«Көшпелі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар»



бет5/6
Дата11.06.2022
өлшемі48.48 Kb.
#267983
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дайындалуга Ержан

ҚОРЫТЫНДЫ
Бiз қолымыздан келгенiнше қазақ халқына тән дәстүрлi құқық жүйесiнiң қағидаттарын екшеп, жүйелi пiкiр айттық.
Тарихи деректердi мұкият сараптай қарап, төмендегiше ой-түйiндер жасауға тырыстық:
1) Қазақ халқының дәстүрлі құқық жүйесі және оның қағидаттары ұзақ әрі күрделі даму жолдарынан өтіп, адамгершілік, теңдік, еркіндік, имандылық идеяларынан, жалпы адамзат баласы армандаған демократиялық өркениеттілік сипаттарға ие және бұл қағидаттар қазақ халқының көкейіндегі арман-мұраттардан туындаған, өзіне тән дәстүрлі дүниетанымынан бастау алған. Себебі, қоғамдық құқықтық сана және одан туындаған қағидаттар құқықтық дүниетанымның құрамдас бір элементі ретінде көрінді. Бұл құқықтық ұғым, түсініктер көшпелілердің қоғамдық өмірінің ажырамас бөлшегі болды. Сол себепті де қағидаттардың құқықтық сипатқа өзек болуы әрі қалыптасып, дамуы бірнеше кезеңдерді қамтыды.
Қазақтардың дәстүрлі құқық жүйесінде құқықтық реттеушілікті қамтамасыз ету де негізгі қағидаттар көшпелілер қоғамының саяси өмір саласында құқықтық мәні бар қағидалар ретінде қоғам өмірінің тиісті салаларында басты орынды иеленді.
Қағидаттар адамды дұрыс жолға салу, жаман қылықтан аулақ болу, қылмыстың алдын алу, адамгершілік пен имандылықты қалыптастыруда маңызды рөл ойнады.
2) Көшпелілердің дәстүрлі құқық жүйесі және оның қағидаттары қоғамдық дамудың ұзақ процесінде біртіндеп қалыптасты, өмір қажеттілігіне қарай толысып, жетіліп, қоғамдық қатынастарды реттеп отырды. Ұлан байтақ кең далада болған саяси-құқықтық өзгерістер оны өзгерте алмады, тіпті құқық жүйеміз өзін-өзі сақтап қана қоймастан, ішкі күшке ие болып, нығая түсті, өміршеңдігін сақтап қалды. Өйткені, ол халықтық, қайнар көзі - халықтың өзі. Сол себепті де көшпелілер қоғамының мемлекеттік құрылымы, басқару жүйелері қоғаммен тығыз байланыста болып, бәрі де дәстүрлі құқық жүйесіне, оның мәйегі – қағидаттарға бас иді, қолдап қуаттады.
3) Қазақ құқық жүйесін әрі оның қағидаттарын өміршең, мәңгілік етуде билердің рөлі күшті болады. Олар сөз бен заң құдыретіне табынып, әділдік пен заңдылықтан аттамады. Би және билер соты – ішкі құрылысы рулық-тайпалық жүйеге негізделген көшпелі қазақ қоғамының игілігі. Билер сотында халықтық демократия мен халықтық билік құндылықтары өзінің табиғи қалпын сақтады. Билер сотының ұғымы күрмеулі істің ақиқатын табу және сот шешімінің негізі - әділдікке қол жеткізу болды. Ал, билер билер соты мұратын іске асыру үшін түрлі қасиеттерді: даналық, шешендік, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, халық тарихы мен шежіресін, хандар енгізген заңнамаларды білуі тиіс болды. Яғни, бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың болмысымен байланысты болды. Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталды. Би қазақ құқық жүйесі және оның қағидаттарының негізгі қорғаушы күші, алтын діңгегі, қорғаушысы бола алған.
Көшпелі қазақ қоғамының идеологиясына сай, тұрмыс-тіршілік қамының маңызды құралын өз құзырына иеленген билер ел сеніміне ие бола білді. Олар жүзеге асыратын билер соты халықтың барлық топтарының мүддесін тең дәрежеде ұстайтын демократиялық институт қызметін атқарады.
4) Қағидаттар дәстүрлі құқық жүйені жүйелеуде әрі құқықтық нормаларды қабылдауда басты нысан етіп алынды. Бұл қазіргі ең прогрессивті дін – ислам діні және оның шариат заңдарымен өзектес, бірін-бірі толықтырып, сұлуландырып, кемелдендіріп жатыр. Қазақ құқық жүйесі және оның қағидаттарының ислам діні және оның шариат заңдарымен біте қайнасып, біртұтас болып кетуінің бастысы әділдік, теңдік, заңдылық, еркіндік, бостандық, адамгершілік, имандылық қағидаттарының өзек етіп алынуы. Қазақтардың дүниетанымы исламнан алшақ болмауы бұл екі құқық жүйенің өзара бірігіп, монолиттік денеге айналуына жол ашты [30, 68 б.].
Қандай да болмасын дүниетаным дінмен ұштасып жатады. Қазақтардың да дүниетанымы тәңірілік идеясымен ұштасып, өмірдің қысқалығы, адамның күні адаммен екендігі, өзара сыйластық, адамдық жақсы қаиеттерді иелену о бастан-ақ ата-бабаларымыздың басты ой-әуендері болды. Ислам дінінің де басты мақсаты күрделі де даулы мәселелерді әділ шешу, адам құқығы мен тағдырына, тіпті жалпы адамзат мүддесіне лайықты кесім айту.
5) Қағидаттар нормативтік мәнге ие болып, кеңістік пен уақытта, аумақта қолданыста болды. Жаңа заңдар мен нормативтік актілерді қабылдау кезінде заң нормалары арасындағы ол қылықтар мен ақаулықтарды болдырмауы, құқық ұқсастығын қолдануда қағидаттар басым тұрып, басшылыққа алынып отырылды. Атақты билер шешімдерінің үлгісі өзгелерге өнеге, бағдар болды. Қағидаттардың қазіргі кездегі құқық шығарушылық қызметінде де, құқықтық реформалар жүргізілуінде де берері көп. Әсіресе, әділдік, теңдік, заңдылықты биік дәрежеде ұстауда сөз өнері, жөн сөзге тоқтау, шешендік, данышпандық, бітімгершілік, т.б. қағидаттардың маңызы зор.
Тәуелсіздігімізге ие болып, егеменді ел болғалы өткенімізді қайта қарап, жаңғыртып, қайта түлетуге құлшыныс жасалуда. Бұл жолында дәстүрлі билер сотын қайта түлету сот жүйеміздің халықтық сипат алуына, әділдік пен заңдылықты нығайтуда, адам құқығы мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге жол ашады.
Мiне, осы қағидаттарды басшылыққа негiз етiп алған дәстүрлi қазақ құқық жүйесi сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар бойы өз қоғамына адал қызмет етедi.
Елімiз егемендi ел болып, тәуелсiздiгiміз қолымызға тиiп отыр. Ендiгi жерде көнеден келе жатқан әрi ұлтымызға қалтқысыз қызмет еткен дәстүрлi құқық жүйемiз бен оның қағидаттары өз ұрпақтарын қайта сусындатуға мүмкіндік туып отыр. Қазақ халқы – задында ойшыл, шешен, жөн сөзге құлақ асатын халық, ұлыларын ардақтай алатын халық. Ұлы бабаларымыз аманаттап қалдырған рухани-мәдени мұраларын қасиеттеп, сақтап қана қоймай, оны өз кәдесiне жарататын халық. Демек, бiз өз тарихымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүрiмiздi күн талабына лайықтап қолдана аламыз. Өйткенi, тәуелсiз, егемендi мемлекетiмiздiң құқық жүйесi өз бастауынан суарылған, бейбiт өмiрдiң, теңдiктiң, әдiлдiктiң, имандылықтың тiрегi болуға кепiлдiк бередi. Осы айтылғандарды жүзеге асыру үшін халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игерiп, мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етiп алуымыз шарт. Сонда ғана әлемге танымал құқықтық-демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құра аламыз. Сол үшін де, көшпелі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар жоғары заң орындарында, тіпті мектептерден бастап оқытуды қолға алған дұрыс. Тіпті, билер институтын ауылды жерлерден бастап ашып, өкілеттік беруден де ұтылмас едік.
Мемлекетте субъект ретінде адамдардың материалдық-рухани қажетсінуін, өмір сүруге қажет нәрселерін қамтамасыз кетуі тиіс. Алайда, мемлекет өз құқығын асыра сілтеп, билік пен өкілеттікті шексіз пайдаланатыны құпия емес.
Қағидаттары өркениеттілікке жетелейтін ата-бабаларымыздың озық ойлы идеялары шынайы көрініс тапқанда ғана мемлекетіміздің іргетасы мықты болады.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін нақты қолдану туралы ұсыныстар:
1) Ендігі жерде адам құқықтары мен бостандықтары жайлы ата-бабаларымыздың идеяларын дамыта отырып, құқық пен бостандық түрлерін анықтап, оны іске асыру, оның механизмдерін, амал-тәсілдерін бекітетін, құқықтар мен бостандықтар тәртібін реттейтін заңнама жасау қажет.
2) Зерттеудің нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық пәндерінен дәрістер жүргізуде және семинар сабақтарын өткізуде қолдануға болады.
3) Тағы бір ұсынысым қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттардың мән-маңызын ашып түсіну, тек қана нормативтік актілерде қолданбай, жоғарғы оқу орнында дәрістен бұрын, ата-бабаларымыз өмірде, туысқандық ара-қатынаста, қоғамдық өмірде қолданғандай санамызға, құқықтық санамызға енгізу үшін мектеп жасындағы оқушылардан бастау керек деп ойлаймын. Жоғарғы сыныптарда құқық негіздері пәні жүргізіледі, сонымен қатар, бұл пәнмен қатарлас құқық жүйесіндегі қағидаттар пәнін оқытса деймін.
Зерттеу жұмысының қорытындыларын тәжірибеге енгізудің тиімділігі. Зерттеу жұмысында қол жеткізілген нәтижелер қазіргі кезеңде елімізде жүргізіліп жатқан, сот жүйесінің тиімділігін арттыруға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Қазақтардың құқық жүйесiнiң қағидаттары өзге шет елдердiң құқықтық жүйесi қағидаттарымен ұқсас болғанымен, қазақтардың құқық жүйесiндегi қағидаттарды танып-бiлуiнiң ерекшелiктерi оларға ұқсамайды. Кең далада көшпелi өмiр кешу теңдiк, еркiндiк, бостандық, адам құқықтары мен бостандықтарын шынайы түрде тануға, бойларына сiңiруге әсер еттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы