Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану



Pdf көрінісі
бет12/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   207
 
Шығармашылық тапсырма 
«Саясаттағы  рәміздер.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік-саяси 
рәміздері» атты  тақырыпты негізге алып ,презентация  жасаңыздар. 
 
Талқылау сұрақтары 
1.Рухани  жаңғыру  бағдарламасының  ұлттық  мәдениетімізді  сақтаудағы 
рӛлі қандай? 
2.Мәдени кодтың ұлттық болмысты сақтап қалудағы рӛлі қандай? 
3.Қазііргі қазақстан қоғамының мәдениетінің рәміздерінің ерекшелігі неде? 
 
 
1.4 Мәдениет анатомиясы 
 
Сабақтың  мақсаты:  мәдениет  анатомиясымен  танысу,  мәдениет 
құрылымы мен қызметтерін  талқылау. 
Негізгі  ұғымдар:  мәдениет,  миф,  ӛнер,  дін,  мораль,философия,  құқық, 
саясат, ғылым, техника. 
      
Мәдениетті  бағалаудың,  түсінудің,  зерттеудің  әртүрлілігі  сияқты 
мәдениет  әлемі  де  алуан  түрлі.  Біз  "дәуір  мәдениеті",  "этнос  мәдениеті", 
"ұлттық  мәдениет",  "христиандық  мәдениет",  "мұсылмандық  Шығыс 
мәдениеті",  "апполондық  мәдениет",  "Қытай  мәдениеті"  және  т.б.  ұғымдарды 
кӛп  кездестіреміз.  Осыған  ұқсас  барлық  ұғымдар  әртүрлі  мәдени 
тұтастықтарды  тарихи,  немесе  әлеуметтік,  немесе  философиялық  кӛзқарастар 
тұрғысынан  жіктеу  нәтижесінде  тізбектеледі.  Білімнің  әрбір  гуманитарлық 
саласы  мәдениеттің  алуан  түрлілігін  ӛз  негіздеріне  сай  белгілі  бір 
классификацияда  жіктеуге  ұмтылады,  мұның  ақыры,  бүтіндей  алғанда, 
мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі. 
Мәдениет  философиясының  пәні  мәдениет  формаларын,  олардың 
мағынасын  философиялық  талдау  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда, 
культурфилософия 
(мәдениет 
философиясы) 
мәдениеттің 
идеясын, 
мақсаттарын,  принциптері  мен  алғышарттарын  зерттейтін,  универсалды  және 
барлығын  қамтитын  феномен  ретінде  мәдениетті  философиялық  пайымдауға 
бағытталған  философиялық  пән  болып  табылады.  "Культурфилософия" 
терминін XІX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. Мәдениет 
философиясы  дербес  сала  ретінде  XVІІІ  ғасырдың  аяғында  XІX  ғасырдың 


16 
 
басында  бӛлініп  шыға  бастағанымен  ХХ  ғасырда  ерекше  қарқынды  дамыды. 
ХХ  ғасырдың  басында  культурфилософия  мәдениет  эволюциясының  әртүрлі 
кезеңдерін  зерттеуге  бет  бұра  бастайды.  Осыған  байланысты  мәдениет 
феномендерін  зерттеуде  ерекше  тәсілдерді  қолданып,  онымен  айналысатын 
арнайы  ғылым  саласын  қалыптастыру  идеясы  пайда  болды.  Мысалы, 
жаңакантшылдар  В.Виндельбанд  (1848-1915)  пен  Г.Риккерт  (19863-1936) 
"мәдениет  туралы  ғылымдар"  мен  "табиғат  туралы  ғылымдарды"  ажыратуды 
ұсынды.  Осылайша  олардың  концепциясы  мәдениет  философиясындағы 
оппозициялардың  бірін  –  мәдениет  пен  табиғаттың  арақатынасы  мәселесін, 
сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық (аксиологиялық) мәнін айқындады. 
Ф.Ницше  мәдениеттегі  дионистік  және  аполлондық  бастаулар 
туралы. Ф.Ницше мәдениет типологиясының толық картинасын беруді арнайы 
мақсат етіп тұтпағанымен, оның "ӛмір философиясына" сәйкес, философиялық 
шығармаларының  бүкіл  контексінен  ("Трагедияның  музыка  рухынан  пайда 
болуы", 
"Мезгілсіз 
пайымдаулар", 
"Заратустра 
осылай 
деген", 
"Антихристианин  және  т.б.")  батыстық  мәдениет  генезисінің  ӛзіндік 
концепциясы  ӛз-ӛзінен  туындайды.  Ол  батыстық  мәдениеттің  қайнар  кӛздерін 
антикалық  заманнан  шығара  отрып,  оның  кезеңдерін  –  христиандықты,  қайта 
ӛрлеуді, жаңа заманда ӛзінше пайымдайды. 
Ф.Ницше  мәдениетті  адамзаттың  ӛзін-ӛзі  іске  асыруының  тәсілі  ретінде 
қарастырып,  онда  физикалық  тұрғыда  әлсіз  "зоологиялық  түрдің"  (адамның) 
аман  қалу  барысында  қалыптасқан  басты  қасиеттері  ретінде  интеллект  пен 
қиялды бӛліп кӛрсетеді. Ницшеннің түсінігінше, мәдениет "билікке деген ерік", 
"ӛмірге  деген  ерік"  принциптерімен  ӛлшенеді.  Адам  болмыстың  қасіретінен 
жоғары  тұрып,  жоғары  адамға  айналуы  тиіс.  Жоғары  адам  идеясы  ӛмірдің 
неғұрлым  жетілген  формаларын  құру  үшін  адамзат  табиғатының  кӛптеген 
қасиеттерін игеру қажеттілігіне меңзейді. Жоғары адам ӛміріндегі барлық ӛзіне 
қарсы  кеселді,  жалғандықты,  дұшпандықты  жоя  алады,  тобырдың  моралынан 
азат  бола  отырып  ол  ӛзінің  әрекеті  үшін  жауапкершілікті  мойнына  алады. 
Жоғары  адам  ӛмірінің  ӛрлеуімен  сипатталатын  трагедиялық  дәуірдің 
туындысы,  оның  энергиясы  екі  бастаумен  толтырылған:  дионистік  және 
аполлондық.  Мұндай  нағыз  мәдениетті  Ницше  Сократқа  дейінгі  Грециядан 
табады, онда болмыстың тұтастығының, ӛмірдің толықтығының символдары – 
Апполлон мен Дионис энергияларының, бұл екі бастаудың теңдігі мойындалған 
болатын. Бұл екі түпкі бастау антикалық мәдениеттің ғарышын қалыптастырды, 
ол  кейінірек  бүкіл  батыстық  сананы  қамтыды,  бірақ  ӛзінің  бұрмаланған 
формасында.  Бұл  бұрмалау  Ф.Ницшенің  пікірінше,  батыстық  мәдениетті 
дағдарысқа  әкелді,  "құндылықтардың  барлығын  қайта  бағалау"  ахуалын 
орнатқан, "құдайдың ӛлімі" коцепциясын жарияланған "европалық нигилизмге" 
ұласты. 
Ф.Ницшенің  түсіндірмелерінде  Аполлон  мен  Дионистің  мифологиялық 
бейнелері 
культурфилософиялық 
мәнге 
ие 
болады. 
Ежелгі 
грек 
мифологиясының  кейіпкерлері  Аполлон  мен  Дионистің  әртүрлі  қасиеттерді 
білдіргені  белгілі.  Платон,  мысалы,  Аполлонның  бейнесін  ӛзінің  атқарған 


17 
 
негізгі  мифологиялық  функцияларына  қарай  (садақ  атқыш,  кӛріпкел, 
адамзаттық және ғарыштық үйлесімділіктің сақтаушысы) пайымдады. Аполлон 
Герместен  кифараны  алып,  музыканың  қамқоршысы  атанды.  Кейіннен 
пластикалық  ӛнердің  үйлесімділігін  білдірді.  Оның  бейнесіндегі  рационалдық 
пен  стихиялық  күштің  бірігуі  оның  Диониспен  арасындағы  қарама-
қайшылыққа  қарамастан  байланыстың  болғандығын  дәлелдейді.  Ӛз  кезегінде 
Дионис  те  Аполлонмен  қатар  тұтылған  тәңірдің  бірі.  Парнаста  әрбір  екі  жыл 
сайын  Дионистің  құрметіне  оргиялар  ұйымдастырылып  тұрды.  Ницше 
аполлондық  бастауды  пластикалық  ӛнермен,  ал  Дионисті  музыкамен 
байланыстырады.  Аполлон  мен  Дионистің  бәсекелестігін  келісімге  келтіріген 
Эсхил мен ежелгі грек трагедиясы болды, кейінірек оны ақылға табынушылық 
басып  тастады.  Сократ,  Платоннан  басталған  әлемді  ӛз  заңдары  бойынша 
рационалды  түрде  тәртіпке  келтіруге  тырысқан  философиялық  және  мәдени 
дәстүр жоғары адамның трагедиялық дүниетанымын бұрмалайды. Бұл дәстүрді 
Ф.Ницше "әлемге жала жабу" деп атайды. Ӛйткені ол ӛмірден барлық "ақылға 
тән  емес"  нәрселерді  алып  тастайды.  Бұл  батыстық  мәдениеттің  дионистік 
бастауды  "ақылмен",  "ақиқатпен",  "Құдаймен"  басып  тастау  арқылы,  яғни 
жоғары  аполлонизм  жолымен  жүргендігін  кӛрсетеді.  Осылайша,  адамзаттың 
табиғи  қалпы,  философтың  пікірінше,  христиандық  жағынан  бұрмалауға 
ұшырады,  адам  болмысының  нағыз  кӛздері  Құдайдың  кӛлеңкесінде  жасырын 
қалды.  Ал  кейінірек,  жаңа  заманда  Құдай  бейнесі  әлемді  заңды  тәртіпке 
келтіруге тырысқан интеллекттің, ғылыми ақиқаттың бейнесімен алмасты. Ӛмір 
интеллект  ойынының  ережелерімен  реттелетін  болды,  онда  ӛзін-ӛзі  анықтауға 
орын  қалмады,  тіршілік  апофеозы  қалыптасты.  Мұның  бәрі  адамды  ӛмір 
сүрудің  кӛзі  -  ӛмірден  арасын  алшақтатты.  Ф.Ницше  ӛмірмен  кӛбірек 
байланысты  иллюзияның  түрі  ретінде  -  ӛнердің  рӛлін  ерекше  бағалайды: 
"мәдениет-  бұл  бейберекетсіз  хаостың  сыртындағы  жұқа  ғана  алманың 
қабықшасы".  Ол  адамзатты  күйреуден  сақтауы  тиіс  және  еркіндік  пен 
шығармашылықты  бағалайтын  адамгершілікті  және  дені  сау  адамды 
қалыптастыруы  қажет.  Бұл  құрамында  дионистік  (ӛмірлік  күштердің  еркін 
ойыны) және аполлондық (ӛлшемділік, шектеулік) бастаулар ӛз тұтастығы мен 
тепе-тең қайшылығында кӛрінетін ӛнер болуы керек. 
М.Вебердің "идеалды типі" әлеуметтік-мәдени теорияның методологиясы 
ретінде.  Макс  Вебер  (1864-1920)  –  ХІХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  ең  ірі 
әлеуметтанушылардың бірі. М.Вебердің айналысқан ғылыми салалары ӛте кең: 
ол антикалық заман, ортағасырлар мен жаңа заманның діні мен ӛнері, құқығы 
мен шаруашылығының тарихын зерттеді. Урбанизация мәселесіне байланысты 
антикалық  және  ортағасырлық  қалалардың  тарихымен  айналысты.  Мәдениет 
туралы  ғылымның  жалпы  маңыздылығы  М.Вебер  зерттеулерінің  негізгі 
тақырыбына  айналды.  Оның  логикалық-методологиялық  қондырғылары  ӛз 
құрамында  мәдениет  саласын  да  кіргізетін  әлеуметтік  ғылымдардың  таным 
принциптерін  жасақтауға  үлкен  ықпал  етті.  Ол  барлық  таным  ғылымның 
мүдделері мен құндылықтарына байланысты деп есептеді. Сондықтан ол әрбір 
нақты  жағдайдағы  эмпирикалық  объектті  зерттеудің  тәсілі  мен  таңдауын 


18 
 
анықтайтын "танымдық мүдде" ұғымын енгізеді. Сонымен қатар әлемді кӛрудің 
мәдени-тарихи  тәсілін  анықтайтын  "құндылықтың  идеясы"  ұғымын да  енгізді, 
ӛйткені біз мәдени жан болғандықтан оны бағаламай, оған мән бермей әлемді 
зерттей алмаймыз. Таным барысында қай құндылықтың анықтаушы болатыны 
ғалымның  ӛзіндік  шешімінің  нәтижесі  емес,  уақыт  рухының,  мәдениет 
рухының  ӛнімі. Вебер  құндылықты  белгілі  бір  тарихи  дәуірдің  қондырғысы 
ретінде, оған тән "мүдденің бағыты" ретінде түсіндіреді. Зерттеудің бағыты мен 
мақсатын  анықтайтын  идеялар  мен  мүдделер  уақыт  ағымында  ӛзгереді, 
мәдениет  туралы  ғылымдарда  келтіретін  ұғымдарда,  яғни  "идеалды  типтерде" 
бейнеленеді.  Идеалды  тип  теориялық  конструкциялар  түрінде  кӛрінетін 
"дәуірдің мүдделері" болып табылады. 
М.Вебердің  әлеуметтануында  әртүрлі  идеалдық  типтерді,  яғни 
үстемдіктің  (билік  формасы,  басқару),  әлеуметтік  әрекеттің,  діннің 
типологиясын табуға болады. 
Мәдениеттаным 
үшін 
оның 
дін 
немесе діни 
ӛмір 
типологиясы қызығушылық тудырады. Бұл мәселеге оның "Протестант этикасы 
және капитализм рухы", "Дін социологиясы" еңбектері арналған. Ғалым ӛзінің 
жұмыстарын  дамыған  қоғамдарға  тән  діндарлықтың  формаларын  зерттеуге 
арнайды,  негізгі  назарды  әлемдік  діндерге  аударады:  буддизм,  иудаизм, 
зороастризм,  христиан,  ислам,  яғни  ӛзіндік  санасы  жетілген  тұлғаның, 
интеллектуалдық  дамудың,  әлеуметтіліктің  жоғары  деңгейі  байқалатын 
қоғамдардың  діндері.  Діни  ӛмірдің  әртүрлі  формаларының  материалдары 
негізінде  М.Вебер  қандай  әлеуметтік  жағдайларда,  әлеуметтік  топтар  мен 
кәсіби 
топтарда 
діннің 
ғұрыптық-табынушылық, 
аскеттік-әрекеттік, 
мистикалық-пайымдық  және  интеллектуалды-догматтық  сәттері  басым 
болатынын  бақылайды.  Магиялық  элементтер  егінші  халықтардың  (әсіресе 
шаруаларда)  дінінде  кӛп  ұшырасады,  тағдырға,  жазмышқа  сену  жауынгер 
халықтардың  (әскерилердің)  дініне  тән;  қала  халқының  (қолӛнершілер  еңбек 
процесін  рационалды  ұйымдастыруға  бағынышты)  рационалды  сипатта 
болады. 
Әлемдік  діндер  тек  бір  халықтың  немесе  топтың  ішінде  ғана 
таралмайтындықтан  жоғарыда  кӛрсетілген  сәттердің  әртүрлі  қосындылары 
кездесіп  отырады.  Вебер  қытай  мәдениетінде  орасан  зор  рӛл  атқарған 
конфуцийшілдікті талдай отырып, діндарлықтың индивидуалды типін былайша 
сипаттайды.  Конфуцийшілдік  ӛте  нақтылы,  буддизмге  немесе  христиандыққа 
тән о дүниеге деген қызығушылық оған мүлде жат. Конфуцийшілдік этиканың 
маңызды игіліктері - ұзақ ӛмір, денсаулық, байлық, яғни бұл дүниедегі берекелі 
ӛмір.  "Ресми  конфуцийшілдікте  батыстық  мағынадағы  индивидуалды 
жалбарыну 
жоқ. 
Ол 
тек 
ғұрыптық 
формаларды 
ғана 
біледі." 
Құдайтаңдаушылық, аяугершілік идеялары қытай рухына жат. "Буддизм сияқты 
конфуцийшілдік те этикалық ілм болды. Алайда ӛзінің ішкі әлемдік этикасына 
сай ол буддизмге қарама-қарсы. Буддизмге қарағанда конфуцийшілдіктің онан 
да  үлкен  айырмашылығы  сыртқы  әлемге,  оның  тәртіптері  мен  шарттарына 
бейімделуінен кӛрінеді". Конфуцийшілдіктің ақыл-ойы, - деп жазады М.Вебер, 


19 
 
-  тәртіптің  рационализмі  болды.  Қатар,  тәртіп  және  үйлесімділік  сияқты 
конфуциандық этиканың негізгі принциптері мемлекеттік жағдайға да, адамзат 
жанының  жағдайына  да  бірдей  қолданылады.  Конфуциандық  этиканың 
ерекшелігі  оның  рационализміне  қарамастан  зұлым  күштерге  үстемдік  ететін 
магияға  қарсы  келеді.  Вебер  конфуцийшілдіктегі  екі  бастауды  кӛрсетеді: 
этикалық-рационалдық  және  иррационалдық-магиялық.  Рационализмнің  бұл 
типінің 
батыстық 
типтен 
айырмашылығы 
оның 
магиямен 
және 
дәстүршілдікпен  бірігуінде  болды  және  сондықтан,  мұнда  шаруашылық 
жүргізудің,  басқарудың  батыстық  формалары,  табиғат  пен  адамға  деген 
абстрактілі-формальды қатынас қалыптаса алмайды. 
М.Вебер  діндерді  олардың  әлемге  деген  әртүрлі  қатынастарының 
негізінде де жіктейді. Егер конфуцийшілдік әлемнің ӛмір сүруін мойындаса, ал 
буддизм  оны  теріске  шығарады.  Кейбір  діндер  әлемді  оның  жетілдіру  мен 
түзетулері  жағдайында  қабылдайды.  Олардың  қатарына  зороастризм, 
христиандық  және  ислам  жатады.  Әлемнің  қабылдануы  және  қай  мӛлшерде 
қабылдануына  қарай  діни  этиканың  саясатқа  қатынасы  бағынышты. Әлемді 
теріске  шығаратын  діндердің  әдетте  саяси  белсенділігі  тӛмен.  Әлем  толық 
қабылданатын  жерлерде  діни  кӛзқарастар  саясат  саласымен  толық  келісімге 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   207




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде