Критериалды бағалау

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі206 Kb.

Критериалды бағалау

  • Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген.
  • Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
  • Критериалды бағалау жүйесі
  • 1. Қалыптастырушы/формативті
  • 2. Жиынтық бағалау
  • Критерийлер – талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме.
  • Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады.
  • Көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткен дәрежесін анықтау болып келеді.

Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.

    • Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.
    • Қалыптастырушы/формативті бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
    • Қалыптастырушы/формативті бағаның түзету мүмкіндіктері бар.

  • Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
  • Жиынтық бағалау әртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.

  • Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны;

  • Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады;

Формативті бағалау

  • Дескриптор
  • Жетті
  • Талпынады
  • Қорытынды
  •  
  •  
  • Жетті Талпынады
  • Мәтіннің мағынасына арналған сұрақтарға жауап береді.
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Мәтіннің құрылымына арналған сұрақтарға жауап береді.
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Коммуникацияға арналған сұрақтарға жауап береді.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Критерийлер
  •  
  • Балл
  •  
  • Дескрипторлар
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • А
  • Тыңдалым. (мах 6)
  • 1
  • Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген. Автордың көзқарасын айқындағысы келген. 1 сұраққа дұрыс жауап берген.
  • 2
  • Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген. Автордың көзқарасын айқындағысы келген. 2 сұраққа дұрыс жауап берген.
  • 3
  • Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген. Автордың көзқарасын айқындауға тырысқан. 3 сұраққа дұрыс жауап берген.
  • 4
  • Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген. Автордың көзқарасын айқындауға тырысқан. 4 сұраққа дұрыс жауап берген.
  • 5
  • Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген. Автордың көзқарасын айқындай алған. 5 сұраққа дұрыс жауап берген.
  • 6
  • Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген. Автордың көзқарасын айқындай алған сұрақтарға түгел дұрыс жауап берген.
  • ЖИЫНТЫҚ/СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ

Күтілетін нәтижелер

  • Күтілетін нәтижелер
  •  
  • Критериалды бағалау жүйесі:
  • оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;
  • әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
  • оқыту сапасын жақсарту;
  • оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.

Мүмкін болатын қаіуп-қатерлер

  •  
  • 1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;
  • 2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.
  • 3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.
  • 4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.
  • 5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...