17
субъектінің мақсаты конфликтінің қорытынды нәтижесі өзінің пайдалы
нәтижесі болып табылуында. Конфликтіде оппоненттің стратегиялық және
тактикалық мақсаттарын бөліп қарастырады. Қатысушының негізгі мақсаты
конфликтінің объектісін билеп алғысы келуінде, бірақ конфликтінің дамуына
байланысты, бұл мақсат өзгертілуі мүмкін. Әлеуметтік топтың конфликтідегі
ең анық көрінетін бөлігі адамның ұстанымы,
бұл қатысушының
мүмкіндіктері мен міндеттері, құқықтарының бірлестігі болып табылады.
Позиция бір жағынан динамикалығымен, екінші жағынан тұрақтылығымен
сипатталады.
Конфликтіліік
мінез–құлық
қатысушылардың
қарама–қайшы
әрекеттерімен сипатталады. Қарсыластардың қызығушылықтарын іске асыру
және шектеуге бағытталған өзара әсерлердің алмасуы конфликтіінің
әлеуметтік шындығын құрайды. Көп жағдайда қатысушылардың іс-әрекеті
бір–біріне әсер ететіндіктен қандай да болмасын конфликтіге өзара қарым –
қатынас сипатында болады.
Конфликтінің шығуын анықтауда оның
алдын алу мен конструктивті
қабылдау маңызды болып табылады. Конфликтінің неден туындағанын
білмей тұрып оған әсер ету қиынға соғады.
Базалық типология конфликтология аумағын анықтауға мүмкіндік
береді. Ол әлеуметтік және жеке тұлға ішіндегі конфликтіні қоса
қарастырады. Әлеуметтік конфликтіге жеке тұлға аралық, жеке тұлға мен топ
арасындағы және мемлекетаралық конфликтілер кіреді.
Конфликтінің дамуы мен пайда болуы оның төрт топ факторы мен
себептеріне негізделген: объективті, басқару – ұйымдастыру,
әлеуметтік -
психологиялық және жеке тұлғалық болып табылады. Бірінші және екінші
топ объективті, ал үшінші мен төртіншісі субъективті сипат алады.
Конфликтінің объективті себептеріне қызығушылықтары, көзқарастары
сәйкес келмеген адамдардың әлеуметтік қарым – қатынасын жатқызады.
Объективті себептер конфликт алды жағдайға әкеледі.
Конфликтінің субъективті себептері қарама – қайшылықтың басқа
конфликт түрін қалаған қатысушылардың психологиялық
ерекшеліктерімен
тығыз байланысты. Адамдар мәселені компромистік шешуге бармайды,
конфликт туындауынан қашпайды, туындаған қарама – қайшылықты
оппоненттердің екеуіне де пайдалы шешу үшін ақылдаспайды, керісінше
қарама – қарсы стратегия ұсынады. Барлық
конфликт алды жағдайларда
шешім шығарудың конфликтілік немесе конфликтісіз әдістері бар.
Қандай да болмасын объективті себеп субъективті факторлардың
себептері әсерінен туындаған конфликтілік жағдайда басты роль атқарады.
Конфликтінің субъективті себептерінің негізінде адамдарға аз байланысты
факторлар жатады.
Объективті және субъективті себепсіз пайда болатын бірде бір
конфликт жоқ. Конфликтісіз шешілмейтін объективті күштен туындаған
конфликт алды жағдайды анықтау қиынға соғады. Әрбір жеке тұлғалық
конфликтіде субъективті фактор маңызды роль атқарады.
Егер адам
18
субъективті шешім қабылдамаса, конфликтілі қарама – қайшылық болмайды.
Сондықтан барлық конфликтілердің объективті - субъективті себептері
болады.
Күнделікті өмірде адамға үнемі бір шешімдер қабылдап, басқа
көзқарастарды қайтарып тастап отыруға тура келеді. Мысалы, махаббат
немесе байлық, отбасы немесе жұмыс, жеке бас
өмірі немесе карьера деген
сияқты таңдаулар көптеп болып отырады. Адам өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ішкі «Меніндегі» сенімсіздіктерін жеңіп, оны қоршаған
орта өзгерістеріне сәйкестендіріп отыруы керек. Егер кездейсоқ
қиыншылықтардың әсерінен адам көздеген мақсатына жете алмай қалса,
онда ол фрустрацияға және конфликтілік жағдайына түседі. «Индивидтің
және топтың психологиясы» деп аталатын кітаптың авторлары
фрустрацияны тудыратын жағдайлардың төрт түрін көрсетеді:
- Физикалық бөгеттер (ауа-райының қолайсыздығы, ақшаның жоқтығы);
- Қажеттілікті қанағаттандыруға қажет объектінің жоқтығы (мысалы,
кофе ішкім келіп тұр, бірақ дүкен жабық);
- Биологиялық шектеулер (ақыл-ой дамуы артта қалған немесе
физикалық ауытқулары бар адамдар);
- Әлеуметтік жағдайлар.
Фрустрациялық жағдайлардан басқа психологтар
адамның өз ішінде
жатқан, конфликтінің тууына себеп болатын жағдайларды да атап көрсетеді:
- қажеттіліктер конфликтісі (өзің жегің келгенімен басқаға да бөліп беру
керек);
- әлеуметтік норма мен қажеттілік арасындағы конфликтілер (махаббат
пен норма);
- әлеуметтік нормалар конфликтісі;
- құндылық пен қажеттілік арасындағы конфликтілер.
Күнделікті өмірде тұлға ішілік конфликтінің сыртқы және ішкі
себептері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, бала мұғалімнің
талабын орындайтынын немесе жолдасының өтінішіне құлақ асатынын шеше
алмай қиналады. Нәтижесінде балада тұлғаішілік конфликт туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: