Ескерткіштің ұстыны; Ұстын барықтың яғни, храмның шығыс бетінде 12 метрдей жерде серке таңба қашалған , беті храмға қарай қаратылған,бақатастың үстінде орналасқан. Тасбақа ескерткішінің арқасында үстінде ұңғы шығарылған.Ұстының астыңғы жағы шығапылып, тасбақа арқасындағы ұңғыға сұғып орналасқан.Ең алғашқы Түрік қағанатынан бастап, Тәңір текті қағанның ұрпақтарына дейін арналған қасиетті орындардың ұстынын тасбақа немесе бақатас бейнесінде тұғырысқа отырғызу атадан балаға дәстүр ретінде қалыптасқан. Сонымен қатар бұл байырғы көне түріктердің пайымдауынша бақатас – мәңгіліктің бейнесі. Мәтін қашалған ескерткіштің биіктігі – 315 см, көлденең – 124см болса, ал ені- 42см. Ұстындағы 1,2,4 беттеріндегі байырғы түрік мәтіндері болса, ал 3 – бетінде Таң императоры Сюань – Цзунның Түрік қағанатының қолбасшысы Күлтегіннің дүниеден өтуіне байланысты императордың Білге қағанға жолдаған көңіл хаты қашалынып жазылған. Біздіңше , императордың бұл жазған көңіл хаты тасқа ешбір өзгеріссіз қашалып жазылған. Ал, жоғарыда айтып өткен 1,2,3 бетіндегі мәтіндерді зерттеуші, ғалым В.В.Радлов өз еңбектерінде шартты түрде “кіші жазу” , “үлкен жазу” деп бөлді. Сонымен қатар ескерткіштегі жалғыз мәтінді екіге бөліп, екі мәтін етіп жіберген. Ал , В.Томсен бұл оймен мүлдем келіспеген және өз тұжырымын жасаған. Ол былай деген; “Біз осы қателікті түзету үшін “үлкен , кіші” деген атаудан бас тартуымыз керек”. Себебі;
Ескерткіштің төртінші бетіндегі сөйлемді ең алғашқылардың бірі болып , С.Е.Малов тапты. Алайда ол Күлтегін ескерткішіндегі мйтіннің басы мен аяғын шатастырып жіберген. Сондықта да, В.Томсен, В.В.Радлов ұстынның таңба қашалып жазылған бетін бірінші деп оқып, оқуын осы беттен бастап кеткен.Кез – келген көне түрік ескерткіштерінің бірінші беті әдетте барыққа немесе батысқа қаратылады.
Мәтіннің жоғары жағындағы көне Түрік қағанатының символдары қашалып жаңа айтып өткендей, бірінші беті тура баысқа немесе барыққа қаратылып жазылған. Бірінші жолында “Жоғарыда Көк Тәңірі төменде Қара Жер жаратылғанда , екеуінің арасында яки ортасында адам баласы жаратылды” делінген. Сондықтан да, сонау ерте замандағы философиялық ойды толғап, тарихтың тамыпын тереңнен тартатын көне түрік мәтіндерінің дәстүрлік канонын құртып оны екінші бетке ауыстыруға болмайды.
Көне түрік жазба дәстүріндегі бұл тарихи оқиға уақыт ретінде беріледі. Сондықтан да , біз бұдан былай В.В. Радловтың жазғанымен жүретін болсақ, онда өкініштісі біз көне түрік жазба дәстүрін бұзған боламыз.
Осы секілді нақты әрі дәл деректерге сүйенер болсақ, Күлтегін ескерткішіндегі мәтінін В. Томсеннің еңбектеріндегі жіктеуінен көре аламыз. Ендігіде жоғарыда айтылып жатқан Бақатас жайында қысқаша мәлімет беріп өтемін. Бақатастың ұзындығы – 240см, жалпақтығы-133см, ал биікткгі – 57 см арқа жағында төртбұрышты ұңғы жасалған. Тіреуінен ажыратылып қалған кезде, ұңғысы опырылып, қирап қалған. Соған қарамастан Бақатас өз мүсіні сақтап қалған. Бұдан біз оның асқан шеберлікпен қашалып жасалғанын байқасақ болад. Оны алғаш рет Б.Базылхан 1958жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында бақатастың астында жазылған көне түрік жазуының фрагменттін тауып оқыған.