Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары

Loading...


Дата18.02.2017
өлшемі20.97 Kb.
түріКонкурс
"Б" корпусының төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

 

min

max

С-О-5

83 282

112 431

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ (100012, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі,11А,  анықтама телефондары: 8(7212) 411330,411303, электрондық пошта: nurakrg@mail.ru) төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Су пайдалануды реттеу және басқару бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №02-02, санаты С-O-5).



Функционалдық міндеттері: арнайы су пайдалануға рұқсат беру және оның қолданысын тоқтату материалдарын әзірлеу, қарастыруға қатысу, сонымен қатар рұқсат шарттарының орындалуын және олардың қолданыс мерзімін бақылау; су пайдаланушы кәсіпорындардың су қорғау шараларын сақтауды бақылау; жер үсті және жер асты су көздерінен су ресурстарын пайдалану есебін жүргізу, жер үсті су ресурстарының пайдалану төлемдері есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – «техникалық ғылымдар» мамандықтары бойынша (өзендердегі гидротехникалық құрылыстар мен су электрстанциялары, гидротехникалық құрылыс және ғимарат, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қызметінің қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз ету, су бұру және су ресурстарын қорғау, гидрогеология және инженерлік геология) немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтары бойынша (су ресурстары және суды пайдалану) немесе «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (гидрология, гидромелиорация, экология, өнеркәсіптік және қолданбалы экология); Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Су кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2 . Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №03-02, санаты С-O-5).

Функционалдық міндеттері: кәсіпорындарда тұтылынатын судың бастапқы есебінің жүргізілуін, су қоймаларының бекітілген жұмыс тәртібінің, арнайы су пайдалану шарттары талаптарының және мерзімінің су пайдаланушылармен орындалуын бақылау; кіші өзендердің жағдайларына және оларға өндірістік кәсіпорындардың су шаруашылық қызметтерінің әсер етуіне бақылау жасау; су тұтынушы мекемелермен су қорын тиімді қолдану және су заңнамасының сақтау тәртіптері бойынша тексерістерді өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – «техникалық ғылымдар» мамандықтары бойынша (өзендердегі гидротехникалық құрылыстар мен су электрстанциялары, гидротехникалық құрылыс және ғимарат, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қызметінің қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз ету, су бұру және су ресурстарын қорғау, гидрогеология және инженерлік геология) немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтары бойынша (су ресурстары және суды пайдалану) немесе «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (гидрология, гидромелиорация, экология, өнеркәсіптік және қолданбалы экология) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Су кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
бекіту туралы
ғылым министрлігі
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
бағалауға арналған
тоқсан бойынша
мамандығына арналған
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік әкімшілік
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған әдістемелік
жиынтық бағалаудың
әдістемелік кешені
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
Қазақстан тарихы
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
мерзімді жоспар
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша
тоқсанға арналған
арналған ортақ
қатысушыларына арналған
Қазақ әдебиеті
жиынтық бағалауға
қағидаларын бекіту
Мектепке дейінгі
орналасуға жалпы
арналған жиынтық

Loading...