Курсы: 1 Мамандығы: физика-информатика пәні мұғалімі Институты: мфжи практиканың өтетін орны


Тақырыбы: Рәміздерім –мақтанышым Мақсаты



бет5/6
Дата14.09.2022
өлшемі1.41 Mb.
#290317
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
практика дильназ
Морфологиялық мәдениет ұғымы Айдынұлы
Тақырыбы: Рәміздерім –мақтанышым
Мақсаты:Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлім:
Сәлемдесу
Бүгінгі сабағымызда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Ендеше сабағымызды еліміздің Әнұранымен бастайық. (Әнұран орындалады)Бүгінгі біздің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Жас ұлан» тобы,«Жас қыран» тобы, «Жас өркен» тобы.Сөзжұмбақ шешу.Қазақстан туралы видео көрсету.
«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Біздің мемлектіміздің символы болып табылатын рәміздерді атайықшы, балалар.Ендеше «Жас ұлан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Жас қыран» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Жас өркен» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерек еріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығайық.
Тақырыбы: Ел тірегі-Елбасы
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: суреттер, слайд,интербелсенді тақта,флипчарттар,маркер, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.
Формасы :таным сағаты /топтықжұмыс/
Өту барысы:
Жоспар:
1.Елбасы өмірі
2.Өткенге үңілейік..
3.Елбасы болмысы
4.«Мен Президент болсам....» ойларын айту
5.«Елбасыға тілек...» тілек жазу
1.Психологиялық дайындық
Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын орнату
3.Ой қозғау/ интербелсенді тақтадан көрсетіледі/
Кімнің сөзі?
-Нұрсұлтан Назарбаев және Қасымжомарт Токаев
-Ол кім?
-Сіздерге арналған бұл сөздер иірімі қандай кітапта берілген?
-«Менің Отаным Қазақстан»
Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға арналады
Педагогикалық кеңестің атқаратын қызметтерін білу
Педагогикалық кеңес барлық мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі. 
Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Мектеп директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы. Педагогикалық кеңес мәжілісінде:мектептің жылдық оқу жоспары;оқу-тәрбие жұмысының тоқсан бойынша қорытындылары;емтиханға және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық;сыныптан сыныпқа көшу және ондағы жүргізілетін емтихандар; оқу жылының қорытындылары;оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.Педагогикалық кеңестер ғылыми-теориялық ізденістер мен жаңалықтар, қазіргі кезеңдегі дамып келе жатқан ақпараттық коммуникативтік технологиялар, Республикадағы озат шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың үлгілері, жаңа пән бағдарламалары мен оқулықтары, оқу кешендері, 12 жылдық мерзіміне көшуге байланысты туындайтын проблемалар т.б. қарауға тиіс.Мектеп жұмысына байланысты тығыз түрде шешуді қажет ететін мәселелер директор жанындағы мәжілістерінде қаралуға тиімді.Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелерді алдын-ала жоспарлау. Педагогикалық кеңес жұмысын алдын-ала жоспарлау төрт кезеңнен тұратынын көреміз.
Оқу жылында педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер;Педагогикалық кеңесте нақты қаралатын мәселеге дайындық;Педагогикалық кеңесті өткізу барысы; Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау барысы.Мектеп тәжірибесінде, сондай-ақ, жоғары орындардың бұл мәселеге байланысты құжаттарында оқу жылында бес рет кеңес жұмысы өткізіледі. (Әр тоқсан сайын және оқу жылының аяғында). Бесінші педагогикалық кеңесте сыныптан сыныпқа көшу, 9-сынып және 11-сыныптың сынақ емтихандарына босату қаралады. Бірінші педагогикалық кеңес оқу жылының басында (тамыз айының аяғында) өткізіледі. Онда өткен жылдың оқу-тәрбие процесінің қорытындылары бойынша нақтылы талдау жасалынады, оқу жылында қол жеткен табыстармен қатар, орын алған олқылықтар айқындалып алдағы оқу жылында оларды болдырмау шаралары белгіленеді. Осы кеңесте жаңа оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жоспары бекітіледі. Ол кеңесте бұл мәселелер жөнінде негізгі баяндама жасап, түсінік беруші мектеп директоры болуға тиіс. 
Келесі педагогикалық кеңестерде оқу-тәрбие процестерінде ғылыми-теориялық бағыт беретін, білім беру ісін дамыта түсуге ықпал жасайтын жаңа педагогикалық технологиялар жайында және жоғары директивалық органдардың нұсқауларын басшылыққа алатын күрделі мәселелер қаралады. 
Білім беру мазмұнын жаңарту(білім беру мектебінде) бағдарламасымен танысу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде