Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары Кинематикада

Loading...


бет1/3
Дата05.05.2021
өлшемі32.63 Kb.
  1   2   3

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

Кинематикада денелердің әртүрлі механикалық қозғалыстары олардың қозғалысының себептері ескерілмей қарастырылды. Ал денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі динамика деп аталады. Динамиканың негізгі заңдарын ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон тұжырымдаған және бұл заңдар оның атымен аталады. Динамиканың негізгі заңдарының ашылуы ғылым тарихындағы ең бір келелі кезең болып табылады. Оның 1687 ж. шыққан «Натурал философияның математикалық бастамалары» кітабында тұжырымдалған үш заңының көмегімен кез келген дененің: жүйткіген машиналардың, теңізде жүзген кемелердің, ауада ұшқан ұшақтардың, ғарыш кемелері мен жасанды серіктердің, құламалардан аққан сулардың, соққан желдің қозғалыс сипаты түсіндіріледі.  Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Бұл өзімізге таныс инерция заңы, бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп те атайды. Ньютонның бірінші заңы инерциялық санақ жүйесі. Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады. Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштерімен таныс болдыңдар. Осы күштерге қысқаша тоқтала өтейік. Ауырлық күш деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. . Бұл күштің әсерінен денелер жерге құлайды. Денелердің ауырлық күшінің әректінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Серпімділік күші деп дененің пішіні менкөлемі өзгерген кезде пайда болатын күш. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. , бұл формула Гук заңын өрнектейді.Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады. Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады. Табиғатта үйкеліс күші үш түрде көрініс табады: сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі, тыныштық үйкелісі. Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әректтің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы күш деп атаймыз.Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет  жасайтын күшті айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...