Зерттеудің практикалық маңызы: Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттыру жолын қолдану. Өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық, іс- әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері, кезеңдері, базасы туралы әдіснамалық және теориялық негіздері, кезеңдері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |