Ктп бойынша «Қазақ Әдебиеті» ПӘнінен с-11 топ студенттеріне арналған кейістік тапсырмалар жинағЫ


Тапсырма. Өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерге конспект жасау

Loading...


бет7/7
Дата01.03.2021
өлшемі34.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
Тапсырма.

  • Өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерге конспект жасау.

  • Өмір жолы мен шығармашылығына дәптерге хронологиялық кесте жасау.

  • Конспект бойынша 5 сұрақ дайындау.

42 тақырып. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы.

Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Шығармалары: Бақыт. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Ай туып келеді. Балладалар мен өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Қырандар төбеге қонбайды. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Сенім патшалығы. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1979; Махаббатты қорғау. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1982; Уақыт бедерлері. Балладалар, өлеңдер, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жазушы», 1982; Зерде кітабы. Өлеңдер, балладалар, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жалын», 1983; Өркениеттің адасуы. А., Жаңа қазақтар. Өлеңдер. А., «Білім», 2001.Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). Оңтүстік Қазақстан (1960-65), Лениншіл жас (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі (Сырдария) 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы (Бақыт) 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың Балладалар (1968), Ай туып келеді (1970), Қырандар төбеге қонбайды (1974), Сенім патшалығы (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Махаббат заңы атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған Жұбайлар жыры, Туған күн кешінде, Гүл дәурен, Мен саған ғашық едім атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық Жалын журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.

М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.



 
Тапсырма.

  • Өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерге конспект жасау.

  • Өмір жолы мен шығармашылығына дәптерге хронологиялық кесте жасау.

  • Конспект бойынша 5 сұрақ дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
бойынша жиынтық
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалау
Жалпы ережелер
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
Жұмыс бағдарламасы
бағалау тапсырмалары
біліктілік талаптары
арналған тапсырмалар
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
арналған әдістемелік
Конкурс туралы
Қазақстан тарихы
мемлекеттік әкімшілік
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
пәнінен тоқсанға
жалпы конкурс
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...