ  оның  саяси  мақсаты  басқа  болғандықтан, 
одан олар ойлағындай нәтиже шықпағанды. 
Қазақтың  неке  салты  этнофольклорлық  мәдениеттің  кең  таралуына  да 
белсенді  рӛл  атқарған.  Баршаға  аян,  Атырауда  айтылатын  «Қыз  Жібек  пен 
Тӛлеген»  дастаны  Алтайда  да  айтылады;  Оралда  айтылатын  «Қырымның 
қырық  бұтағы»  Тәңіртауы  (Тянь-шань)  бауырайында  да  жырланып  келді. 
Осындай ауыз-әдебиеттің классикалық үлгілерінің халық арасына соншама кең 
таралуы  –  ұлтымыздың  алыстан  құдандалы  болу  және  құда-құдашалар 
арасында  ӛлең  айтысу,  қисса-дастандар  жырлау  салтының  мәдениет  тарату 
қызметін атқарғанын кӛрсетеді. 
Қазақ  халқындағы  алыс  ру-тайпалардан  келін  алып  қыз  беру  салты, 
олардың этнотерриториясы бӛлінгеннен кейін де біршама ұзақ уақыт жалғасты. 
Жалпы айтқанда, бір ұлттың екі немесе одан да кӛп мемлекеттерде ӛмір 
сүруі  міндетті  түрде  оларды  ұлттық  қоғамның  біртұтастығынан  айырады, 
сонымен  олар  ұқсамаған  дәрежеде  негізгі  ұлттың  (титулдық  ұлттың)  саяси, 
экономикалық және әлеуметтік мәдениетінің ықпалына түседі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   207
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...