Кураков Н. А «Интерактивті әдісін пайдалана отырып БӘД сабақтарын оқыту әдістері Брейнсторминг» Мазмұны


Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік бастаулары

Loading...


бет10/18
Дата28.02.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
2.2 Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік бастаулары.
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады. Ал білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе тіптен өзекті бола түспек өйткені, жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана болашақ азаматтарымыздың диежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын қалыптастыра, жетілдіре аламыз. Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып жатқан динамикалық өзгерістердің тубі адамның жағдайын әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.  Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістер мен күтіліп отырған 12 жылдық білім беру мәселесі де - қазақстандық жас ұрпақтың болашақ, ел тұтқасын қастерлеп ұстап азамат дәрежесіне жетуіне көмектесетін жақсылық нышаны деп танылып отыр.Қазақстан Республикасының білім беру саясатының барлық азаматтардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлық болуы, білім берудің гуманиетік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-жаттанды білім беруді біртіндеп ығыстырып бара жатыр. 

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі міндеті - оқушыны ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниқаның жетістіктерінен абетракциялық білім алып қоймай, өзінің өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.  Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмуны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілікпен гуманиетік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.

Жаңа оқыту технологияларын, көп жағдайда, дәстүрлі оқыту жүйесіне қарама-қарсы қойып сипаттау әдісі орын алып жур. Бұл дурыс па? Өйткені, "дәстүрлі оқыту" дегеннің өзі - ғылыми термин болып ғылыми ойлау айналымына енді ме? Ал "жаңа оқыту технологиясы" дегенде "ескі оқыту технологиясы" дегеннің орныңа келген жаңа нәрсе тусінілетін сияқты.

"Жаңа оқыту технологиясы" түралы ізденістерде Коменскийдің, Песталоццидің, Алтынсариннің оқыту жүйелері сол педагогикалық технологиялардың бастауы сияқты алынып жүргенін көру қиын емес. Ал "дәстүрлі оқыту жүйесі сынып-сабақтық жүйе" -Коменскийден келе жатқан мұра жолы емес пе?

Сонда "дәстүрлі оқыту" деп жүргеніміз - Кеңес оқыту жүйесі екенін анық та ашық айтып, әр мемлекеттің өз қоғамында өмір сүріп отырған мектебіне өзінің сұранысына қажетті қоғам мүшесін даярлауды тапсыратыны түралы неге айтылмайды? Социалиетік қоғам азаматын тәрбиелеуде жаттанды білімнің қажет болуының өзіндік бір реті бар ғой. 

Оны болашақ тарихи тұрғыдан танырмыз. Бірақ "жаңа оқыту технологияләры" деген ғылыми ұғымды тек дәстүрлімен салыстыру арқылы тану біржақты түсінікке әкетіп бара жатқаның көру қиын емес,

Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген жаңа түсінік деп те қабылдамау керек.

"Технология" - өндірістен алынған ұғым дейтін болсақ. белгілі бір бұйымды модельдеу, соған қажетті материалды өлшеу, ол материалды нәтиже даярлайтын процеске салу, түпкілікті нәтижені алдың ала болжау арқылы сол нәтижені алуға бағытталған қызмет процесін ұйымдастыруды білдіретін бұл ұғымның білім берумен байланысы тікелей анықталады.

Мектепке келген баланы, Мұқағали Мақатаеетың сөзімен айтар болсақ "Тарыдай боп кіресің.  Таудай болып шығасың" деген идеямен оқытып-тәрбиелеу - оқыту технологиясын білдіреді. Тарыдай балаға "таудай" болу мақсаты, мұғаліміне тарыдай баланы "тау-дай" қылу мақсаты - күтілетін нәтиже болып қойылады. Бұл жерде "тары" мен "тау" -антоним ретінде де. біртіндеп өсу барысында қол жеткізетін нәтиже ретінде де көрінеді. Ендігі міндет - оқушыны тән мен жан түрғысынан қатар дамыту. Ол міндетті шешу үшін, мұғалім білім берудің гуманиетік принциптері деп не танылатының айқын түсінуі керек.  Адамгершілік - адам баласының өзін-өзі түсініп, өз-өзін сыйлауынан, өзін өмірден бага жетпес құндылық деп түсінуінен туындайтын қасиет деп ойлаймыз. Өйткені өзінің. өмірінің. өз тәнінің, өз жаныңын, қасиетін түсінін бағалаған адам ғана басқа адамның да дәл өзіндей құнды екенін тусінуі мүмкін. 

Мүмкін біздің бұл ойымыз Сократтың Адам, алдымен сен өзіңді-өзің таны" деген қағидасынан туындаған шығар.  Қалай десек те, білім берудің қазіргі кезде жеке бастың қамын ойлауға, жеке басының баюына қажетті білім мазмуның іздеуге, ана тілінен енді ағылшын немесе қытай тілін жоғары қоятын бағыыттарға бет бұрып бара жатқаны гуманиетік идеяның білім беру барысында бел ала алмай отырғаның көрсететін сияқты.

Жаңа оқыту технологияларымыз қазіргі кезде көп түрінің түпкі ұстанатын-концептуалдық негізі, бастауы - адамгершілік философиясы. Оны Г.Селевконың кітабынан да, ресейлік көптеген ғалымдар кітаптарынан да көреміз.

Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының орны ерекше болады.  Барлық, дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты - оқушылардың өз бетімен білім алу. білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы мақсатқа лайықталғаның көру қиын емес.
Осы компьютерлік оқыту технологиясының философиялық негіздемесін гуманиетік деп анықтаймыз. Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны басқа адам түгілі, өзінен, өзінің нақты, рсалды өмірінен де алыстатып, виртуалды өмірге әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін.
Бірақ, кибернетика ғылымының негізін қалаған Винер компьютердің қанша дамыған түрі болса да, адамның миына еш жете алмайтының айтқаның есте сақтау керек.  Адам компьютерді келесі адамға қарсы екі түрлі жағдайда қолданады: бірі - компьютердің "тілін" білнегенде, екіншісі -гуманиетік идеядан мулде түсінігі жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-тәрбие процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді.
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық процестің өтілуі.  Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы басып үйренген оқушы, бір жағынан, қәазақ тілінен белгілі бір білім мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен "тіл табысып" жататыны анық.  Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне иек артпай, оқушының өө бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі. Компьютермен оқыту технологиясының тұжырымдамасын былай деп анықтап аламыз. Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатым білім беру әрекеті.
Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:

- талдау-болжау қызметі;

- жобалау қызметі;

- коммуникатиетік қызметі;

- дидактикалық қызметі;

- бақылау-түзету қызметі;

- психологиялық демеу болу қызметі;

-ұйымдастырушылық қызметі.

Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Комльютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады. 

Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманиетік сипатын көрсетеді. Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді. Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»? деген сұрақты айналып өту еш мүмкінемес.

Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі.Бірқатар педагогтер кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын , қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бір қауіп білдіреді.

Компьютер мектептегі лигафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер , сондықтан да білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар. 

Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі- ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды.

Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн:тек компьютермен қарым қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімалдық пен мейірбандылықты жоғалтып алып , дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым –қатынасқа бас ұрулары әбден мүмкін .
Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ , ал есептегіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова және басқа авторлардың еңбектерінде көрсетілгенде, информатиканың мынадай: процедура,функция, рекурсия , тармақталу, цикл мәліметтер құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды меңгеру операциялық деп аталатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Осының өзі - ақ оқу пәні ретінде информатиканы мектепке енгізудің алғы шарттарын жасады. Сонымен қатар білім алушылардың жас кезеңі жөніндегі мәселелерде көтерілді. Ойлау стилі балаларда ішкі сыныптарда басталатыны белгілі.Бұл балалардың ойлау қабілетіне ықпал ететін іргелі бірқатар математикалық ұғымдарды бастауыш ектепте меңгертумен түсіндіріледі.
Базалық сапа ретінде қарастырылуы тиіс оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырылуды сөз етсек , информатиканың негізгі ұғымдарының артықшылығына тағы да көз жетіземіз.  Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың қажеттігін мынадан-ақ көруге болады:білім берудің алғашқы кезеңінде информатиканың әдістерін меңгерген оқушы мектептің қалған сатыларындағы білім алуда ( атап айтқанда , түрлі пәндердегі сабақтарда) адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді пайдалану дағдысын меңгереді. С.Пейперт, Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы» түсінігі аясында «Информатика» деп аталатын пән жайында емес мектептің барлық пәндеріне кіріп кеткен информатика ұғымдары мен тұжырымды құрылымдары әдіс –тәсілдері жайында айтылатындығын байқау қиынға соқпайды.  Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп, мынадай пайымдаулар жасауға болады.

Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.

Екіншіден, бастауыш мекктепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге алып келеді. 

Бұл жерде мынаны ұққан жөн:»информатика» мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде –біреуінің ролін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұтатады.

Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі. Информатиканы ерте жастан оқытудың үмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік Атап айтқанда,В,Буцик кіші мектеп жасындағыларға басиауыш компьютерлік сауатберудің мынадай әдістемесін ұсынады:бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмектері арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру , яғни ақпаратты өңдеу, ақпаратты сақтау,ақпаратты беру салаларынан компьютердің мүмкіндіктері жөніндегі түсінік пен сауат қалыптастыру. Сонымен қатар Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында мынадай негіздерді енгізе отырып , әдістемелік жүйе ұынады.

1.Мектепте компьютерді қолданудағы басты мақсат дүниетанымдық және жалпы мәденилік сипатта болуы , баланың тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.

2.Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық ойлауын дамытуы қажет.Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған. 

Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толытыратын компьютердің екі қызметін:өошеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет. Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта отырып соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп алу қажеттігін дәлелдейді.

Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда , ішкі мектеп жасындағыларға түрлі пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн. Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін компьютерді пайдалану жөнінде бірнеше бағытты айтуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...