Курс: 2 Пән: Қазіргі қазақ лексикологиясы және диалектологиясы Тақырыбы



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі125.13 Kb.
#240538
  1   2
Байланысты:
срс лексикология 14 апта
Әлеуметтану.Манипулятор.Уалхан Г, 4759, 2212, Мулдашева.Полит1, Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқ-melimde.com, дш. 2 апта, практикалық сабақ , 19 12 апта, 19 13 апта, 1550728943, тарих аралык 29.04.22, Cүлеймен Бақырғани Дариға, Практическое занятие № 2, өзін - өзі тану АБ2

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті





Факультет: Қазақ тілі және әлем тілдер институты
Курс: 2
Пән: Қазіргі қазақ лексикологиясы және диалектологиясы
Тақырыбы: СӨЖ

Орындаған: Алашыбай А.Қ.
Тексерген: Нуржанова Б.Н.


СӨЖ-4
1. Диалект сөздер мен термин, кәсіби сөздердің әдеби нормаға ену деңгейі қандай? Мысалмен өз ойыңызды білдіріңіз.
2. Қазақ лексикографиясының бүгінгі күнгі зерттелу бағыты, алдыға қойған мақсаты қандай? (Дәлелмен негіздеп түсіндіріңіз).

14-апта

20 балл


1. Диалект сөздер мен термин, кәсіби сөздердің әдеби нормаға ену деңгейі қандай? Мысалмен өз ойыңызды білдіріңіз.
Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Диалект сөздер — белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла — тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т.б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т.б.
Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.
Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен затор қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Қазақ тілі қалай айналса да, қазақ тілі болып қалады ғой. Бірақ та мен өзім қазақ тілінде диалект деген жоқ дегенмен келісе алмаспын, өйткені диалекттің бар болуы үшін бір-бірін көп мөлшерде түсінбеу міндетті емес. Қытай тілі негізінен сәтсіз мысал, өйткені ғалымдардың дені оны бір тілдің диалектілері емес, бірақ та туыстас тілдер деп санайды, Қытайдың өзі саяси себептермен бәрін "диалекттер" деп қойған (тіпті жазуы бір болса да, мандаринді ғана білетін қытай хоккиеннің күнделікті қолданыстағы сөз тіркестерінің үлкен бөлігін түсіне алмас). Меніңше бұл тақырып әлі дұрыс зерттелмеге. Әрине, диалект дегенде мүлдем түсінбей емес, бірақ қазақ арасында болған сайын осының бар екені байқалады. Бір жағынан жеке сөздер бар (мені шымкенттік жігіт тәте деп атағанда мазақ етіп тұр ма деп "сәйкесінше" жауап бергенім әлі есімде), олардың өзі сөйлегенде түсініксіздік тудырады. Оған грамматикалық айырмашылықты қоссаңыз диалектке жақын бір нәрсе байқалады. Мысалы - оңтүстік қазақтардың көбі "классикалық" нақ осы шақтың жатыр,тұр, отыр, жүр дегеннің орнына жергілікті атыр дегенін айта салады. Ал батыста "келіңдер", "бақытты болыңдар" дегенді "келің", "бақытты болың" деп айта салады. Осыны мен мысалы жаңадан ғана білдім, білмесем, түсінбес едім. Егер де қазақ жазба әдебиетінің қалаушысы Семей өңірінің Абайы болмаса және қазақ тілін зерттеген ғалымдардың, сол жазба әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын-жазушылардың көбі шығыс және орталық-солтүстік Қазақстаннан емес, Сыр өңірінен болса, немесе Маңғыстаудан болса, онда қазіргі ресми тілді үйрететін оқулықтарда нақ осы шақ көмекші етістігі "атыр" болар еді, немесе "келің" "жүрің" деген сияқты (мен бұларды толық қолданысын білмегеннен дұрыстап тұрып мысал келтіре алмай тұрмын) сөздер ресми ақпаратта қолданылар еді. Мұның бәрін жазған себебім өңір-өңірдегі қазақ тілінің қолданушыларын мазақ ету емес, керісінше олардың бар екенін (және де бұл өзгешіліктер "жұмылған көз де көретін" өзгешіліктер), бірақ олар (тіл ғалымдарымыздың сорынан ба?) әлі зерттелмегенін, әлі толық бағасын алмағанын басып айту үшін жаздым. Қазақ тілінің сөздік қоры үнемі өзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.
Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. Қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді. Сөздік екі рет жарық көрген: 1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 – 61, жалпы редакциясын басқарған – академик Ісмет Кеңесбаев). Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес қамтылған; 2) он томдық академиялық сөздік (1974 – 86, жалпы редакциясын басқарған – А. Ысқақов). Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508 фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген. Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен – барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген. Сөздерді дұрыс таңдау, оларды орфография бойынша дұрыс жазу, әрбір атау сөздің қай тілден ауысқандығын, қай сөз табына қатысты екендігін, қай стилдік тармаққа жататындығын білдіру барысында түрлі лексикогр. шартты белгілер қою және мағыналары мен мағыналық реңктерін дәл ашып, айқын түсінік беру арқылы орындалғандықтан, Қазақ тілі түсндірме сөздігі сөздерді дұрыс қолданудың анықтамалығы ретінде де маңызды рөл атқарады.
Термин (лат). термінұс - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логикафилософия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру