Л. С. Ахметова МӘдениеттану, Әлеуметтану және саясаттану


 Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет105/207
Дата22.09.2021
өлшемі1.54 Mb.
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   207
2.10 Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. 
 
Сабақтың  мақсаты:  социологиялық  зерттеудің  мәнін,  қызметі  мен 
түрлерін, методологиясы мен әдіс-тәсілдерін анықтау. 


151 
 
          Негізгі  түсініктер:  социологиялық  зерттеу,сұрау-салу,  сауалнама, 
сұхбат, бағдарлама, іріктеу, техника. 
 
Социологиялық  зерттеу-социологтардың  қазіргі  уақытта  назарын 
аударып отырған әлеуметтік құбылыс туралы білім алуға бағытталған іс-әрекет. 
Бүгінгі  күндердегі  социологиялық  зерттеу  алуан  түрлі  жұмыстардың  бүтіндей 
бір  кешені  болып  табылады.  Әлеуметтік  зерттеуді  бір  мақсат  кӛздейтін  бір-
бірімен  тығыз  байланысты  әдістеме  білімдік,  әдістемелік  және  ұйымдық-
техникалық  рәсімдер  жүйесі  деп  блген  жӛн:  мақсат-зерттеменің  құбылыс 
немесе үрдіс туралы айқын деректер жинап, оларды пайдалану. 
Социологиялық зерттеулер мынадай қызмет атқарады: 
1.әлеуметтік  құбылыстардың,  үрдістердің  нақты  жайкүйін  бейнелеу 
немесе оларды ӛзгертуге әсер етер факторларды анықтау;    
2. басқару шешімдерін негіздеп, оларды жүзеге асыру тиімділігін бағалау
3.кездесер  қиыншылықтарға  талдау  жасап,  әлеуметтік  субъектілердің 
мүмкіндіктерін, әлеуметін толық пайдалануға бӛгет жасар қиындықтарды жою 
жӛніндегі ұстанымдарды белгілеп беру; 
4. әлеуметтік субъектілердің мүмкіндіктерін белгілеп беру; 
Әлеуметтік  зерттеулердің  үш  түрі  бар.  Алға  қойылған  мақсатқа, 
орындалатын міндеттердің кӛлеміне, күрделілігіне, талдау ісінің мән-маңызына 
сәйкес  барлау  жүргізетін,  жазып  кӛрсететін  және  талдау  жасайтын  зерттеулер 
болып бӛлінеді. 
Бұлардың  ішінде  ең  күрделісі-талдау  жасайтын  зерттеу.  Оның  негізгі-
жете  ойластырылған  бағдарламада  және  тыңғылықты  тексерілген  әдіс 
құралдарында (анкете, бланк, сұхбат т.б). Мұндай зерттеу арқылы зерделенетін 
терең себептер де айқындалатын болады. 
Жазып  кӛрсететін  зерттеу-қарапайым  әдіс.  Оның  мақсаты  зерделенетін 
құбылыстар  және  олардың  құрылымдық  элементтері  туралы  бүтіндей  бір 
тынанымдық кӛзқарас беретін деректер жинастыру. 
Барлау жүргізетін зерттеу-аталған үш зерттеудің ішіндегі ең қарапайымы, 
ӛйткені  ол  мазмұны  жағынан  мейлінше  шектеулі  міндеттерді  атқарады.  Ол 
әдетте,  зерттелетін  шағын  жинақтарды  қамтиды,  күрделі  бағдарламаны  керек 
етпейді,  онда  кӛлемі  жинақты  әдістер  қолданылады.  Оның  басты 
артықшылығы-жедел  социолоргиялық  ақпарат  жинауда.  Бұл  орайда  терең 
үрдістер,  олардың  болу  себептері  зерттелмейді,  үстірт  жатқан  ақпарат  қана 
жинастырылады. 
          Кез-келген  нақты  социологиялық  зерттеу  мынадай  бес  негізгі 
кезеңдерден тұрады: 
 1.Зерттелетін 
құбылыстарды 
анықтап, 
бастапқы 
гипотезаларды 
тұжырымдау; 
 2.Зерттеу жоспарын жасау;  
 3.Мәліметтер жинау; 
 4.Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 
 5.Ғылыми түсіндірме жасап, оны тексеру 


152 
 
Зерттеу  объектісін  анықтау  және  жоспарын  жасау  қоғамдық  құбылысты 
ғылыми  танып  білудің  бірінші  кезеңі  болып  табылады,  ӛйткені  жинақталған 
фактілердің  объективтігі  мен  ақиқаттығы,  қорытындының  ғылыми  дұрыстығы 
кӛп  болып  табылады.  Алдымен  практикалық  мақсатқа  жетуге,  әлеуметтік 
проблемаларды  шешудің  алгоритмдерін  іздеуге,  практикалық  ұсыныстар 
жасауға  бағытталады.  Мұндай  зерттеулерде  жаңалық  болуы  міндетті  емес, 
прблеманы белгілі бір дәрежеде «типтік» сипаттама шешілуі керек. 
Мақсатты  дәл  айқындау-бағдарламаның  аса  маңызды  методологиялық 
талабы.  Эмпериялық  зерттеудің  мақсатын  белгілегенде,  міндетті  түрде 
тапсырыс  берушімен  келісу  керек.  Талдамалық  зерттеу  бағдарламасында 
мақсат  қарастырылып  отырған  құбылыстың,  процесстің  құрамдас  бӛліктерін 
сипаттап  қан  қоймай,  оның  пайда  болуы,  даму  себептері  мен  деректерін 
анықтауға бағытталуы керек. 
 Социологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген  кезде  зерттеушілер  әр 
түрлі әдіс-тәсілдер жиынтығын қолданды. Бұлар: 
1. 
Сұрау салу әдісі; 
2. 
Бақылау әдісі; 
3. 
Сынақ әдісі; 
4. 
Құжаттарды талдау әдісі; 
Бұл әдістерді қолданған кезде әр түрлі проблемалар туындау мүмкін. 
Сұрау  салу  әдісінің  негізгі  түрлеріне  анкеталық  сұрау  мен  әлеуметтік 
интервью  жатады.  Олар  кейбір  белгілеріне  қарай:  тұтастай  және  ішінара, 
тікелей  және  саралап,  ауызша  және  жазбаша,  бетпе-бет  және  сырттай,  бір 
реттік, кӛп реттік болып жіктеледі. 
Бұл  әдістің  атауының  ӛзі-ақ  оның  құрылымын  кӛрсетіп  отыр:  зерттеуші 
(сұрау әдісінің негізгі құжаттарын жасаушы, анкетаны тікелей жүргізуші) мен 
респондент  (сұраушы),  сондай-ақ  оларды  байланыстыратын  аралық  буын 
анкета. 
Ең  алдымен  анкета-жүргізуші  құрал  жабдықтарды  ойластырушы 
болғандықтан  да  зерттеу  жұмыстарының  мақсаты    мен  міндеттерін  білу  үшін 
қажетті  ақпаратпен  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Әрбір  анкета  жүргізушінің 
ұйымдастырушылық  қабілетімен  бірге  кӛпшіл,  тіл  тапқыш,  сауалнамаға 
қатысушының іске тарта білуге қабілетті, анкета толтыру кезінде сенімділік пен 
тиімді  жұмыста  қалыптастыруға  қабілетті  болуы  керек.  Бірақ  бұндай  адамды 
табу ӛте оңай емес. 
Сұрау  салу  біткен  соң,  анкета  жүргізуші  есеп  құжаттарын    толтырған 
анкеталарды,  маршрут  парақшаларын,  сұрау  салу  туралы  есепті  жинақтап, 
ӛңдеп тапсырады. 
Сондай  жұмысты  жүргізу  барысында  анкета  жүргізуші  кӛптеген 
материалдық шығындарға ұшырауы да мүмкін. 
Бақылау-зерттелетін  объектіге  қатысты  социологиялық  мағлұматтарды 
кӛзбен кӛріп, құлақпен есту арқылы жинау әдісі. 
Социолог-бақылаушы  бақылау  нәтижелерін  тіркеп  отыруға  байланысты 
ұдайы  қиындықтарға  ұшырап  отырады.  Ереже  бойынша  нәтижелерді  тіркеу 


153 
 
зерттеушілермен  байланысты  кейін  жүзеге  асады.  Мұнда  да  ӛзіндік 
проблемалар  туындайды:  кейбір  қажетті  жағдайлар  ұмытыла  бастайды.  Кейде 
тіркелген  нәтижелер  шындыққа  сай  келмей  жатады;  ӛйткені  оған 
бақылаушының  ӛзіндік  кӛзқарасын,  Ұстамынан  туындайтын  субъективтік 
бағалары әсер етпей қоймайды. 
Сынақ  әдісі  кезінде  барлық  шартты  түрде  дербес  тәжірибелік 
факторларды жоспарлы түрде енгізіп отыру, бақылап отыру қажет. 
Мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғы шарты болғандықтан, бұл 
жұмыс кӛп қиындықтарды талап етеді, яғни мұндай талдау арқылы, қорытынды 
жасау керек. 
Болашақта  анкета  таратылатын  адамдарды  оқыту,  үйрету  ісі  кӛбінесе 
нұсқаушы семинар түрінде ӛткізіледі. Содан кейін олардың дайындық дәрежесі 
ӛткізіледі. 
Зерттеу  жұмысының  жоспарын  жасаған  кезде    болашақта  жиналатын 
мәліметтерді  реттеу  және  талдау  тәсілдеріне  байланысты  белгілі  бір 
техникалық құралдар сатып алу немесе уақытша пайдалану үшін жалдау жағы 
ескеріледі, бұл үшін қаражаттың мӛлшері атап кӛрсетілуі қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   207
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...