48
баланың ұзақ уақыт бойы өзіне сенімсіз, тұйық, өз ойын айта алмау сезімін
жатқызуға болады.
Үшінші, рефлексия және себептерді анықтау кезеңінде тұлғаның
конфликтілі мінез–құлқы мен агрессивті әрекеттерінің себептері анықталады.
Тренинг көптеген конфликтілі жағдайлардың, импульсивті мінез–құлық
процестерінің пайда болуының негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Төртінші кезең – катарсис эмоционалды тазару ретінде. Бұл топтық
тренингтің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады да, негізгі мақсаты
тұлға конфликтілілігінің себептерін сезініп, өзін-өзі дамытудың әдістерін
іздестіру болады.
Тренингті процесте маңызды рөлді жүргізуші немесе тренингер
атқарады. Себебі тренингті жүргізу барысында ол режиссер, терапевт,
психоаналитик, психолог та бола алады. Ол тұлғалардың бір – бірімен қарым
– қатынасқа түсуінің дәнекершісі немесе олардың қақтығысын өршітіп
жіберуші немесе екі жақтың келісіп, бір шешімге келуіне итермелеуші де
болады. Тренинг барысында жүргізушінің қандай
әдістерді қолданғаны да
маңызды. Конфликтілі жағдайды шешуде «рөлдерді ауыстыру» әдісін
пайдаланған тиімді. Себебі конфликтіге түсуші жақтар рөл ауыстыру арқылы
өздерінің іс - әрекетіне сырттан бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар,
тренингте «айна әдісі», «конфликтінің жансыз объектілерінің жандануы»,
«конфликтілі жағдайдың экранына ену» деген әдістер де құнды болып
табылады.
Тренингтің неғұрлым дамыған формасы видеотренинг болып
табылады. Тренингтің мұндай түрі арқылы адам өзіне өзінің көзі арқылы
қарауға мүмкіндік алады. Тренингті осылайша видеокассетаға жазып алу оны
кейін қалаған уақытта қайта қарау арқылы адам өз кемшіліктерін немесе
жағымды жақтарын байқап, вербалды немесе вербалды емес қарым –
қатынасының ерекшеліктерін анықтай алады.
Видеотренингтің құнды толықтырушысы видеопікір болып табылады.
Ол келесі шарттар негізінде жүзеге асу керек:
-видеопікір жасалған қателіктің дәлелі ретінде емес, сол қателіктің түп
негізін анықтау құралы ретінде пайдаланылуы керек;
- мінез–құлықтың жекелеген элементтеріне назар аударып, кемшіліктерді
анықтау мақсатында;
- кассетаны қарау барысында қателіктің неден туындағанын және оның даму
барысын анықтау керек;
- жасалған қателіктің мотивін және конфликтілі жағдайдағы мінез –
құлықтың ерекшеліктерін анықтау;
- сын айту (комментарий)
кінәлауға, кешірімді талап етуге айналмай,
табылған қателікті түзетудің тиімді жолдарын іздестіруге әсер етуі керек.
Туындаған конфликтілі жағдайды топтық тренинг және топтық
дискуссия арқылы шешу сол қиындықтың нақты себептері мен түп негізін
анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жағдайды топ болып талқылау, әрбір
49
тренингке қатысушының пікірі мен көзқарасын тыңдау, конфликтіден
шығудың неғұрлым тиімді жолдарын іздестіру және нақты бір жағымды
шешімге келу тренинг барысында ғана жүзеге асады.
Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттіліктері қандайда
себептермен
орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі
болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық психологиялық қорғаныс
тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты,
табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл - әрекетінде кезігетін
ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай
психикалық қасиеттер адамға көңіл - күй күйзелістері жағдайында өзінің
кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
Психологиялық қорғаныс қызметі өзінің мән - мағынасы бойынша
қарама-қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, ол
адамды өзінің шын
мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкестенуге ойыстырса, екінші
жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін
кемітеді. Психологияда көптен белгілі бітпеген іс әсері деп аталатын
құбылыс бар. Оның мәні -әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші
болады да, адам сол кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады.
Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым
қимыл - әрекетке итермелейді, ал егер істі орындаудың тікелей жолы
табылса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан,
мұндай психологиялық қорғанысты баламалы
әрекеттердің арнайы
ойластырылған формасы деп түсінсе де болады.
Қорғаныс механизмдері табысқа жетудің қалыпты шарттары мүмкін болған
кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді.
Психологиялық қорғаныстардың түрлері:
Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды
қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді,
қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан- дүниелік
көрсетпелеріне қайшы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік
бағасына қатер төндіретіндей себеп - түрткілердің пайда болуынан көрінетін
қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне
бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан
қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа
сай объектив бағалауды
шектейді, осыдан, әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз
ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен
құтылудың ең әмбебап әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің
төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің
жалған себептерін алға тартатын жағдайда болады. Шын, бірақ жағымсыз
түрткілер әлеуметтенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған
себептермен ығыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: