Құрметті оқырмандар! Л.Йовайшидің кәсіби бейімділік сауалнамасы 9-11 сынып оқушыларарының кәсіби бағытталуын анықтауға арналған.
Л.Йовайшидің кәсіби бейімділік сауалнамасы
(Г.В. Резапкинаның модификациясы)
Міндеті. Әдістеме қатысушылардың әр түрлі кәсіптік қызмет саласына бейімділігін анықтауға бағытталған: адамдармен жұмыс, тәжірбиелік, интеллектуальдық, эстетикалық, жоспарлы – экономикалық немесе экстремалды. Әдістеменің құндылығы қосымша сұрақтар қолданумен, жасырын мотивацияны анықтаумен, сұрақтардың «тіке қойылмауымен» көпшілік әдістемелерден ерекшеленеді.
Нұсқау: Сұрақтаманы «а, «б» немесе «в» нұсқаларының бірін таңдап, сәйкес келетін әріпті сұрақ нөмеріне қарсы бланкінің бөлігіне белгілеңіз.
Жауап парағы
Жауаптар №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
а
|
|
|
в
|
|
б
|
2.
|
|
в
|
|
а
|
б
|
|
3.
|
б
|
а
|
|
в
|
|
|
4.
|
|
|
б
|
|
в
|
а
|
5.
|
в
|
а
|
б
|
|
|
|
6.
|
б
|
в
|
|
|
|
а
|
7.
|
|
б
|
в
|
а
|
|
|
8.
|
б
|
|
|
|
а
|
в
|
9.
|
|
б
|
|
а
|
в
|
|
10.
|
|
|
|
в
|
а
|
б
|
11.
|
в
|
б
|
а
|
|
|
|
12.
|
|
|
а
|
б
|
в
|
|
13.
|
а
|
|
|
|
б
|
в
|
14.
|
|
а
|
|
б
|
в
|
|
15.
|
в
|
|
а
|
|
б
|
|
16.
|
б
|
|
в
|
|
|
а
|
17.
|
|
|
|
б
|
а
|
в
|
18.
|
а
|
в
|
б
|
|
|
|
19.
|
|
|
в
|
|
а
|
б
|
20.
|
в
|
|
б
|
|
|
а
|
21.
|
|
а
|
в
|
б
|
|
|
22.
|
|
б
|
а
|
в
|
|
|
23.
|
|
в
|
|
а
|
|
б
|
24.
|
а
|
|
|
|
б
|
в
|
Барлығы:
|
|
|
|
|
|
|
1.Мен өзімнің кәсіби қызметім мыналар болғанын қалар едім:
а) әр түрлі адамдармен қарым -қатынас жасау;
б) өз қолыммен бірнәрсе жасау-жиһаз, машина, киім т.б;
в) фильм түсіру, сурет салу, кітап жазу, сахнаға шығу т.б.
2.Кітаптар немесе кинофильмдерде мені көбірек қызықтырады:
а) жазушы не режисер шығармашылығының көркемшығармашылық формасы;
ә) батырлар іс-әрекеті, сюжет;
б) өмірге керекті ақпараттар.
3. Мені Нобель сыйлығының берілгені көбірек қуантар еді:
а) ғылым саласында;
б) қоғамдық іс-әрекетте;
в) өнер саласында.
4. Мен келісер едім:
а) банк жетекшісі болуды;
б) өндірістің басты инженері болуды;
в) экспедиция бастығы болуды.
5. Адам болашағын анықтайтын:
а) ғылым жетістігі;
б) өндірістің дамуы;
в) адамдар арасындағы өзара түсіністік.
6. Мектеп директоры орныныда болғанда мен айналысатын едім:
а) оның көркеюімен (асхана, спортзал, компьютерлер);
б) ұйымшыл және ауызбіршілігі бар ұжымды құрумен;
в) оқытудың жаңа технологиясын дайындаумен.
7. Техникалық көрмеде мені көп қызықтырады:
а) экспонаттың сыртқы көрінісі (түсі, пішіні);
б) экспонаттың ішкі құрылысы;
в) оларды тәжірибеде қолдануы.
8. Мен адамдарда көбірек бағалаймын:
а) ерлікті, сүйкімдікті, шыдамдылықты;
б) достық ықыласты, мейірімділікті, қайрымдылықты;
в) жауаптылылықты, шыншылдықты, ұқыптылылықты.
9. Мен жұмыс уақытымнан тыс кезінде шұғылданам:
а) өлең жазу не сурет салумен;
б) әр түрлі тәжірибелер алумен;
в) жаттығумен.
10. Шетелдік саяхатта мені көбірек қызықтырады:
а) экстремалдық туризм (альпинизм, тау шаңғысы, виндсерфинг);
б) іскерлік қатынастар;
в) басқа елдің тарихы мен мәдениетін білу мүмкіндігі.
11. Маған әңгімелесу қызықты:
а) көліктің жаңа түрлері жайлы;
б) жаңа ғылыми теория жайлы;
в) адами өзара қатынас туралы.
12. Менің мектебімде үш үйірме болса мен қатысар едім:
а) техникалық;
б) музыкалық;
в) спорт.
13. Мектепте көп назар аударуға тиісті:
а) мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністіктің жоғарылауына;
б) спорт сабағымен оқушылардың денсаулығын дамыту;
в) тәртіптілікті нығайту.
14. Мен үлкен қызығушылықпен қараймын:
а) ғылыми-танымал фильмді;
б) мәдениет және өнер бағдарламалары жайлы бағдарламаларды;
в) спорттық бағдарламаларды.
15. Маған жұмыс істеу қызықтырақ болар еді:
а) механизмдермен және көліктермен;
б) табиғат объектілерімен;
в) балалармен не құрдастармен.
16. Мектеп бірінші кезекте міндетті:
а) білім мен ептілікті үйретуге;
б) басқа адамдармен қатынасқа түсуді үйретуге;
в) жұмыс дағдысын үйретуге.
17. Әр адам міндетті:
а) салауатты өмір сүруге;
б) шығармашылықпен айналыса алу мүмкіндігін иеленуге;
в) қолайлы тұрмыстық жағдайды пайдалану мүмкіндігіне ие болуға.
18. Қоғам игілігі үшін бірінші кезекте керек:
а) азаматтардың қызығулары мен құқықтарын қорғауға;
б) адамдарға материалдық көмекпен қамқор болуға;
в) ғылыми және техникалық прогресс.
19. Маған көбірек ұнайтын сабақтар:
а) дене шынықтыру;
б) математика;
в) еңбек.
20. Маған қызықтырақ болар еді:
а) өнімдерді шығаруды жоспарлау;
б) өнімді дайындау;
в) өнімдерді сату.
21. Мен мақалаларды оқуды жөн көремін:
а) белгілі ғалымдар және олардың жаңалықтары туралы;
б) суретшілер мен музыканттар шығармашылығы туралы;
в) қызықты жаңалықтар туралы.
22. Бос уақытымда көбірек айналысамын:
а) кез келген шаруашылықпен;
б) кітап оқумен;
в) көрмелер мен концертке қатысумен.
23. Мені көбірек қызықтыратын жаңалықтар:
а) көркем шығармашылық көрмелер туралы;
б) фондық биржа оқиғалары туралы;
в) ғылыми ашылулар туралы;
24. Мен жұмыс жасау керек деп есептеймін:
а) көп адамдар арасында;
б) ерекше жағдайларда;
в) қарапайым кабинетте.
Мәліметтерді өңдеу және нәтижелерді талдау.
Балалар жауап парағын толтырған соң әрбір алты қатардағы белгіленген әріптерді санап және төменгі қатардағы бос орынға жазады.
10-12 ұпай ашық кәсіби бейімділікті білдіреді.
7-9 ұпай орташа кәсіби бейімділікті білдіреді.
4-6 ұпай әлсіз кәсіби бейімділікті білдіреді.
0-3 ұпай кәсіптік бейімділікт байқалмайды.
Әрбір алты қатар ұпайлардың қосындысымен есептелінген. Ол белгілі қызмет түріне бейімділікті сипаттайды:
1. - адамдармен жұмыс істеуге бейімділік. Қызмет көрсетумен (тұрмыстық, медициналық, анықтамалық-ақпараттық), басқарумен, тәрбиелеу мен оқытумен байланысты мамандықтар. Осы топтағы мамандықтарда табысты жұмыс істейтін адамдар коммуникативтілігі жақсы дамуы керек, түрлі адамдармен ортақ тіл табысуы қажет, олардың көңіл-күйлерін, ниеттерін және ерекшеліктерін түсіне білгені абзал.
2. - зерттеу қызметтеріне бейімділік. Ғылыми жұмыспен байланысты мамандықтар. Зерттеу іс-әрекетімен айналысатын адамдарға, ғылымның нақты бір саласында жақсы теориялық дайындықтан басқа, келесідей қасиеттер қажет: рационалдылық, тәуелсіздік, ақыл-ойының аналитикалық сипаты. Оларға мәселені шыңдаумен айналысу емес, сол мәселе туралы ойлану қызығырақ болып көрінеді.
3. – өндірісте жұмысқа бейімділік. Осындай мамандықтар шегі өте кең: металл өндірісі және өңделуі; аспаптар мен механизмдердің монтажы, жинақталуы; электронды және механикалық құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстары, қызметі; ғимараттар мен конструкциялардың жөндеу жұмыстары, монтажы; түрлі материалдарды өңдеу және пайдалану; көлік құралдарымен басқару. Осы топ мамандықтары адамның денсаулығына, зейіннің, қозғалыстардың координациясына жоғары талаптар қояды.
4. – іс-әрекеттің эстетикалық түрлеріне бейімділік. Көркем өнерлік, музыкалық, көркем әдебиеттік, актерлік-сахналық іс-әрекетпен байланысқан, шығармашылық сипаттағы мамандықтар. Шығармашылық мамандықтардың иелерін арнайы қабілеттердің (музыкалық, әдеби, әртістік) болуынан басқа, ойлаудың түпнұсқалығы және мінездің тәуелсіздігі, мінсіздікке ұмтылу сипаттайды.
5. – іс-әрекеттің эксремалды түрлеріне бейімділік. Спортпен айналысумен, саяхат жасаумен, экспедициялық жұмыспен, қарауылдық және оперативті-іздеу іс-әрекетімен, әскердегі қызмет етумен байланысты мамандықтар. Осылардың барлығы физикалық дайындыққа, денсаулыққа және моральдік-еріктік қасиеттерге ерекше талаптар қояды.
6. – іс-әрекеттің жоспарлық-экономикалық түрлеріне бейімділік. Есептеулер және жоспарлаумен (бухгалтер, экономист); іс-жүргізу жұмыстарымен мәтінді талдау және өзгертумен (редактор, аудармашы, лингвист); объекттердің схемалық түрдегі бейнелерімен (сызушы, топограф) байланысты мамандықтар. Бұл мамандықтар адамнан жинақылықты және ұқыптылықты талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |