Ктп бойынша «Қазақ Әдебиеті» ПӘнінен с-11 топ студенттеріне арналған кейістік тапсырмалар жинағЫ


Тапсырма. Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерге конспект жасау

Loading...


бет2/7
Дата01.03.2021
өлшемі34.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
Тапсырма.

  • Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерге конспект жасау.

  • Қадыр Мырза Әлінің өмір жолы мен шығармашылығына дәптерге хронологиялық кесте жасау.

  • Конспект бойынша 5 сұрақ дайындау.

38 тақырып. Қабдеш Жұмаділов өмірі мен шығармашылы.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.


Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Қос томды «Дарабоз» (1996) романы тарихи тақырыпқа, «Саржайлау», «Сәйгүліктер», «Бір қаланың тұрғындары», «Бір түп тораңғы» атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, «Қылкөпір» романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді.

«Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз» романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде жарық көрді. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003–2004 жылдары «Қазығұрт» баспасынан шыққан «Он екі томдық» шығармалар жинағына топтастырылған. «Мәңгілік майдан» (2008) кітабы жарық көрген. Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1998 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» деген атақ берілді. «Парасат» орденінің иегері. Тарбағатай, Үржар және Аягөз аудандарының Құрметті азаматы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
бойынша жиынтық
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалау
Жалпы ережелер
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
Жұмыс бағдарламасы
бағалау тапсырмалары
біліктілік талаптары
арналған тапсырмалар
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
арналған әдістемелік
Конкурс туралы
Қазақстан тарихы
мемлекеттік әкімшілік
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
пәнінен тоқсанға
жалпы конкурс
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...