Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет1/41
Дата19.05.2021
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


28.12.2020-ғы № 548 шығыс хаты

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «___» _____

№ __ бұйрығына1- қосымша



Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.Әдістемелік ұстаным меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдаланылады.

2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:

1) Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.

2) Білім беру ұйымдарының мектепалды, 1-5 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.

3) Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етіледі.

4) сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтаған жағдайда ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқыту.

4) Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.

5)9, 11 (12) - сыныптардың аралас форматында оқыту - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан.

6) 5 оқушыға дейінгі топтарда білім шығынын қалпына келтіру үшін жеке кеңес беруді ұйымдастыру.

7) Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйлес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.

8) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайымектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), мектеп жанындағы интернаттарда, балаларды жыл бойы оқытуды және сауықтыруды жүзеге асыратын оқу-сауықтыру орталықтарында ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.

9) Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.

3. Мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.

4. Директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді.

Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.

5. Оқу процесін үшінші тоқсанда ұйымдастыру.

Оқыту жалғасады

-меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының мектепалды, бастауыш 1-5-сыныптарының білім алушылары үшін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейін контингенті бар кезекші сыныптарда;

- сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін 300 адамға дейін білім алушылар контингентімен меншік нысанына қарамастан штаттық режимде мектептердің жұмыс істеуі.

Басталады:

- меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының 9,11 (12)сыныптарының білім алушыларын құрамдастырылған форматта оқыту, бұл ретте пәндердің 70% - ы штаттық режимде, пәндердің 30% - ы қашықтықтан режимде жүргізіледі;

- қажет болған жағдайда штаттық форматта білім шығындарының орнын толтыру үшін топтарда 5 оқушыға дейін жеке консультациялар өткізу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде