Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/6
Дата26.03.2020
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі 



 

 

 

 

 

Курстық жұмыстарды  

орындау және қорғау бойынша  

әдістемелік нұсқаулар   

 

 

Педагогикалық колледждің  

студенттеріне арналған  

оқу-әдістемелік құрал  

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал - 2014 

 

 

 

 



 

 

 

 



 

МАЗМҰНЫ 

 

1.  Жалпы ережелер... ...................................................................................... 4 

2.  Курстық жұмысқа қойылатын талаптар.................................................... 6 

3.  Курстық жұмысты орындау әдістемесі..................................................... 11 

4.  Курстық жұмысты қорғау........................................................................... 20 

5.  Курстық жұмысты бағалау критерийлері................................................. 22 

6.  Қолданылған әдебиеттер............................................................................ 24 

7.  Қосымшалар................................................................................................. 25 

 

  

 



 

 

 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



  

Курстық  жұмыс  –  студенттің  жыл  бойына  орындайтын  оқу 

жұмысының міндетті түрі.   

Курстық жұмыс студенттің өзбетіндік зерттеу жұмысы боп табылады 

және  педагогика,  психология  немесе  жеке  әдістемелер  саласындағы  бір 

мәселенің мәтін түрінде рәсімделіп, логикалық аяқталған ғылыми зерттеу 

түрін қамтиды. 

Студентте 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының 

дағдыларын 

қалыптастыру,  оның    кәсіптік  (теориялық,  практикалық)  дайындық 

деңгейін  көтеру,  оқу  пәнін  терең  меңгеру,  ғылыми  дәне  анықтама 

әдебиеттермен  өзбетімен  жұмыстану  білігі  мен  қызығушылығы  дамыту 

мақсатында жүргізіледі. 

Курстық  жұмысқа  дайындық  кезінде  студенттің  алдында  педагогика 

және  мамандық  бойынша  оқыту  әдістемелері  саласындағы  жаңа  ғылыми 

жетістіктерді  ашу  міндеті  қойылмайды.  Студентке  тақырыпты  баяндау 

үрдісінде  әдебиетті  ғылыми  пайдалану,  баяндалған  материалдың 

әдіснамасын  түсіну,  мәліметтерді  жүйелей  білу,  жүйелеу  мен  қорытынды 

шығару,  теория  мен  практиканы    қазіргі  өмірмен  байланыстыру 

қабілеттерін көрсету керек. 

Курстық  жұмысты  орындау    студенттерден  тек  қана  педагогикалық 

және  арнайы  білімдерін  жетілдіру  ғана  емес,    жекелеген  педагогтардың, 

білім  беру  ұйымының  т.б.  практикалық  жұмыс  тәжірибесімен  танысу, 

тәжірибелік-практикалық  немесе  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстар 

арқылы мектеп қушыларын тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін тиімді шешу 

тәсілдерін жасақтау және сынақтан өткізуді талап етеді. 

Курстық  жұмыс  студенттің  оқу  сабақтары  мен  оқу  жұмысының 

бақылау формасының негізгі түрін көрсетеді, бұл студенттердің теориялық 

білімдерін  және  оларды  қолданудың  практикалық  дағдыларын,  олардың 

ғылыми бейімділігі мен қызығушылығының  деңгейі анықталады. 

     


Курстық жұмыстың тақырыптары   

Курстық жұмыстың тақырыптары өзекті, ТжКББ жүйесін дамытудың 

қазіргі  жай-күйі  мен  дамыту  перспективаларына  сай,  кафедралар  мен 

колледждің ғылыми зерттеу мәселелерімен сәйкес келуі тиіс.  

Курстық  жұмыстың  тақырыптары  оның  мазмұнын  нақты  

тұжырымдауы қажет. 

Курстық  жұмыс  тақырыптары  сәйкес  кафедраның  отырыстарында 

бекітіледі.  Курстық  жұмыс  тақырыптарымен  жұмыс  студенттерге  1-

қосымшада көрсетілген ережеге сай мерзім мен тәртіпте жүргізіледі.   

Пәннің  мақсаты  мен  мазмұнына  сай  курстық  жұмыстар  келесідей 

болады:  

- берілген  мәселе  бойынша  ақпараттық  қорларға  аналитикалық-

синтетикалық шолу жасау

- нақты кәсіптік міндеттер (жағдаяттар) шешуді сипаттау; 



 

- шынайы  кәсіптік  жағдаяттарда  зерттелетін  пәннің  теориялық  және 



әдіснамалық аспектілерін пайдалану практикасын талдау; 

- студенттің ғылыми танымның нақты эмперикалық және теориялық 

әдістерін  пайдалану  арқылы  жүргізген  зерттеулерінің  нәтижелерін 

сипаттау.  

Курстық  жұмыстардың  тақырыптары,  оларға  қойылатын  талаптар 

және  оларды  орындау  туралы  нұсқаулар  студенттердің  назарына 

семестрдің  басында  жеткізіледі.  Курстық  жұмыстың  тақырыптары 

студенттердің  таңдауына  беріледі.  Студент  кафедраның  ұсынған 

тақырыптарының  бірін  немесе  өзінің  таңдаған  тақырыбын  негіздеп 

ұсынуға құқы бар.  Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау білім алушының 

кәсіптік  практикасы  бағдарламасымен  байланысты  мақсатты  негіздесе, 

сырттай  оқу  бөлімінде  білім  алушының  кәсіптік  қызметімен  тығыз 

байланысты.    Студент  практикада  проблеманы  көре  отырып,  оны  шешу 

гипотезасын  ұсынады,  оны  тексеру  үшін  өзбетімен  жоспарланған 

эксперимент  жүргізеді,  эксперименттің  жүру  барысын  талдайды,  өзінің 

педагогикалық  тәжірибесін  талдауды  жүзеге  асырады.  Бұл  біліктер 

әдістемелік  мәдениет  сапасын  көтереді.  Осылайша  практика  жүзінде 

зерттеу міндеттерін шешетін біліктер қалыптасады.  

2,3  курстарда  студенттер  курстық  жұмыстың  тақырыбын,  ғылыми 

жетекшіні  таңдайды.  Студент  өзі  қызығатын,  білімін  тереңдетін 

тақырыптарды ала алады. Педагогикалық әдебиеттерді оқу, педагогикалық 

тәжірибемен танысу мұғалімдердің педагогикадағы шешілмеген мәселелер 

туралы студенттерді хабардар етіп отыруы тақырып таңдауға көмектеседі. 

 

Сәйкес  кафедралардың  ұсынуы  бойынша  білім  беру  ұйымының 



басшысының 

бұйрығымен 

курстық 

жұмыстың 

жетекшілері 

тағайындалады.   



 

Курстық жұмыстарға жетекшілік   

Курстық жұмыс ғылыми жетекшінің – сәйкес кафедраның 

оқытушысының, магистр немесе доценттің жетекшілігімен орындалады.   

Курстық жұмыс жетекшісінің функциялары:   

 



курстық жұмыс тақырыбын, жоспарын және оны орындау кестесін 

жасақтауда студентке практикалық көмек беру;    

 

зерттеу мақсаты мен міндеттерін түсіндіру;   



 

әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуге нұсқаулар беру;   



 

жасақталған жоспарға сай курстық жұмысты орындау ретін жүйелі 



бақылау;  

 



студенттің бекітілген жұмыс орындау кестесін орындамағаны 

туралы кафедраға ақпарат беру;   

 

жұмыстың мазмұны бойынша біліктілікті кеңес беру;   



 

курстық жұмысты оны орындауға қойылатын талаптарға сай 



сапасын бағалау.   

 

Оқу  жоспарының  кеңес  беруге  бөлінген  уақыты  есебінен  курстық 



жұмысты  орындау  кезеңінде  кеңес  беру  кестесі  жасақталады.  Ғылыми 

жетекші  студентке  бірінші  беретін  ақыл  кеңесінде  курстық  жұмыстың 

тақырыбын  анықтап,  оны  аяқтау  мерзімін  белгілейді.  Ол  айына  2  рет 

студентке  ақыл  –  кеңес  ұйымдастырып,  курстық  жұмысты  жазуға 

көмектеседі.  Жетекші  жазылған  курстық  жұмысты  мұқият  тексеріп, 

жазбаша  пікірін  жазған  соң  студент  оны  қорғауға  әзірлейді.  Талапқа  сай 

жазылған  курстық  жұмыстары  оқытушылар  мен  студенттердің  ғылыми  – 

практикалық  конференцияларында,  әдістемелік  кеңес  отырыстарында 

тыңдалады.  

Мазмұны  бойынша  курстық  жұмыстар  реферативтік,  практикалық, 

конструкторлық,  технологиялық  және  тәжірибе-эксперименттік  сипатта 

болады.  Курстық  жұмыс  баспа  түрде  25  беттен  кем  емес  болуы  тиіс.  

Курстық  жұмысты  орындау  кезінде  реферативтік  сипатта  болса,  негізгі 

бөлімдердің  мазмұнын  ашумен  қатар,  теория  мен  практика  мәселелерінің 

зерттелу деңгейін сипаттайтын жұмыстың теориялық бөлігіне көңіл аудару 

қажет.  


 

 

 



 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

 

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар: 



1.  тақырыптың көкейтестілігі.  

2.  тақырып  бойынша  ғылыми,  оқу  -  әдістемелік  және  мерзімді 

басылымдарды оқу және талдау.  

3.  проблеманың тарихы мен практикадағы жағдайын мұғалімдердің озат 

тәжірибесі  мен  студенттің  өз  тәжірибесіне  сүйене  отырып  зерттеу, 

талдау.  

4.  өз  бетімен  зерттеу  жүргізу:  зерттеу  объектісі  мен  одан  таңдалған 

салаға, 


мақсат, 

міндеттеріне, 

әдістеріне 

сипаттама 

беру, 

экспериментті талдау, сипаттау.  



5.  зерттеу нәтижелерін шығару, қорытындылар мен практикаға берілген 

ұсыныстардың ғылымилығын негіздеу.  

6.  курстық жұмысты стандарт талаптарына сай безендіру 

Курстық  жұмыстың  тақырыбын  таңдамас  бұрын  зерттелетін 



объектіні, оны зерттеу әдістерін таңдап алу керек. Педагогика ғылым және 

практика  салаларын  зерттейді.  «Мектепке  дейінгі  әрбиелеу  және  оқыту» 

мамандығы  студенттері  «Мектеп  жасына  дейінгі  педагогика,  «Мектепке 

дейінгі психология», «Жеке пән әдістемесі» бойынша зерттеу жұмыстарын 

жүргізеді.  «Бастауыш  білім  беру»  мамандығы  студенттері  «Бастауыш 

мектеп  педагогикасы»,  «Кіші  жастағы  оқушылар  психологиясы», 

«Математиканы  оқыту  әдістемесі»,  «Ана  тілін  оқыту  әдістемесі» 

әдістемесінен  курстық  жұмыстарын  орындайды.  Мысалы  зерттелетін 



 

тақырып  оқушыларды  бейнелеу  іс  -  әрекетімен  байланысты  болғанда 



зерттеуші алуан әдістерді, пәнаралық байланысты қолданып, оқушыларды 

ермексазбен  жұмыс  істеуге  үйретіп,  оқушылардың  шығармашылық 

жұмыстарынан  көрмелер  ұйымдастырады.  «Шетел  тілі»  бөлімінің 

студенттері «Педагогика», «Психология», «Шетел тілін оқыту әдістемесі» 

бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді.  Сонымен  объект  тәрбиешіге 

проблема  туғызып  отырған  құбылыс  немесе  процесс.  Объектіні 

тұжырымдау  және  зерттеу  өте  маңызды  жұмыс.  Объект  дұрыс 

белгіленбегенде  зерттеуші  басқа  ғылым  салалары  объектісін  зерттеуі 

мүмкін.  Зерттеу  пәні  немесе  құралы  объектідегі  проблеманы  шешуге 

көмектеседі. Құрал мен таңдалған тақырып бір – біріне сәйкес келуі керек. 

Тақырыпты  нақтыландырған  соң  зерттеуші  ғылымды  дамытатын, 

жаңа  ғылыми  заңдар  ашатын,  мәселені  шешу  жолдары  туралы  түрлі 

болжамдар - гипотеза құрастырады. 

 Гипотезаны 

педагогикалық 

процестегі  мәселе  жауабы,  жоба  деп  те  анықтауға  болады.  Оны  белгілі 

әдіс-  тәсілдермен  мәселені  шешуге  болатындығы  туралы  жорамал  деп  те 

айтуға  болады.  Бақылау  арқылы  жаңа  құбылыс  ашылып,  оны  бұрынғы 

педагогикалық  әдіс  –  тәсілдермен  шешу  мүмкін  еместігі  анықталған  соң 

тәжірибе  барысында  тиімсіздігі  немесе  мәселені  шешуге  көмектесетін, 

тиімділігі айқындалатын жаңа әдіс – тәсілдер жобаланады. Гипотезада 

мұғалім  мен  оқушылардың  іс-әрекеті,  оқушылардың  іс  -  әрекетке 

қатынасы, оның нәтижесі – білім, іскерлікті меңгеруі көрсетілу керек. 

Зерттеуші  гипотезаның  проблеманы  шешуіне  көмектестіндігін 

дәлелдеп,  педагогикалық,  баланың  психологиясы  және  физиологиясы 

туралы ғылыми білімдерге сүйенеді. Құрастырылған дәлелді гипотеза оны 

эксперимент  арқылы  тексеруге,  түзетуге,  тиімдісін  қолдануға  жағдай 

жасайды.  Мысалы:  «Егер  оқытудың  барлық  кезеңінде  деңгейлік 

тапсырмалар қолданылса, онда оқушылардың оқу үлгерімі жақсарады». 

Гипотезадан зерттеу мақсаты, міндеттері туындайды 

Мақсат  –  зерттеу  жұмысының  қорытындысын  санада  жобалау. 

Педагогикалық  зерттеулердің  мақсаты  –  педагогикалық  процесс 

қасиеттерін,  құрылымын,  бөліктерін,  мақсат,  мазмұн,  әдістерін  анықтау. 

Зерттеу  мақсаты  –  педагогикалық  процестің  бір  бөлігінде  жаңа 

жетістіктерге  жету,  жаңа  ғылыми  білім,  атап  айтсақ  әдістеме,  модель, 

өлшем,  талап,  негіз  жасау.  Педагогика  тарихы  бойынша  курстық 

жұмыстың мақсаты: дәуір ерекшелігін ашу, тәжірибені талдау, оны қазіргі 

білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіндіктері.. 



Зерттеу  міндеттері  курстық  жұмыстың  жалпы  мақсатынан 

туындайды  және  зерттеу  жұмысының  негізгі  кезеңдері  болып  есептеледі. 

Шешілетін міндет 4-6 дан аспау керек. 

Зерттеу міндеттері: 

• анықтау; 

• зерттеу; 

• құрастыру;  

• эксперимент арқылы тексеру.

 

 



 

Міндеттерді  белгілеу  үшін  оларды  анық,  нақты  қоюға  ықпал  ететін, 



оқушыларға  қиын  жағдайлар  туғызу  арқылы  жеке  тұлғалық  сапаларын 

анықтайтын  анықтаушы  эксперимент  өткізіледі.  Қалыптастырушы 



эксперимент  барысында  оқушыларға  білім  және  тәрбие  беретін 

жағдаяттар жасалады.  



Зерттеу жұмысының жоспарын жасау 

 

Курстық жұмыс  



Дипломдық жұмыс 

Тақырып   Математика сабақтарында 

оқушыларды біліміне қарай 

саралау мәселесі  

Математика сабақтарында 

біліміне қарай саралап 

оқытуды жүзеге асыру  

Объектісі   Біліміне қарай саралап 

оқыту принциптеріне 

негізделген математика 

сабақтары  

Математиканы оқушылардың 

біліміне қарай саралап оқыту 

процесі  

Пәні 

Біліміне қарай саралап 



оқыту – математика пәнін 

оқыту процесінің тиімділігін 

көтеру құралы.  

Мұғалімнің оқушылардың 

өздік жұмыстарын 

ұйымдастыруы – жекелеп 

оқыту принциптерін жүзеге 

асыру тәсілі.  



Зерттеу әдістері және оларды таңдау

Зерттеу  әдістері  арқылы  ақиқат  ашылады.  Әдістер  зерттеу 

принциптеріне,  кезеңдеріне,  мәселе,  болжам,  зерттеудің  мақсат, 

міндеттеріне,  жинақталған  мәліметтерге,  оқушылардың  жан  –  жақты, 

үйлесімді дамуына ықпал ету деңгейіне сай таңдалып, зерттеу жұмысының 

жеке бөліктеріне іріктеледі. 

Зерттеу  әдістері  теориялық  және  практикалық  деп  екіге  бөлінеді. 

Теориялық  әдістер:  талдау,  жинақтау,  нақтылау,  индукция,  дедукция, 

ұқсату,  модельдеу,  салыстыру,  жіктеу.  Практиканы  зерттеу  үшін 



қолданылатын  әдістер:  бақылау,  әңгіме,  рейтинг  (білікті  төрешілер 

бағасы),  өзіне  -  өзі  баға  беру,  педагогикалық  консилиум,  диагностикалық 

бақылау  жұмыстары,  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  педагогикалық 

тәжірибе жүргізу, экспермиент. 

Назарларыңызға кең тараған зерттеу әдістерінің сызбасын ұсынамыз. 

Бақылау әдісі. Бақылау жоспары

МақсатыСабақтың түрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігін 

анықтау. 



 

Күні: 

Мектеп: 

Сынып: 

Оқушы: 

Оқытушы: 

Сабақтың тақырыбы: 

Сабақтың 

Сабақтағы оқушылардың белсенділігі 


 

кезеңдері 



Жауап 

беру  үшін 

қолын 

көтерген 



оқушылар  

Мұқият 


тыңдап 

отырған 


оқушылар 

Оқу  тапсырма-

ларын  мұқият 

орындап 


отырған 

оқушылар  

Оқушылардың 

мұғалімге 

қойған 

сұрақтары 



(нақтыландыру

шы, 


проблемалық).  

Үй 


тапсырмасы

н тексеру  

 

 

 



 

Жаңа оқу 

материалын 

түсіндіру  

 

 

 



 

Оқу 


материалдар

ын бекіту  

 

 

 



 

Үй 


тапсырмасы

н беру  


 

 

 



 

Адамдардан мәліметтер алу үшін қолданылатын зерттеу әдістері. 

Сауалнама  арқылы  жеке  адамның  және  қоғамның  санасы,  оқиғалар 

туралы білімдер алынады. Респондентке зерттеу тақырыбына байланысты 

жазбаша және ауызша сұрақтар беріледі.

 

Белгілі бір жоспармен әңгімелесу. 



Интервьюер  (сұрақ  беруші)  және  респондент  (сұраққа  жауап  беруші) 

арасында  байланыс  орнап,  респонденттің  жауабын  интервьюер  немесе 

ассистенті  жазып  алады.

 

Әңгіме  ынтымаққа  негізделген,  мәселені  бірге 

шешуге  шақыратын  сұрақ  –  жауап  әдісінің  бір  түрі.  Әңгіме  респондентті 

және оның әлеуметтік тобын жете білу мақсатында өтеді.

  

Анкета  –  белгілі  бір  жоспармен  өткізілетін  жазбаша  сауалнама.

 

Анкета  сұрақтарының  мазмұны,  формасы  жүйелі  тұжырымдалған  жоспар 



бойынша өтеді.

  

Түрлері



• ашық сұрақтары бар сауалнама; 

• жабық сұрақтары бар сауалнама; 

• жартылай жабық; 

• аралас. 



Мақсаты: бір оқиға туралы білу; жақсы мен жаманға қатынасты білу.

 

Өткізілу  формасы:



  пошта  арқылы  өткізу;  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

өткізетін  сауалнамалар;  сырттай  өткізу;  жеке  адаммен  өткізу;  топпен 

өткізу. 

Өткізу  әдістемесі.  Кіріспеде

 

сауалнама  өткізетін  мекеменің  аты, 



сауалнаманы  өткізудегі  мақсаты,  мәліметтер  қолданылатын  жерлер, 

сауалнамаға  қатысқан  респонденттер  туралы  жазылады.  Сауалнамамен 

жұмыс жөнінде нұсқаулар беріледі. 


10 

 

Сауалнаманың негізгі бөлімі 

Алғашқы  сәтте  берілетін  сұрақтардың  мақсаты:  сауалнамаға  жауап 

беретін  адамды  қызықтыру,  жауапқа  бейімдеу.  Негізгі  сұрақтардың 

мақсаты:  адамның  өмірімен  байланысты  күрделі,  ашық  сұрақтарға  жауап 

алу. Соңғы сұрақтардың мақсаты: адамның көңіл – күйін ескеру. 



Интервью өткізуге берілетін кеңестер: 

 



өткізілетін орынды белгілеу;   

 



зерттелетін мәселеге арналып, респонденттердің өз ойларын айтуына 

көмектесу;  

 

кіріспе: кіріспе сөз қысқа, дәлелді нанымды болып, зерттеу жүргізіп 



отырған  мекеменің  зерттеу  мақсаты,  респонденттің  сұраққа  жауап 

беру  керектігі,  жауаптардың  құпиялығы  сақталытындығы  туралы 

айтылу керек;  

 



зерттеушінің респонденттердің жауабына талдау жасауы; 

 



респонденттің сөзін бөліп, қысым жасамау;  

 



сұхбат кезіндегі жылы шырайлылық; 

 



зерттеушінің  сұхбат  арасында  үзіліс  жариялап,  респонденттің 

көңілін  көтеру  үшін  әзілдесіп,  мимика  және  пантомимикасысмен 

респондентке көңіл бөлуі.  

 



сұхбатты белгілеу,  

респондент  сөзін  дәптерге  немесе  үнтаспаға 

жазу. 

Зерттеу әдістерін анықтаған соң төмендегі кестені толтыруға болады.  



Зерттеу 

кезеңдері  

Зерттеу 

әдістері 

Зерттеу жұмысының 

мазмұны  

 

 

 

 

  

 

 

11 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ 



 

І кезең- дайындық кезеңі. 

1.1. Зерттелетін проблеманың әдіснамалық негіздерін анықтау.  

1.2. Зерттелетін  проблема  бойынша  әдебиеттерді  оқу  негізінде 

тақырыпты таңдау.  

1.3. Зерттелетін объектіні анықтау. Объектіден бір үлескені алу.  

1.4. Зерттеу жұмысын ұйымдастырып өткізуге дайындық:  

 

әдістемелік әдебиет пен педагогикалық тәжірибені тақырыпқа 



сай  оқып,  зерттеп,  «Әдістемелік  әдебиет  пен  педагогикалық 

тәжірибеге шолу» деген тақырыпта мәтін құрастыру; 

 

тақырыпты нақтылау, жоспарын жасау;  



 

зерттеудің гипотезасын, мақсат, міндеттерін тұжырымдау;  



 

зерттеу  әдістерін,  зерттеу  жұмысы  жүргізілетін  білім  беру 



ұйымдарын таңдау.  

ІІ кезең - тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу.  

2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау. 

 

шағын эксперимент өткізілетін және бақылау тобын анықтау;  



 

диагностикалық  әдістемені,  зерттелетін  объектіні  бақылау 



және белгілеу әдістемесін нақтыландыру;  

 



зерттелетін  тақырыпқа  сай  балалармен  өткізілетін  оқу 

сабақтарының,  сыныптан  тыс  тәрбиелік  іс  –  шаралардың 

конспектілерін жазу.  

 



зерттеу нәтижелерін талдайтын әдістемені жасау.  

 



мұғалімдерден кеңестер алу.  

2.2. Тәжірибе өткізу.  

 

анықтайтын  эксперимент  өткізіп,  оқушылардың  бастапқы 



деңгейлерін  анықтау;  соған  сай  оқу  сабақтарын,  тәрбиелік  іс 

шараларды өткізіп, гипотеза дұрыстығын тексеру; 

 

қалыптастырушы 



экспериментті 

талдау, 


гипотезаны 

нақтыландыру, 

тәжірибе 

жұмысының 

мазмұнына 

толықтырулар енгізу.  

 

тәжірибе  жұмысындағы  кемшіліктерді  және  жетістіктерді 



жазып,  оған  әсер  еткен  психологиялық  –  педагогикалық 

жағдайларды анықтау, келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын 

белгілеу.  

ІІІ кезең – курстық жұмысты безендіру.  

3.1. курстық жұмысты аяқтау:  

 

дайын мәтіндерді бөлімдерге енгізу;  



 

қорытындылар жазу;  



 

кіріспе жазу;  



 

соңғы сөзді құрастыру;  



 

әдебиеттердің тізімін құрастыру;  



12 

 



 

суреттер тізімін құрастыру;  

 

қосымшалар құрастыру.  



3.2. Курстық жұмыстың мазмұнын құрастыру  

3.3. Мұқабасын безендіру.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...