Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану

Loading...


Pdf көрінісі
бет133/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   207
ымырашылдық 
кӛзқарас. 
Бұл 
кӛзқарас 
бүгінде 
ғалымдар 
мен 


174 
 
саясаткерлердің арасында үлкен орын алады. Ол саясаттың ерекшелігін ескере 
отырып, адамгершіліктің оған әсер етуін мойындау қажеттігін айтады. 
Ымырашылдық  кӛзқарастың  ең  белгілі  негізін  қалаушылардың  бірі 
Макс  Вебер.  Ол  этика  мен  саясатты  түгел  бӛлудің  қажеті  жоқ  деп  есептеді, 
бірақ  соңғының  ерекшелігін  ӛте  ұқыпты  ескеру  керек.  Жолдастарың  мен 
бәсекелестеріңе,  қызмет  бабы  мен  отбасылық  қатынастарға,  іскерлік  пен 
жеңсіқұмарлыққа,т.б.,  бәріне  бірдей  қолданатын  біріңғай  адамгершілік 
кодексінің болуы мүмкін емес. Оның ойынша, этика саясаттың, оның ішінде 
ең  негізгісі  күш  қолдану  болып  табылатын  ерекшелігін  ескеруі  қажет.  Дәл 
айтқанда,адамзат  одақтары  қолындағы  заңды  күштердің  ерекше  амалы,-  деп 
кӛрсетті  ол,  –  саясаттың  барлық  этикалық  проблемаларының  ерекшелігіне 
себепші болады. 
Саясатқа  адамгершіліктің  әсері  шекарасын  белгілеу  үшін  М.Вебер 
моральді  сенім  этикасы  және  жауапкершілік  этикасы  деп  бӛледі.  Шығындар 
және құрбандармен есептеспей, қандай нәтижеге келуіне қарамастан сенімнің 
этикасы адамгершілік принциптері жолымен жүретіндігін кӛрсетеді. 
Керісінше,  жауапкершілік  этикасы  нақты  жағдайды  есепке  алуды, 
саясатты ең алдымен оның салдарына бағыттау,саясаткерлердің болжамдауға 
болатын үлкен зұлымдықты алдын-ала болдырмау, сонымен қатар кішкентай 
зұлымдықтың  кӛмегімен  ӛз  әрекеттерінің  нәтижесіне  ішкі  жауапкершілігін 
талап етеді. Нақты әрекеттерде жауапкершілік этикасы мен сенім этикасының 
ара-қатынасын анықтайтын саясатшының ӛзі болады. 
М.Вебердің  мораль  мен  саясаттың  ара-қатынастары  туралы  осы 
идеялары әлемде кең тарады. Бірақ та ӛзіндік шынайлығына қарамастан оның 
бірқатар  осалдығы  бар.  Ең  әуелі  М.Вебер  саясатты  шындығында  күш 
амалдарын  ашық  қолдануға  саяйды  да,  сонымен  бірге  адамгершіліктің 
саясатқа  әсерінің  мүмкіншілігін  тарылтады.  Бірақ  та,саясаттың  міндеттері, 
әсіресе,  қазіргі  демократиялық  мемлекеттерде,  күш  қолданудан  да  кӛбірек 
күрделі. Бірқатар саяси мәселелерді шешуде күш қолдану немесе оны қолдану 
қаупі  істерге  кедергі  келтіруі  мүмкін.  Саяси  акторлардың  азаматтық 
жауапкершілігінсіз,  ымыраға  дайындықсыз,ынтымақсыз  және  кооперациясыз 
қазіргі замандағы құқықтық мемлекет мүмкін емес. Саясат мазмұнының күш 
қолдану саласының ар жағына шығуы онда адамгершілік құндылықтарынкең 
қолдануға мүмкіндік береді. 
Жалпы  алғанда  моралдің  саясатқа  әсер  етуі  бірқатар  бағыттарда  іске 
асыруға  болады  және  асыру  керек.  Бұлар  –  адамгершілік  мақсаттарын  қою, 
оларға  теңбе-  тең  және  шынайы  жағдайлардың  әдістері  мен  амалдарын 
таңдау,қызмет  процесінде  моральдық  принциптерді  есепке  алу,  саясаттың 
тиімділігін қамтамасыз ету. Әрине, шынайы саясатта осы барлық талаптарды 
орындау  –  ӛте  күрделі  міндеттер.  Іс  жүзінде  адамгершілік  тек  жарияланған 
мақсаттарға тәуелді болмай, қайта оларға қол жеткізуде қолданылатын әдістер 
мен амалдарға байланысты болады. 
Қорыта  айтқанда,  мораль  саясатқа  саяси  процеске  қатысушылар 
қызметінің  нәтижесі  мен  тәртібін  бағалау,  оларға  моральдық  талаптар  қою 


175 
 
арқылы  әсер  етеді.  Ӛз  кезегінде,  саясат  моральға  азаматтардың  саяси 
мәдениетін  қалыптастырып,оларды  мемлекет  пен  қоғамды  басқаруға 
итермелеу арқылы әсер етеді. Адамгершілік саясат үлкен ӛзгертуші күшке ие 
болады.  Керісінше,  саясаткерлердің  моральдық  нормаларды  ескермеуі 
олардың қызметінің әлеуметтік тиімділігін тӛмендетеді, қоғам мен тұлға үшін 
бүліншілікпен айналып келеді. Сонымен, саясат ылғи да бар және келешекте 
де  оның  субъектісінің  моральдық  жауапкершілігінің  саласы  болады.  Саясат 
моральмен  одағынсыз  оған  жоғары  қоғамдық  мақсаттарды  және  оларды 
ӛмірге  енгізетін  гумандық  амалдарды  кӛрсететін  компастан  айырылады. 
Адамгершіліксіз  саясат  қоғамда  демократиялық  ӛзгерістерді  және  оның 
прогресін,  адамды  рухтандыратын  және  кӛтеретін  идеалдар  мен 
құндылықтарды қамтамасыз ете алмайды. 
Саясат  мұратында  ғылымның,  моральдың  және  ӛнердің  қорытпасы, 
синтезі  болуға  тиісті.  Ғылыми  саясат ӛзіне  тек қана  адамгершілікті  ғана  емес, 
ол  сонымен  бірге  әртүрлі  фактілер  мен  шындықтың  оқиғаларына  теориялық 
талдау жасайтын ӛнерді де, шеберлікті де, жанжақтылықты да және икемділікті 
де ӛзіне қосып алады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   207
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...