Курстық ЖҰмыс пәні: «Музыка және музыкалық тәрбие беру әдістемесі» Тақырыбы



бет8/12
Дата11.06.2022
өлшемі77.11 Kb.
#268070
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-23064-6
Силлабус для студентов факультета Стоматология 2021-2022 уч.год
ЕКІНШІ ТАРАУ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКА САБАҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1.Музыкалық тәрбие берудің әдіс тәсілдері
Екі жасқа қараған кезінде балалар тәрбиеші салған әнге еріп жеке дыбыстарды, музыкалық фразаның соңын қосылып айтады. Тәрбие бағдарламасында баланы жекелеген интонацияларды қайталауға, ересек адаммен қосылып ән айтуға баулу көзделеді.
Бөбектер мен сабақ өткізе отырып, әрбір баланы інге қосылуға тартып, көтеріңкі дыбысты, интонацияны қайталатып отырады. Осы кезеңдегі балалардың әншілік көріністерін қалыптастырудың негізгі әдісі ересек адамның айтқан әніне еліктету болып табылады.
Әнге деген ынта туғызу, қызықтыру үшін тәрбиеші ойын тәсілдерін, ойыншықтарды қолданады. Мысалы, «Бала-бала балақан » әнінде балалар ересек адаммен бірге алаөандарын соғадығ аяқтарымен еденді топылдатады т.б. Әнді мәнерлеп орындау балаларды эмоциялық әсерге бөлейді, қосылып ән айтуға деген ықыласын туғызады. Музыка жетекшісі әнді бірнеше рет қайталай келіп, белсенді дегендерін өзімен қосылып айтуға шақырады. Олардың үлгісі ұялшақтау балаларға көңілдегідей ықпал етеді. Бұл жастағы балаларды музыкалық дамыту үшін әр балалармен жеке- жеке ән айтудың маңызы зор. Сонда неғұрлым белсенді балалар анықталады, оларды шағын топқа біріктіру мүмкіндігі туады.
Үш жасқа қараған шағында баланың дауысы қалыптаса бастайды, брақ әншілік дыбыс жетіле қоймайды, тыныс алуы қысқа болады. Бірақ балалар осының өзінде де ересек адаммен бірге әнге қосылып, музыкалық фразалардың соңын, жекелеген дыбыстардың интонациясын қайталайды.
Балалардың алғашқы әншілік интонацияларын жетілдіріп, нығайту міндеті алға қойылады. Бала әнді әлі бастан- аяқ дұрыс орындай алмайды, солай бола тұрсада оны жекелеген әуендер интонациясын дұрыс қайталатуына талаптандырған жөн.
Төрт жасқа қарағанда шағында балалардың әншілік дауысы анағұрлым ашылады, жеңіл әнді түгел айтып шыға алады. Кейбір балалардың дауысы ашыла түседі. Әншілік дауысты қалыптастыра отырып, музыка жетекшісі балалардың әнді қыйналмастан (бірінші октавадағы ре-ми-ля) диапазонында табиғи дауысымен айтуын қадағалайды.
Кіші топтарда дикцияны жөндеу жұмысына үлкен мән беріледі. Балалар көп ретте сөздің мәнін түсіндіріп, оларды дұрыс айтуға үйрету қажет. Бұл жастағы балаларға көпшілік болып біркелкі өлең айту қиын, біреулері баяу айтса, енді біреулері тым асығыстық жасайды. Музыка жетекшісі мұны үздіксіз қадағалап, балаларды ұжым болып әнді дұрыстап айтуға үйету қажет.
Бірінші кіші топтағы балалар жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын белседі түрде қайталай алуға тиіс. Төрт жастың соңына таман олар әнді табиғи дауысымен созып, сөздерін анық етіп, бір бірінен қалып қоймай , озып та кетпей, әндер мен қысқа орамдардың әуенін дұрыс келтіріп , тәрбиешінің көмегі, музыканың сүйемелі арқылы және онсыз айта білуі тиіс. Бұл міндеттер шағын диапазонды әндер енгізілген ән репертуарының көмегімен шешіледі.
Үш жастағы балаларды әнге үйретуге жұмысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдерді қарастырайық. Мұнда ең бастысы – музыка жетекшісінің әнді эмоциямен әсерлі орындауы болып табылады. Бұл үшін әннің ерекшеліктерін, сипатын, сарынын жақсылап ойластырып, бейнелеп жеткізу қажет. Музыка жетекшісі әнді алғашқы орындағанда балалардың әннің мазмұнын түсінуі үшін ойыншықтарды, сурет- картинкаларды пайдалануды болады. Сондай- ақ ойын- тәсілдері де қолданылады. Екінші кіші топта үйрету тәсілдері жиірек пайдаланылады. Мысалы, музыка жеекшісі әуенге назар аударып, әнді екі- үш рет қайтара айтып береді, одан соң аспапта тек әуен ғана ойналады да, балаларға қосылып айту ұсынылады.
Бес жасқа қараған шағында балалардың белгілібір музыкалық даярлығы болады. Олардың дауыстары қатаяды, диапазоны бір шама кеңейеді, тыныс алу дұрысталады, жекелеген дыбыстарды, сөздерді дәлірек айтатын болады. Бұл әншілік шеберліктің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ән репертуарының тақырыптары кіші топтардағыға қарағанда алуан түрлі болады. Осыған байланысты бұл жастағы балаларға арналған әндер де , музыкалық бейнелеу құралдары да байытыла түседі.
Алты жасқа аяқ басқан баланың жалпы жетілуі, күш- қуатының артуы дауыс аппаратының да жетілуіне әсер етеді. Балалар бақшасының бұған дейінгі топтарында үйретілген , жетілдірілген дағдылар енді нақтыланып қалыптастырылады. Дыбыс шығаруда жетілдірумен шұғылдана отырып, музыка жетекшісі әннің еркін айтылуын қадағалайды. Балалар әнді табиғи түрде, біркелкі, сазды, жеңіл, әрі шырқап айтуға үйретіледі. Әнайтудағы тыныс пен дикцияны жетілдіре отырып, балаларды өзін- өзі бақылай білуге, қателіктерін түзетіп отыруға, дауысты мөлшерлеп пайдалануға, барлық дыбыстарды, сөздрді нық, айқын айтуға үйретеді.
Жыл аяғына қарай олар мынадай дағдыларды меңгереді. Әнді қыйналмай, бір қалыпты, жеңіл дыбыспен мәнерлі орындау, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, сөздерді анық айту, әнді бәрі бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау, әуенді дұрыс келтіру,аспаптың сүйемелдеуімен дербес орынду, бірінші октавадағы ре- си мен екінші ортадағы до диапазонда әнді ұжым болып және жеке айту, үйренген әндерін еске түсіру және орындау, дыбыстардың биіктігі ме ұзақтығы бойынша әннің дұрыс не бұрыс орындалып тұрғанын есту қаблеті арқылы байқау, ән айтып тұрғанда денені дұрыс ұстау.
6-7 жастағы балаларды мектепке даярлау міндеттерін шешуде әннің, оның алуан түрінің тәрбиелік ыөпалы, музыка сауатына белсене қатысу, музыкалық есту түсінігінің дамуы күшейе түседі. Мектепте ән айтуға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан балалар бақшасының даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмыста әнге қойылатын талаптар арты, күрделене түседі, онда мынадай мақсаттар көзделінеді:
Балаларды әнді мәнерлі, әуенді,жеңіл сыңғырлаған дауыспен айта білуге ; ән айтудың алдында және музыкалық сөйлемдердің аралығында иықты көтермей демді ішке ала білу және оны сөздер айтылып болғанша ұстауға, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта отырып, сөздерді анық айтуға үйрету;
Балаларды әнді өздігінен және бір мезгілде бастай да, аяқтай да білуге, көрсетілген екпінді сақтай білуге, ырғақ өнерін дәл орындай алуға, әннің сазын дұрыс бере білуге, өзін және басқаларды тыңдай білуге, қателерін түзей білуге, таныс әндерді аспаптың сүйемелдеуімен және аспапсыз мәнерлеп орындай білуге , мұның алдындағы топтарда үйренген әндерін есіне түсіре және айта білуге, ән сазының жоғары- төмен көтерілу бағытын анықтай білуге, қысқа және созылып айтатын дыбыстарды ажырата білуге,
көтеріңкі айтылатын дыбыстардың жоғары сызықта, ал төмендеу айтылатындардың төменгі сызықта орналасатынын түсіне білуге үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру