Курстық жұмыс Тақырыбы: «Бұлтартпау шаралары және оны қолданудың негіздері» Тексерген


IV. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы



бет5/16
Дата23.12.2021
өлшемі40.73 Kb.
#147312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
курстық жумыс
12

IV. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

ҚР ҚПК 136-бабының мазмұнына сәйкес, бұлтартпау шаралары, күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін орган үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қоланылатын қылмыстық-процесстік мәжбүрлеу шаралары түсіндіріледі.

Осылайша, бұлтартпау шаралары өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шараларынан айырықша белгілерімен ерекшеленеді:

I) ереже бойынша олар тек белгіленген тәртіпте күдіктіге, айыпталушыға қатысты қолданылады;

2) күдіктіге катысты бұлтартпау шарасы тек өзінің жасалған іс-әрекеті туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана қолданылады;

3) ҚПК 136-бабы, 1-тармағында көзделген күдіктіге, айыпталушыға әрекет жасауға кедергі келтіру үшін қолданылады;

4) күдіктіге, айыпталушыға тек қана 1 бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін;

5) қылмыстық қудалау органы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады;

6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15-тармағындағы; 170-баптың 4-тармағындағы; 175, 177, 178, 184-баптарындағы; 255-баптың 4-бөліміндегі; 263-баптың 5-бөліміндегі; 286-баптың 4-бөліміндегі; 297-баптың 4-бөліміндегі; 298-баптың 4-бөліміндегі; 299-баптың 4-бөліміндегі көзделген қылмыстарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың бір ғана ауырлығы уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін;

7) әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда ұстауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылауқұралдары қолданылуы мүмкін;

8) күдікті, айыпталушы бұлтартпау шараларды бұзатын іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға неғұрлым қатаң бұлтартпаушарасы қолданылады, ол туралы күдіктіге, айыпталушыға тиісті қаулының көшірмесін табыс ету кезінде жариялануға тиіс. Көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын бұзған жағдайда, күдіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы таңдалады.

13

Заң күші бар қылмыстық процессуалдық заңнама бойынша бұлтартпау шараларының түрлерін қарастырылған. ҚР ҚПК-тің 137-бабының 1-бөлігіне сай, бұлтартпау шараларының түрлері болып табылады:

l) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат;

2) жеке кепілгерлік;

3) әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда ұстауына беру;

4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;

5) кепіл;

6) үйқамақ;

7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады.

Бұлтарпау шарасын және оның дәл қайсысын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешкен кезде ҚПК 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ ҚПК 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген косымша шектеулерді белгілеген кезде жасалған қылмыстың ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы, айналысатын ісі, мүліктік жағдайы, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғы және басқа да мән-жайлар ескерілуге тиіс. ҚР ҚПК 136-бабында көзделген негіздер болған айрықша жағдайларда және осы Кодекстің 138-бабында көрсетілген мән-жайлар ескеріле отырып, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл ретте күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы - бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 181, 184, 255268 және 272-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда - отыз тәуліктен кешіктірілмей, ал егер күдікті ұстап алынып, содан кейін күзетпен қамалған болса, ұстап алынған кезден бастап дәл сондай мерзімде жариялануға тиіс. Егер осы мерзімде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса және жарияланбаса, бұлтартпау шарасының күші дереу жойылады.

Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланған кезде оған бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдану туралы мәселені сот осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды.

Күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданған кезде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін оларға:



14

l) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға не сотқа олар белгілеген уақытта келу;

2) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен кетпеу;

3) қылмыстық процесті жүргізетін адамды, прокурорды тұрғылықты жерінің, жұмыс орнының өзгергені туралы хабардар ету;

4) белгілі бір адамдармен араласпау және белгілі бір жерлерге бармау;

5) есірткіге немесе алкогольге тәуелділіктен емделу курсынан өту;

6) электрондық бақылау құралдарын тағып жүру міндеттерінің бірі немесе бірнешеуі жүктелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған