Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану


Баяндама мен рефераттардың тақырыптары



Pdf көрінісі
бет149/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   207
Баяндама мен рефераттардың тақырыптары: 
1. 
Саяси жүйе теориясының дамуының қазіргі үдерісі. 
2. 
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесінің ӛзгеруінің ерекшеліктері. 
3. 
Қоғамның саяси жүйесі: ішкі құрылымы және сыртқы орта. 
4. 
Саяси жүйенің түрлері және салыстырмалы талдау. 
5. 
Саяси жүйе және әлеуметтік мүдделер. 
 
 
 
 
3.5 Мемлекет және азаматтық қоғам 
 
Сабақтың  мақсаты:мемлекеттің  негізгі  тұжырымдамаларымен  таңысу, 
мемлекеттік  құрылым  және  билеу  формаларын    қарастыру,  әртүрлі  билеу 
формаларында жүзеге асатын мемлекеттік басқару институттарымен ,азаматтық 
қоғамның  қалыптасуымен,  Қазақстандағы  азаматтық  қоғамның  ерекшелігімен 
таңысу.  
Негізгі  түсініктер:  мемлекет,  егемендік,  мемлекеттік  құрылым 
формалары, билеу формалары, федерация, конфедерация, унитарлық мемлекет, 
президент, үкімет, парламент, сот, азаматтық қоғам. 
 
         Мемлекет  ұғымы  екі  мағынада  қолданылады.  Біріншісі,  «ел»,  «жұрт» 
деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде 
тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады. 
Мемлекеттің белгілері: 

Территори 

Тәуелсіздік немесе егемендік 

Мемлекеттік билік 

Халық 

Салық салу құқығы 
Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар.  
Олар: 
        Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс); 
Т.  Гоббс:  Мемлекет  әлеуметтік  келіспеушіліктерді  шешуге  және  күш 
кӛрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған. 


187 
 
Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған 
Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович); 
Маркстік концепция (К. Маркс); 
Теологиялық тұжырымдама (А. Августин); 
Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады). 
Мемлекет түрлері мен қызметі 
Мемлекет бірнеше түрлерге бӛлінеді. 
Басқару  түріне  байланысты:  монархия  (абсолюттік,  дуалистік  және 
конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас). 
Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней 
жатады. 
Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, 
Ұлыбритания,  Дания,  Швеция,  Нидерланды,  Жапония,  Норвегия  жатады. 
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис. 
Абсолютік монархияның белгілері: 
 монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген
Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген; 
             Конституциялық монархияның белгілері: 

Конституция монарх билігін шектейді; 

монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті 
жоқ; 

үкімет монарх алдында жауапты емес. 
 
Дуалистік монархия белгілері: 

билік монарх пен парламент арасында бӛлінген; 

монарх үкіметті тағайындайды

монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады. 
 
Парламенттік  республикаға  жататындар:  Италия,  Германия, 
Израиль, Индия, Греция, Австрия. 
 
Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, 
Ирак,  Кипр,  Швейцария  (бұл  мемлекетте  үкіметтің  міндетін  президент 
атқарады,  ол  Парламент  (Федералдық  Жиын)  арқылы  Федералдық  Кеңес 
(Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет). 
Президенттік республика белгілері: 
· Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады; 
· Президент үкіметті құрады; 
· Үкімет президент алдында жауапты; 
· Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады. 
Парламенттік республика белгілері: 
· Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады; 
· Президентті парламент сайлайды
· Үкімет парламент алдында жауапты; 
· Үкімет парламентте кӛп орын иеленген партия арқылы құрылады; 
· Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады. 


188 
 
  Аралас  республикаға  жататындар:  Франция,  Перу,  Португалия, 
Финляндия, Исландия. 
Оның белгілері: 
· Президент жалпы сайлау арқылы сайланады; 
· Президент кең құзыреттерге ие; 
·  Президент  пен  атқарушы  билікті  басқаратын  премьер-министр 
Парламент алдында жауапты. 
Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, 
Турция,  Египет,  Япония,  Швеция),  федеративтік  (Россия,  АҚШ)  және 
конфедеративтік болып бӛлінеді. 
Унитарлық мемлекетті біріктіреді: 
· ортақ Конституция
· ортақ заң шығарушы орган; 
· ортақ әкімшілік-территориялық бӛліну; 
· ішкі шекараның болмауы; 
· ортақ саясат. 
Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері: 
· заң шығарушы аппараттың икемсіздігі
· аймақтардың мәселелерін ескермеу; 
· этностық топтардың пікірімен санаспау. 
Федеративті мемлекет белгілері: 
    · бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар
·  федеративті  және  аймақтық  сот  және  атқарушы  билік  қатар  жұмыс 
істейді; 
· территориялық бірліктердің ӛз бетімен федерациядан шығуға құқығы 
жоқ; 
· саяси салада орталыққа бағынған. 
Конфедерация белгілері: 
· ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді; 
· азаматтық ортақ емес; 
· ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ. 
Діни  белгісіне  байланысты:  зайырлы  және  діни  болып  бӛлінсе,  саяси 
режимнің  қалыптасуына  байланысты  демократиялық,  авторитарлық  және 
тоталитарлық болып үшке бӛлінеді. 
Негізгі приоритетті қызметіне байланысты  құқықтық және әлеуметтік 
деп бӛлеміз. 
Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады? 
Мемлекет  негізгі  екі  қызмет  атқарады:  ішкі  және  сыртқы.  Ішкі 
қызметіне жататындар: 
·  экономикалық  салады  мемлекет  кәсіпкер,  жоспаршы,  уйлестіруші 
ретінде мәселелерді шешеді
· әлеуметтік ӛмірді ұйымдастырады; 
· заңдылықты қамтамасыз етеді; 
· мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады; 


189 
 
· Сыртқы қызметіне жататындар: 
· мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; 
· ӛзін-ӛзі билеу, егемендігін сақтау; 
· ауқымды мәселелерді шешуге араласу; 
· басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау; 
Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын 
орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. 
    Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні 
Бұл  екі  ұғым  кӛптің  аузына  соңғы  жылдары  ғана  ілікті.  Бұрын  20-
жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, 
кейін  ұмыт  болған-тын.  Оның  есесіне  жалпы  халықтық  мемлекет  және 
қоғамдық ӛзін-ӛзі басқару тіркестері қолданыла бастаған. 
Қазір  азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекет  қайтадан  құжаттарға 
еніп,  ғалымдар  ден  қоя  бастады.  Ал  шындығында  бұл  екі  ұғымның  мән-
мазмұны  неде,  ара-қатынасы  қандай, шығыстық ойда қандай  кӛрініс  тапқан? 
Осы  сұрақтарға  жауап  іздеп  кӛрелік.  Саяси  ой  тарихында  азаматтық  қоғам 
туралы  ой-тұжырымдамалар Г.В.  Гегель еңбектерінде  орын  тапқан.  Гегель 
бойынша,  «азаматтық  қоғам  –  жеке  меншіктілердің  бірлестігі»,  және  де 
азаматтық  қоғам  тарихи  процесстің  диалектикалық  дамуының  ерекше  кезені 
болып 
табылады. 
Сонымен 
қатар, 
азаматтық 
қоғам 
туралы 
идеялары марксизм де  ерекше  орын  алады.  Гегель  мен  бірдей,  К.Маркс 
азаматтық  қоғамды  тарихи  феномен  деп  қарастырған.  Әсіресе  оның 
«Капитал», «Саяси экономияны сынау» еңбектерінде осы мәселеге кӛп кӛңіл 
аударған. 
Азаматтық  қоғам  тарихи  жағынан  мемлекеттен  бұрын пайда  болған,\. 
Азаматтық  қоғам-адамдардың  ӛмір  сүруіне,  тіршілік  етуіне  қажетті  ӛзара 
қарым-қатынасының  шарты.  Ӛйткені  адам  тіршілік  ету  үшін  бір-бірімен 
қатынас  жасап,  ӛзара  қауымдасып  еңбек  етеді.  Сӛйтіп  адамдар  жаңа 
материалдық  игіліктер  жасайды,  сол  игілікті  бӛлісу,  айырбастау,  бірлесіп 
пайдалану  үшін,  бір  сӛзбен  айтқанда,  тіршілік  тоқырап  қалмау  үшін  түрлі 
әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп 
ӛз  мүдделерін  қорғайды.  Адамдардың  қауымдасуы  ӛзінің  белгілі  бер  даму 
кезеңінде  ӛз  қауымдастарының  жеке  бастары  мен  отбасы  мүшелерінің, 
бірлестіктері  мен  ұжымдарының  мүддесін  қорғау,  тыныштығын  қамтамасыз 
ету  үшін  саяси  күшті  қажет  етеді.  Мұндай  күш  ретінде  ӛмірге  мемлекет 
келеді. 
Мемлекет ӛзін азаматтық қоғамның ӛзу туғызып, оны соның ӛзі асырап, 
оның  іс-әрекетін  бақылап  отырғанын  кейде  ұмытып,  бар  билікті  ӛзуысында 
ұстауға  тырысады.  Азаматтық  қоғам  ӛз  ықпалын  әлсіреткен  жағдайда, 
мемлекет  ӛзінің  зор  күшіне  еніп,  жыртқышқа  айналады.  Қоғамның  бүкіл 
ұңғыл-шұңғылына  араласып,  адамды  басып-жаныштайды,  адам  бостандығы 
мен құқын аяққа басуға дейін барады. 
Адамның ӛзі дүниеге келтірген саяси күш  – мемлекет бірте-бірте оның 
ӛзіне  ауыз  салады,  экономикалық  қыспаққа  салады,  алым-салықты  үдетіп, 


190 
 
саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, 
адамдарды  кейде  жазықсыздан-жазықсыз  жазалайды,  айдауға  жіберіп, 
түрмелерге  жабады.  Осыған  орай  адам  мемлекеттің  зорлық  зомбылығын 
шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу 
ықпалын  пайдаланып,  соған  арқа  сүйемек  болды.  Азаматтық  қоғамды 
дамытуға күш салды. 
Азаматтық  қоғамның  ең  радикалды  концепциясын Т.Пейн «Адам 
құқығы» еңбегінде ұсынған.Ол бойынша, азаматтық қоғам  мемлекетке қарсы 
тұрады,  мемлекет  –  ол  ұлы  зұлымдық.  Кӛпшілік  арасында  азаматтық  қоғам 
мен  ұлттық  мемлекетті  бір  біріне  қарсы  қойып,  оларды  бірін  бірі  теріске 
шығаратын  антиподтық  ұғым  деп  түсіну  кеңінен  етек  алып  отыр.  Бұл  әрине 
дұрыс  емес.  Азаматтық  қоғам  мемлекеттің  ұлттық  сипатына  ешқандай  да 
қарсылық  кӛрсетпейді,  керісінше  ол  құқытық  мемлекеттің  қалыптасуына 
қызмет етеді. 
Құқықтық  мемлекет  орнықпайынша,  әкімшіл-әміршіл  жүйе  бой 
кӛрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен 
шалыс  қадамы  жазаланып  отырылады.  Тӛрт-бес  күнге  кӛршілес  елге  барып 
қайту  үшін  де  мемлекеттен  рұқсат  сұрап,  әуре-сарсаңға  түседі.  Мемлекет  ӛз 
үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына 
да  қол  сұғып,  жӛн-жосықсыз  араласудан  біржола  арыла  алмайды.  Мұны 
тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ 
қабылданған  заңдармен  реттеп,  заңдастырып  отыру  –  құқықтық  мемлекеттің 
қызметі. 
Азаматтық  қоғам  ұлт  мүддесіне  қарсы  әрекет  етпейді.  Керісінше,  адам 
құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет 
деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне 
қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде ӛрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам 
мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін 
әрекеттеріне  қарсы  бой  кӛтереді,  нағыз  демократия  үшін  күреседі.  Осыны 
ажырата білген абзал. 
Азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекеттің  қалыптасуы  бір  бірімен 
ӛзара тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   207




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар