Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану

Loading...


Pdf көрінісі
бет144/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   207
мемлекет. Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. 
Оның негізгі принциптері: 
азаматтар үшін – ―заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі‖ , 
мемлекеттік  органдар  мен  лауазым  иелері  үшін  –  ―заңда  нақты  не 
кӛрсетілсе, соған ғана рұқсат‖ болып табылады. 
Құқықтық  мемлекет  жұртшылық  пен  мемлекеттік  лауазым  иелерінің 
құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті 
жоғары  дәрежеге  кӛтеруді  мақсат  тұтады.  Құқықтық  мемлекеттің  сапалық 
белгісі  –  адам  және  азамат  құқығы  мен  бостандығына  халықаралық,  ӛлшем 
деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет 
пен  азаматтың  ӛзара  қатынасының  дәйекті  жүргізілетініне  кепілдік  бере 
алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын кӛрініс тапқан. 
Қазақстан  - әлеуметтік  мемлекет.  Конституцияда  кӛрсетілгендей, 
Қазақстан  Республикасы  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  мемлекет 
болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады. 
Әлеуметтік  мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас 
қоғам  мен  азаматтарға  қызмет  етеді.  Ол  мемлекеттік  қор  есебінен  барлық 
азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер кӛрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да 
теңдей  бӛлу  жолымен  әлеуметтік  теңсіздікті  болдырмауға  әрекет  етеді. 
Мемлекеттің 
әлеуметтік 
сипатын 
Республика 
Конституциясында 
кӛрсетілгендей,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  ғылым,  мәдениет,  халықты 
жұмыспен  қамтамасыз  ету,  еңбекті  қорғау,  әлеуметтік  қамсыздандыру  және 
жағдайы  тӛмен  отбасыларына  кӛмектесу  сияқты  шаралардан  кӛруге  болады. 
Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең тӛменгі күнкӛріс қажеті мен ӛмір сүрудің 
лайықты  жағдайларын  жасауды  талап  ету  құқығын  мойындацды.  Бұған 
денсаулық пен адам ӛміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді. 
Бұл  шараларды  әлеуметтік  мемлекет  жалпы  және  мақсатты  әлеуметтік 
бағдарламалар  арқылы  жүзеге  асырады.  Қоғам  мен  азаматтардың  нақты  бір 
категорияларының  мүддесі  үшін  күрделі  экономикалық  жоспарлауға  және 
бюджеттік  қаржыландыруға  жүгінеді.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда ―1996-1998 жылдары реформаны тереңдету 
жӛніндегі  іс-қимыл  бағдарламасын‖  қабылдады.  Оның  негізгілерінің  бірі  – 
әлеуметтік  саясат‖  аталатын  үшінші  бӛлім  болды.  Сондай-ақ  1995  жылы 
желтоқсанның  19-ында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  қабылдаған 
―Қазақстан  Республикасы  тұрғындарының  әлеуметтік  тұрмыс  жағдайларын 
жақсарту  жӛніндегі  шаралар  туралы‖  Жарлығы  да  осындай  игілікті  істердің 
қатарына қосылады. 


182 
 
Алайда  әлеуметтік  мемлекетті  ―Социалистік  мемлекет‖  деген  ұғыммен 
шатастыруға  болмайды.  Әлеуметтік  мемлекет  нақтылы  экономикалық 
мүмкіндіктерге  сай  әлеуметтік  қамқорлықтарды  ӛз  міндетіне  алады  және 
азаматтардың  еңбек  пен  кәсіпкерлік  белсенділігінің  тӛмендеп,  теңгермелік 
кӛңіл-күйдің  болуына  жол  бермейді.  Сондықтан  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының  екінші  бӛлімінде  азаматтың  құқығы,  бостандығын  және 
міндетін бекіте отырып, жеке адамның ӛмірін және еркін жетілуін қамтамасыз 
ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның ӛзінің санасы мен ерік-жігерінің 
ісі  екендігін  атап  кӛрсетеді.  Әлеуметтік  мемлекет  бірінші  кезекте  жеке 
бастамалар  мен  қоғамдағы  экономикалық  еркіндік  үшін  қажетті  жағдайлар 
туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы ―бүкіл халықтың игілігін кӛздейтін 
экономикалық даму‖ үйлестіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   207
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...