Сабақтың тиімділігі туралы кері байланысты алу (бағалау, оқушының оқу мақсатына жетуі)
Сабақты ұйымдастыруды және жоспарлауды түзету
Бағалау – оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлауды түзету үшін оқушының нақты нәтижесін оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру механизмі
ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Бағалар оқушы білімінің нәтижесін салыстыру және сыныптағы орта деңгейде қолдана алатынын бағалау арқылы қойылады.
Бағалау олардың нақты жетістіктерінің сипатын көрсете алмайды.
Оқушылар мен ата-аналарға түсінікті БІРЫҢҒАЙ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ анықталған:
Әр критерийлерге жету деңгейлері оқу бағдарламасының оқу мақсатына сәйкес әр тақырыбына және бөліміне анықталған және олар оқушыларға алдын – ала белгілі.
Бағалау оқу бағдарламасының нақты тақырыптарын меңгеру деңгейін көрсете алмайды.
Қолданыстағы журнал оқу бағдарламасындағы НАҚТЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН және оқылатын тақырыптар мен дағдыларда оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді көрсете алады.
Бағалау субъективті түрде өтеді.
Бағалау объективті түрде өтеді және МҰҒАЛІМ әр оқушыға нашар игерген тақырыптары бойынша НАҚТЫ КӨМЕК көрсете алады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды