Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз



бет12/45
Дата19.01.2023
өлшемі89.76 Kb.
#417254
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
эссе 9 сынып
SAT 4 10 Action.docx, БЖБ 10 сынып 1 тарау, 123, охр3, Үйден оқытылатын оқушыға психологиялық ойындар, Инклюзив тұжырымдамасы, ктп 2 класс (1)
14.Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иісі бола білген. Сонымен қатар олар атақты шерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі. Аттың өң жүйрігін таңдап мінген атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген. Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы XIX ғасыр ақын-әнші, сазгерлердің өзіндік "алтын ғасырына" айналып, қазақтың кәсіби өнері-әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына шыққан кезі болды. Сөйтіп, XIXғ екінші жартысы-қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанарлар қалыптасты. Солардың ішінде, әсіресе, ақындардың өзін-өзі бейкелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде “Біржан сал”, “Ақын Әнші”, “Мұса”, “Мәди” “Сары”, “Әсет” өлеңдерін атауға болады. Олар мұндай әндерінде әрі ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өткен, екіншіден, туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп, соны әнге қосады. Менім ойымша әр әнші-ақының өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасады. Мысалы,әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, актерлік элементтердің болуы, тіпті, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көз қарасы, әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық жерлерін сипаттай келіп, оны “жалғыз актердің театры” деп айтқаны кездейсоқтық емес.
Сері де – сол атақты әнші, күйші, ақын өнерпаз. Оның киім киісі сұлу да сыпайы. Осындай жердің сыртында ол сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын. Әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, шешен, шебер, қысқасы халық сөзімен айтқанда “сегіз қырлы, бір сырлы” аса биік азамат – қазақ әнші-ақындарының өлеңдеріндегі серілер дәл осындай.

15.Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына өз туындыларын қалдырған әрі ақын,әрі сазгер-сал-серілер тобы.Елдің еркесі ен өнердің серкесі болған сал мен сері кім еді?Олардың қалдырған туындыларының өзектілігі мен өміршеңдігі неде?Бұл сауалдарға жауап ала отырып,сал-серілер шығармашылығы тікелей өз шығармашылығымен байланысты екендігін көреміз.Олардың мұраларының өміршеңдігі осында жатыр деп ойлаймын.
Сал-серілер- айналасына өнер шамын жағып жүрсе де,өздері өмір сүрген ортада әділетсіздікті ең көп көрген адамдар.Біріншіден,сал-серілердің тағдырына әсер еткен ел ішіндегі күштілердің жасаған қиянаттары деп ойлаймын.Мысалы,күллі қазақ жұртына атағы жайылған Ақан серінің өмірінің трагедиямен өткенін бәріміз білеміз.Ақан серінің өмірінің соңында елден оқшауланып,жеке өмір сүруіне не себеп болды?Бұған сол кездегі ел ішіндегі күштілердің жасаған зұлымдығы кіәлі еді. «Қас қылған жануарым Құлагерге,Жауызға бар тілегім өлең берсін...»деп жырлауының мәнісі осында жатыр.Мұсаны жаяу аттандырған,Біржанға қамшы тигізге,аяқ-қолын шынжырлатқан да сол замандағы әділетсіздіктің көрінісін байқатады.Жаяу Мұсаның «Жаныма батқандықтан ашынамын,Мен неге жаяумын деп басыламын», - деуі зорлық-зомбылыққа қарсы өмшіл үнін көрсетпеуі емес пе?
Сал-серілердің тағдырына әсер еткен екінші бір әлеуметтік мәселенің бірі-олардың көбінің қуғын-сүргінге ұшырауы.Бүкіл қазақ даласын шарпыған дүрбелең сал-серілер тағдырына да әсер етеді.Мысалы,атақты арындаған әнші Әсет сол дүрбелеңнің кесірінен Қытай жеріне көшуге мәжбүр болады.Ақын: «Жылап жүріп осы күнде елсағынып...»деген жолдардан шалғайда жүрген бүкіл қандастары атынан сөйлейді.Атақты Сегіз серінің «Қашқын келбеті» өлеңінің тууы да тікелей,қуғын-сүргінге байланысты.Патшаға қызмет етуден бас тартқан өнер иесі өмірін қашқындықпен өткізеді.Өзінің өлеңінде: «Қазақты патша ағзам сатпақ болды,Исатай,Махамбетті атпақ болды»,деп Шомбал биге жауап беруі ел ішіндегі келеңсіз әлеуметтік жағдайға қарсы үн көтеруі еді.
Ойымды қорытындылай келе,сал-секрілер тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер көп екеніне көзіміз жетеді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп дана халқымыз айтқандай,дер кезінде сол асылдарымызды бағалай алшмағанымызға жаным ауырады.Десе де,ақындарымыз өздерінің қиянатқа ұшыраған тағдырларына қарсы тұрып,артқы ұрпаққа өшпес мұраларын қалдыра білді.Олардың мұралары ғасырдан-ғасырға жалғасып,жасай береді деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан