«Көшпелі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар»


КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет2/6
Дата11.06.2022
өлшемі48.48 Kb.
#267983
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дайындалуга Ержан

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында: Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет – [1, 192 б.] – деп бағамдауы тарихи танымның қоғамдық дамудағы алатын орнын терең ұғынудан туған міндет екендігі даусыз. Осы орайда, Жолдаудағы жаңа міндеттердің жүзеге асуына еліміздің рухани, ғылыми әлеуетінің қосар үлесі де зор деп білеміз.
Дипломдық жұмыста көшпелi қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқық жүйесiнiң қалыптасуы мен оның қағидаттары және негiзгi институттарының мәнi мен мазмұны, ерекшелiктерi сөз етiледi. Көшпелi қазақ қоғамындағы реттеушiлiк қызмет атқарған негiзгi құқықтық қағидаттары және институттарының жекелеген салаларына талдау жасалынып, қоғамдағы құқықтық мәдениеттiң ажырамас бөлшегi ретiнде қарастырылады. Сонымен қатар, автор қазiргi таңдағы жанданып жатқан ұлттық құқықтық болмысымыздың өткенiмiзбен сабақтас екендiгiн ескерте отырып, көшпелi қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқық жүйесiнiң, институттардың механизмдерiн әрi қарай дамыту керектiгi турасында кешендi пайымдаулар жасайды.
Тәуелсiздiк әкелген рухани өркендеуiмiздiң нәтижесiнде халқымыздың тұтастай ойлау жүйесiнiң жаңғыруы, жаңаша ойлау процесi жүрiп жатыр.
Кеңес билiгi тұсында ұлттық тарихымызды еркiн зерттеп, кұқығымызда өзiмiзге тән, менталитетiмiзге етене жақын, сан ғасырлар тәжiрибеден өтiп, бойымызға сiңген қағидаттардың шынайы нәтижесiн жариялауға сол кезеңдегi идеологияға байланысты мүмкiндiк болмады. Бiрлi-жарым жүрек жұтқан, шындықты жариялауға тырысқан адамдарды кеңестiк үкiмет «ұлтшыл», «халық жауы» деп айдар тағып, итжеккенге жөнелттi. Сондықтан да кеңестiк дәуiрдегi әдет-ғұрып, салт-сана туралы зерттеулер мемлекет мүддесiне орайластыра қарастырылды әрi қазақ халқының бiртуар қайраткерлерiнiң өз халқына жасаған қызметтерi; алтынға пара-пар үлгi-тәжiрибелерi жоққа шығарылып, қара күйе жағылды.
Бүгiнгi қоғам жетістіктерiн тарихи арнадан алшақтатпай өзара сабақтастықта қараудың маңыздылығы өте зор. Бұл жайлы заңгер-ғалым З.Ж.Кенжалиев: «Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық-кұқықтық мәдениетi бар.
Халқымыздың кұқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей, «көз жұмбайлыққа» салыну, тарих тағылымына немкұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту» – деп шынайы шындықты айтады. Ал өткеннен қалған рухани-мәдени қазыналарымыз жайлы «Қазақ құқығы халықтың тыныс-тiршiлiгiнiң өзегiмен қисындас болатын, халықтың өзiне жақын, тәндес, жалпы адам баласының мәңгiлiк рухани бiтiм-болмысына, талабына сай болатын» [2, 25 б.] – деп академик С.З.Зиманов айтқандай, терең мән мен мағынаға ие көшпелi өркениеттiң болмысы болған қазақ халқының дәстүрлі құқық жүйесі Тәуелсіз Қазақстанда өзінің лайықты қызметiн атқарарына сенiмiмiз мол. Академик С.З.Зимановтың қазақ халқының құқық жүйесінің болашағына сеніммен қарауы қазір шындыққа айналуда. Оған «Алқа билер сотының» енгізілуі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізге, дінімізге, тілімізге шындап қарай бастауымыз дәлел бола алады.
Қазақ қоғамында бұл құндылықтар рухани-мәдени өмiр дамуының жемiсi, ондағы адам құқығы мен бостандықтарының қорғалуының кепiлдi алғышарттары iспеттi болды. Өйткенi, құқық қазақ халқының қоғамдық өмiрiнiң барлық салаларында маңызды рөл атқарды.
Кезiнде қазақ қоғамында заңдылық пен әдiлдiк, адамгершiлiк пен имандылық жоғары деңгейде болып, дәстүрлi құқық жүйесi қызмет етiп тұрған ұзақ мерзiм iшiнде түрме мен құлып, адам бостандығынан айырылатын шаралар жоқ болатын. Ол кезде қоғамда тәртiп мығым болып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып оны бұлжытпай ұстап тұрған болатын.
Елiмiз тәуелсiздiгiн алып, егемендi мемлекеттiгiн жариялағаннан соң басталған экономикалық қиындықтар республикамыздағы тәртiптi де күрделендiрiп, қылмысық iс-әрекеттердi жиiлетiп жiбердi. Мұндай қиын-қыстау кезеңде ауыл-ауылдағы зиялы азаматтар, ақсақалдар қоғамдық тәртiптiң сақталуына, ұры-қары болмауына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiмiздi, яғни дәстүрлi құқық жүйемiздi дұрыс пайдалану арқылы реттегенi шындық.
Кезiнде нақақ өшiрiлген, тарих сахнасынан ысырылған дәстүрлi құқық жүйемiздiң кәдеге асар жағы өте көп. Оның үстiне ұлттық болмысымызды жоғалтып алмай, сақтауға өте пайдалы.
Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы аталған ғылыми жұмыстың өзектілігін және оның арнайы зерттеу нысанына айналғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы