Курс: 2 Топ: 18-500-61 Білім алушы

Loading...


Дата12.04.2020
өлшемі87.95 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Интеллектуалдық меншік түсінігі және түрлері.

Курс: 2

Топ: 18-500-61

Білім алушы: Дощанов Д.Ғ.

Жетекші: Төлегенова Ж.Т.

2020


Интеллектуалдық меншік түсінігі және түрлері.

Интеллектуалдық меншік - кең мағынада бұл термин заңмен бекітілген уақытша айрықша құқықты, сондай-ақ авторлардың зияткерлік қызмет нәтижесіне немесе дараландыру құралдарына жеке мүліктік емес құқықтарын білдіреді.

Интеллектуалдық меншік - меншік құқығын белгілейтін заңнама авторлардың монополиясына өзінің зияткерлік, шығармашылық қызметінің нәтижелерін пайдаланудың белгілі бір нысандарына белгілейді, осылайша, басқа тұлғалар тек бірінші тұлғалардың рұқсатымен ғана пайдалануы мүмкін.

Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарасытуға болады.осындай материалдық емес игілік – заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік – жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.

Интеллектуалды меншік құқықғын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.

1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады.

Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.

Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық.

Бүгінгі таңдағы сауда экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.

Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда негізгі функция жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.

Сонымен, интеллектуалды меншік – жинақтық ұғым, мыналарға қатысты қолданылады.


  • Ғылым, техника, әдебиет, өнер және басқа да шығармашылық саласында интеллектуалды қызмет жетістігі;

  • Тауар және қызмет, азаматтық айналымда қатысушылардың дараландыру қаражаты;

  • Сапасыз бәсекеге қабілетсіздіктен сақтау.

Интеллектуалды меншікке нақты анықтама беру қиынға соғады, себебі, интеллектуалды меншік ұғымы техника дамуына, нарықтық қатынас пен заңдылық, оларды жинақтаушы ұғым кең мағыналы.

Заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік объектілері.

Интеллектуалды меншік объектілеріне қолданылып отырған заңдарға сай төмендегі интеллектуалды қызметтер енеді:


  • Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өндіріс үлгілері ҚР Заңы Патентімен қорғалады;

  • ҚР-ң «Аворлық құқық және аралас құқық» заңымен қорғалатын ғылым, әдебиет пен өнер, сондай-ақ авторлық және аралас құқық объектілері;

  • ЭЕМ және деректер базасына арналған бағдарламалар;

  • Интегралдық шағын сызбалар топологиясы;

  • Іріктелім жетістіктері.

Жоғарыда аталып өткен объектілерге мүліктік құқық авторлық, лицензияланған және басқа келісімдер негізінде беріледі.

Интеллектуалды меншіктің материалдық емес объектілеріне (интеллектуалды қызмет нәтижесінің айрықша құқығы):



  • Патент иегерінің өндіріс үлгісі, пайдалы модель, өнертабысқа айрықша құқығы;

  • ЭЕМ мен деректер базасына арналған бағдарламаға айрықша авторлық құқығы;

  • Интегралдық шағын сызбалар топологияларына құқықтық иелік немесе автордың мүліктік иелігі;

  • Тауарлық және қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығару орындарына айрықша иелік құқығы;

  • Патент иегерінің іріктелім жетістіктеріне айрықша құқығы кіреді.

Материалдық емес активтерде ұйымының іскерлік беделі және ұйымдастыру шығындары (заңды тұлғаның білім алуындағы шығына, ұйымның жарғылық капиталына қатысушының құрылтайлық құжаттар негізінде моыйндалған шығыны).

Интеллектуалды меншік объектілері төмендегі талаптарға сай болуы керек:

А)материалды-заттай (нақты) құрылымы болмау керек;

Б)ұйымды басқа мүлікпен сәйкестендіру мүмкіндігі (бөліну, еншілеу);

В)ұйымды басқару қызметінде өндірісте өндірілетін өнімді не қызметті пайдалану;

Г)12 айдан асқан ұзақ мерзімге немесе арнайы циклға сәйкес 12 айдан аспайтын уақытта пайдалану;

Д)ұйым аталған мүлікті алып-сатуды көздемейді;

Е)ұйымның келешекте экономикалық табыс (пайда) әкеле алу мүмкіндігі;

Ж)осы ұйымның нақты барлығын дәделдейтін және интеллектуалды қызмет нәтижесіне құқығы барлығын дәделдейтін құжаттарының болуы (патент, куәлік, басқа да қорғаушы құжаттар, келісім шарттар, тауар белгісі және т.б.)

Жоғарыда аталғандардың үш материалды емес актив топқа бөлуге болады:

1. Интеллектуалды меншік объектілері.

2. Ұйымдастыру шығыны.

3. Гудвилл (жақсы атақ құқығы).

Интеллектуалды меншік объектілері өз алдына былайша бөлінеді:

1.ғылыми-техникалық және өндірістік саладағы интеллектуалды меншік объектілері:


  • өнеркәсіптік меншік (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық және қызмет көрсету белгілері, іріктелім жетістіктері, сапасыз өнімдері болдырмау құқығы).

  • Құпия сақтау құқығы (ноу-хау)

  • Авторлық құқық объектілері (ЭЕМ, деректер бағдарламалары, интегралды топологиялар, ғылыми басылымдар).

Гуманитарлық саладағы интеллектуалды меншік объектілері:

Авторлық құқық объектілері (әдеби шығармалар, өнер және музыкалық шығармалар);

Ұйымдастыру жұмысындағы шығындар – бұл кейінгі қойылған шығындар-заңгерлерге құрылтайшылық құжаттар әзірлегені, фирманы тіркегені үшін төленетін гонорар.

Бұл шығындардың бәрі ұйым құрылғанда пайда болады.



Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • интеллектуалдық қызметтің туындылары;

  • ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

  • өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;

  • фирмалық атаулар;

  • тауарлық белгілері және т. б.

Интеллектуалдық меншік түрлері.

  • Авторлық құқық,

  • Сабақтас құқықтар,

  • Патенттік құқық,

  • Дараландыру құралдарына құқықтар,

  • Өндіріс құпияларына (Ноу-хау) құқық,

  • Өсімдіктердің жаңа сорттарына құқықтар.

1. Авторлық құқық. Авторлық құқықпен ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар реттеледі. Авторлық құқық негізінде шығармашылық қызметтің ерекше нәтижесін білдіретін, қандай да бір объективті нысанда бар "туынды" ұғымы жатыр. Дәл осы объективті өрнек авторлық құқықтағы қорғау нысаны болып табылады. Авторлық құқық идеяларға, әдістерге, процестерге, жүйелерге, тәсілдерге, тұжырымдамаларға, принциптерге, ашылуларға, фактілерге

2. Сабақтас құқықтар. XX ғасырдың екінші жартысында - XXI ғасырдың басында жасалған айрықша құқықтар тобы авторлық құқықтың үлгісі бойынша, олардың нәтижелеріне авторлық құқықты таратуға болатын шығармашылық қызмет түрлері үшін жеткіліксіз болып табылатын қызмет түрлері үшін. Сабақтас құқықтардың мазмұны әртүрлі елдерде айтарлықтай ерекшеленеді. Музыканттардың-орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың, эфирлік хабар тарату ұйымдарының айрықша құқығы ең көп таралған мысал болып табылады.

3. Патенттік құқық — өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді және селекциялық жетістіктерді патенттер беру арқылы қорғау тәртібі айқындалатын құқықтық нормалар жүйесі.

4. Дараландыру құралдарына құқықтар Құқықтарын бір құқықтық маркетингтік белгілерді қорғау институтына біріктіруге болатын зияткерлік меншік объектілерінің тобы. Тауар таңбасы, фирмалық атауы, тауар шығарылған жердің атауы сияқты ұғымдарды қамтиды.

5. Өндіріс құпияларына құқық (Ноу-хау) Өндіріс құпиялары (Ноу-хау) — бұл коммерциялық құпия режимімен қорғалатын және сатып алу-сату нысанасы болуы немесе басқа кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін кез келген сипаттағы мәліметтер.

6. Өсімдіктердің жаңа сорттарына құқықтар. Патенттер беру арқылы селекционерлер өсімдіктерінің жаңа сорттарына авторлық құқықтарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...