«Дінтану негіздері» факультативтік курсының міндеттері:
білім алушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы жүйелі білім беру;
оқушыларға діннің танымдық, мәдени және дүниетанымдық мәнін ұғындыру;
толеранттылыққа тәрбелеу;
діни әдебиеттерді, ақпарат көздерінің материалдарын сыни тұрғыда бағалай білуге тәрбиелеу;
Қазақстандағы ұлтаралық, конфессияаралық келісім саясаты негізінде азаматтық ұстаным мен жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;
экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерінің адам үшін, қоғам және мемлекет үшін қауіптілігін ұғындыру және оларды қабылдамауға тәрбиелеу;
құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;
Достарыңызбен бөлісу: |