Кураков Н. А «Интерактивті әдісін пайдалана отырып БӘД сабақтарын оқыту әдістері Брейнсторминг» Мазмұны


- Тарау Жаңа техналогиямен оқыту технологиясы арқылы оқушыларға білім берудің әдістемесі

Loading...


бет9/18
Дата28.02.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
2- Тарау Жаңа техналогиямен оқыту технологиясы арқылы оқушыларға білім берудің әдістемесі.
2.1. Бастапқы әскери дайындық пәнінде жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.
Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күш тек білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін мұғалім өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді. Қазіргі таңда әлемдік оқу процесінің өзегі жаңа технологиялар мектеп практикасына енгізілген.

Педагогикалық технология мен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.

Облыс мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс бар екендігі байқалады.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру сапасындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру оларды жүзеге асыратын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты оған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

1) Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;

2) Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми әдістемелік базасын жасау, білім беру жүйесін жақсарту;

3) Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;

4) Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесін дамыта оқыту жүйесіне көшу.

Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кешіліктер баршылық:

- білім сапасының төмендігі;

-білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқытудың нәтижесі болмауы;

-директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;

- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

-оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуіне жол ашу.

Яғни осындай келеңсіздіктер КСРО-ның оқу жүйесінің тиімсіз болғандығын, аса күшті нәтиже бермегендігін көрсетеді. Сол үшін біз қазіргі кезде оқыту үрдісінде жаңа заманға сай оқытудың жаңа педагогикалық әдістерін қолданамыз.

Бұл жаңа әдістер оқушылардың оқу барысында олардың оқуға, білімге, білімділікке, ізденімпаздыққа ынтасын ашады. Жаңа бағыт береді, жалығу мен жалқаулыққа, бейғамдыққа ұрынуына аса жол бермейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі .

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті .

Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына мұғалім-дердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық бірлігіне, оқу-тәрбие үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ.

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.

Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау (СТО) арқылы оқыту технологиясы» т. б. көптеген технологиялар енгізілді.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кей ғалымдар оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в обьязательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

«Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінеген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең таралса, ал Аравия, Жапония мемлекеттерде «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай қөзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

«Ғылымның қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ басында бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «иновация» термині еш жерде аталмайды.

Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы: инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американыдқтар мен европалық көлемді зерттелер иесі Э.М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».

Инновация термині қазірде білім білім берудің теория- практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтсақ Н.Р.Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «Инновация - білім беру жүйедегі жаңартудың үрдісі» - деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол инновациялық үрдіс дегеніміз - жаңалықтарды жасау, оны педагог ғалымдардың оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы деп түсіндіреді. Автордың пікірі бойынша, педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеяларды енгізуге болады: біріншіден, жаңалықты жасау классификациясы, «жаңалық критерийлері», екіншіден, оларды қабылдау проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы, үшіншіден, жаңаны білім беру жүйесінде қолдану. Яғни, инновациялық үрдіс дегеніміз педагогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми негізде қолдану .

Инновацияның жіктелуі негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.

Сонымен, мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде мұғалім субъект динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл-мұғалім арасында қарама–қайшылық туындайды.

Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгеріспен тығыз байланысты. Инновация көлемдігі оның жүйелілігі мен жіктелуін тудырады. Ғылыми жолда бұл мәселе толық анықталмаған. Осындай мәседелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі О.Т. Хонерин. Ол инновацияны төмендегідей түрлерге жіктейді:

модификациялы, яғни педагог қауымның идеяларынан туындаған. И.В.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Г.Шаталов жаңашыл педагогтар;

комбинаторлы; радикалды, инновациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж.

Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық - технология қолданылып жүргендігі мәлім.

Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған өлшемдерін көрсетеуге болады. Олар:

- елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі мектепке әлеуметтік сұраныс;

мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар; қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары; педагогикалық озат тәжірибе; мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы; мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы. Бұдан педагогикалық технология барысында: алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы; жүйелілігі; тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына төмендегілер кіреді:

а) тұжырымдық негізі;

ә) оқыту мазмұндық бөлімі:

-оқытудың нақты және жалпы мақсаты;

-оқу материалдарының мазмұны.

б) үрдістік бөлім-технологиялық үрдіс:

-оқу үрдісін ұйымдастыру;

-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

-мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;

-оқу -үрдісінің диагностикасы.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар:

әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологиялар:

- ынтымақтастық педагогикасы;

- білім беруді ізгілендіру технологиясы;

- проблемалы оқыту технологиясы;

- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы,

- деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

- міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту технологиясы;

- жобалап оқыту технологиясы.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері:

мұғалім –оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы.

Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;

оқушының жеке басына ізгілік қарым –қатынас;

оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты-баланы оны азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату .

Проблеманы оқыту технологиясын негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

оқушының белсенділіктерін арттыру;

оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Ф.Шаталов. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

білім,білік, дағдыны қалыптастыру;

барлық баланы оқыту;

оқытуда жеделдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

үнемі қайталау, міндеті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

жеке бағадарлы қарым –қатынас, ықпал;

ізгілік, еркімен оқыту;

әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндірме басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Түсіндірме басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;

саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;

бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;

бірте-бірте толық дербестікке жету;

сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазаламау;

үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;

білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;

түсіндіруді қабылдау.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталды:

білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;

білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;

оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;

оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.

Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі. Оқу модулі:

ақпараттардың аяқталған блогынан;

бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан;

оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.



Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...