Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


-эссе: М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз



бет22/45
Дата19.01.2023
өлшемі89.76 Kb.
#417254
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
эссе 9 сынып
SAT 4 10 Action.docx, БЖБ 10 сынып 1 тарау, 123, охр3, Үйден оқытылатын оқушыға психологиялық ойындар, Инклюзив тұжырымдамасы, ктп 2 класс (1)
27-эссе: М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз.
Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік ен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын-Мағжан Жұмабаев. Ол өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқынығ дара перзенті. Мағжан ақынның табиғаты өте күрделі, жұмбақ, сырға толы. Оның сыры неде, талайды аузына қаратып тамсандырған ақын феноменін қалай түсінуге болады? Дарын табиғатының көрінісі бұлақтай мөлжір поэзиясынан көрінеді. Мағжан ақын поэзиясында кездесе бермейтін өрнек тауып, рухы мықты жалынды жырлар мен үлбіреген нəзік əуез əкелді.
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Осындай өлеңдерінің бірі-«Толқын». Бұл өлеңде ақын толқындардың қозғалысының əртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады. Сылдырап аққан бұлақтың бетінде бірде көпіршіп, бірде иіріле ағатын толқындар нəзік, қарапацым, зиянсыз, сырттай қарағанда өмірге қатер тудырмайды. Меніңше, бұл өлеңді адам өмірімен байланысты қарауға болады. Біріншіден, толқынының қимылынан бірінен-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың əрекеті көрінеді. Екіншіден, толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп, құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп, өзге толқындарға ілесіп, көрінбей кететін адам образын ойға салады. Үшіншіден, жартасқа сүйеніп, көз жасын сүртіп, сылқ-сылқ күліп, бірінің ізін бірі аңдып, жоғалып жататын адам тағдырымен астарлайды. Осылайша, өмірдің толқынды құбылысының қозғалысын ойға салғандай образдайды. «Толқын» сөзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіреді. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын»- қозғалыс перзенті, ал өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Ақын өлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, өмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, өмірдің өзгермелігін, өмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін өлеңнің мағыналық астарына дәріптейді. Алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орын басуы заңдылық. Өлеңнің идеялық өзегінде өмір философиясы бой көрсетеді. Ақын өмірдің бар болмысын толқынның тууы мен өлуі арасына тізбектей отырып көркем безендірген.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан Мағжанның басты ерекшелігі өлең өрімінің өзгеше сұлулығы мен саздылығының ерекше үйлесім табуында. Ол сыршыл да өршіл жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары