Компанияның қауіпсіздік ережелерімен танысу, форс-мажорлық ситуациялардың алдын-алу шараларымен таныстық

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі65.15 Kb.
14,01

Практиканың өту орнына көрсетілген уақытта келіп, жолдама мен күнделікке сәйкес белгілеулер жасадық, өту графигіне кәсіпорын басшысымен бекітіп, практика жетекшілерімен келісіп, құрал-жабдықтар және құжаттармен таныстым. Ең алғашқы күннен бастап өз білімімді, күш-қуатымды тәжірибеге жұмсап, барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырыстым.

15,01

Кәсіпорын құрылысымен танысу, ұйым айналысатын қызмет пен арнайы нұсқаулықпен танысу. Сонымен қатар, ұйым қызметкерлерімен де танысу.



16,01

Компанияның қауіпсіздік ережелерімен танысу, форс-мажорлық ситуациялардың алдын-алу шараларымен таныстық.

17,01

Компания жұмыстың сапалылығы үшін бізге жеке жетекшілер бөліп берді. Жетекші компанияның түрлі стратегиялары мен коммерциялық құпиялары жайлы түсіндірді. Басты мақсат- коммерцияық құпияның жариялылық белгілерінің алдын-алу шаралары.



21,01

Бұл күні мекеме орнымен таныстық. Персоналдармен жақынырақ араласып, практикаға барған студенттерге әр түрлі тапсырмалар бөліп берді.. Практикант болғаннан кейін бізге аса ауыр тапсырмалар берілген жоқ. Қолымыздан келгенше үйреніп кетуге тырыстық.

22,01

Жетекші күнтізбелік тәртіпке сай атқарылатын жеке жұмыстар тізімін белгілеп берді. Ең алғаш логистикалық қоймамен таныстым.Ондағы атқарылатын жұмыстар,орау,тиеу,арту секілді функцияларын өз көзіммен көріп шықтым.Ол өте қызықты болды, себебі, универ кезінде көбіне теория жүзінде өткен білімді тәжірибемен шындадық.



23,01

Компанияның ұйымдық схемасымен танысу. Арнайы қызмет функцияларымен танысу. Жұмыс жасау объектілері мен бәсекелестерін талдау. Себебі, компания үшін нарықтағы қызмет ету сферасы мен мүмкіндіктері бәсекелестермен тығыз байланысты

24,01

Келесі күні тапсырыстарды қабылдау және басқа да құжаттарды қалай рәсімдеу керектігін көріп өттік.Соның ішінде,тапсырыстың қалай жазылатыны және оның шарттарын,компанияға қалай тапсырыс беру керектігін үйретті.Бастысы,тапсырысқа арналған құжатты рәсімдеуге кететін уақыты болып есептеледі екен.



27,01

Бұл күні маған қордағы тауардарды қалай жоспарлауға болатынан көрсетті.Қорда тұрған тауарларды сақтаудың жекелеген өзіндік шарттары бар екен.Себебі,ұзақ сақталатын тауарларды өзіндік иіс бөлетін тауарлармен араластыруға болмайды деген секілді.Маған жоспарлаудағы басты мақсат жоспарлау мен үйлесімділіктің сай келуі екенін айтты.Ең қиыны,қоймада сақталып тұрған қорлармен жұмыс екен.

28,01

Ендігі күні жабдықтаушыны таңдау кезінде программалық және есептеу арқылы таңдаудың айырмашылығын практика жүзінде көрдік.Бастысы, есептеуге кететін уақыт пен маршрутты таңдауға кететін уақыттың тиімсіздігі екен.Сонда,біз үшін арнайыландырылған программа тиімді болып есептеледі екен.Себебі,арнайыландырылған программа жоғарғы сенімділікті береді.



29,01

. Бұл күні Рэлл Тарифтің қалай жұмыс жасайтынын көрдік.Себебі,бұл программа 1С сияқты барлық жерге қажетті программа екен.Бұл программаны үйрену менің қызығушылығымнан туындады.Алдыңғы тапсырыс қабылдап үйреткен тәжірибесін мен толық түсініп алдым.Тапсырыс қабылдап үйреніп кеттім десе де болады.Себебі,өз деңгейімде логистикалық жүйе жұмыстарын ұйымдастырып,қорларды қарастыру,құжаттарды өз бетімше толтыруды,қабылдаулар мен тауараралық сұрыптауларды ,делдал мен тарату каналдарының түрін анықтауды,тарату арналарын басқару секілді жұмыстарды өз бетімше жаса көрдім.Жұмысымды жоғары деңгейде бағалады десем де болады.

30,01

Бұл күні тапсырыстар тағы да келіп түсті.Алдымен тапсырыс қағаздарын алып қалып,оны қоймадағы сақтаулы тауарлармен салыстырдық.



31,01

Компанияның жаңа жылдық жоспар бойынша бір айлық жұмыс қарқынын салыстырып көру үшін бір айлық отчет жасалды. Басты мақсат- өндіріске қажетті шикізат қорын бақылауға қажетті мөлшер мен сұраныстағы нақты өзгерістерді бақылау. Ол өзгеріс 1 жыл бұрынғы қорытындымен салыстырылды.

3,02

Кәсіпорын жайында алынған ақпарат бойынша талдау жасап, анықталған деректер бойынша тактикалық және стратегиялық, маркетингтік жоспар құрылды. Компания құрал-жабдық өндірумен айналысатын болғандықтан, сұраныс көздері нарықтан болады.



4,02

Компанияның жұмыс атқарып отырған программаларымен таныстық. Компания түрлі салаға бөлінгендіктен әр салаға сай өзіндік программаларымен жұмыс атқарады. Мысалы, «НоваТранс», «АБМРинкай», 1С Форес. Әр программаның өзіне тән артықшалықтары бар.

5,02

Аталған күні де қоймаға бардық.Бұл ұсыныс менің тарапымнан болды.Себебі,қойма кезінде алған әсерім өзіме қатты ұнады. Бұл күні қоймада сақтаудың арнайы орындарын дайындадық,дайындау,тестілеу,өлшеу,орау,сынау,бақылау жұмыстарын жасадық.Сонымен қатар дизенфекциялап болған соң,өнімді қойма ішінде бөлдік.Тауарларды орадық,арнайы ыдыстарға салдық,жүк құжаттарын дайындадық.



6,02

Бұл күні сұйық әрі төгілмелі жүктермен жұмыс атқардық.Қоймаға барып,оларды құйдық,өңдедік,бутылкаларға құйдық.Сонымен қатар,контейнер ыдыстарын да қолдандық.Осы аталған функциялар қазіргі таңда қойма жұмысының қажетілігін аңғартады екен.Себебі,қойма арқылы логистикалық операцияларды қалай орындалатынын,клиентке сапалы қызметті көрсету қажеттігін,жүк өңдеу,орау,тасымалдау бойынша шешімді нақты қабылдауға мүмкіндік беретінін аңғартты.

7,02

Кәсіпорынның бәсекелестеріне талдау жасау, арнайы сұранысты арттыруға байланысты шаралар ұсыну. Арнайы шараларлы басшылыққа ұсыну, компания қызметіне SWOT-талдау жасау. Басты мақсаты- артықшылықтарын, мүмкіншілігін, кемшілігін, қауіп-қатерін анықтай білу.



10,02

Нарықтағы компанияның имиджін қалыптастыру үшін тұтынушыларға талдау жасадық. Тұрақты тұтынушыларды анықтадық. Мысалы, құрылыс компаниялары біздің бірден-бір нақты тұтынушыларымыз екен. Тұтынушыларды жоғары сапалы тауарлармен қамтамасыз ету үшін арнайы келіссһздер жүргізілді.

11,02

Бұл күні «ТрансТейд» бағдарламасымен таныстым. Бағдарлама қызмет саласы жүк тасымалын жүзеге асырумен және көлік міндеттерін шешумен байланысты көліктік логистиканың кез келген бөлімін автоматтандырады. Бағдарламада тасымалдау туралы барлық қажетті мәліметтерді, жүк иелері мен траснот, жеке тасымалдаушылар, қосалқы мердігерлер компанияларының атауын тіркеуге, есептерді қалыптастыруға, қарауға және басып шығаруға болады. Жұмыс барысында бағдарлама арнайы ставкалар бойынша немесе километражға, салмақ пен жүк көлеміне қарай тасымалдау құнын есептейдігін үйрендім.



12,02

Компания қызметкерлеріне міндетті деп танылған скриптпен таныстым. Жетекшіммен бірге суық қоңырау қабылдауды үйрендім.

13,02

Компанияның арнайы құрылыс алаңымен таныстым. Кірер сәтте қауіпсіздік щаралары түсіндіріліп, арнайы ережеге қол қойылды. Компанияның құрылыс алаңына бөлінген 200 шаршы шақырым үлкен алаңы жұмыс атқаруда



14,02

Қандай тауарлар өндірілетінімен таныстым. Ол тауар құрылыс, кеңсе, және электротолқынды және электірлі тауарлар мен құрылғылар. Компанияның басты тұтынушылары- елімізге танымал ірі құрылыс компаниялары мен шетелдік компаниялар. Мысалы, BI GROUP, GATE, ТШО

17,02

Кәсіпорынның түрлі жобаларымен, сызбаларымен таныстық. Компания айналысатын ірі көптеген жобалар бар. Компанияның қазіргі атқарылып жатқан «Дунга»(Казахстан), «Прорва», (Италия), «Тенгиз» (Греция)секілді жобаларымен таныстым.



18,02

Компанияға түскен қоңырау қабылдауды үйрендім. Арнайы іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан, скрипт бойынша қоңырау қабылдадым.

19,02

Компанияның тұтынушыларымен байланыс орната отырып, ең сұранысқа ие тауарларды анықтадық. Нәтиже көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие тауар- электрге қыжетті тауарлар, кабельдер, панель және түрлі аксессуарлар екендігін тағы да анықтадық



20,02

Компания шығындарымен таныстым, сонымен қатар статискалық деректер құрастырдым. Команияның шығыны шикізат пен соңғы тауарды жеткізуге кететін болғандықтан, оптималды варианттар қарастырдым, қажет болған жағдайда басшылыққа ұсынып көрдім.

21,02

Кәсіпорындағы өзге де кадр бөлімімен таныстым. Сату бөлімі арқалы барлық сұраныстар нақтыланып, келіп түскен ұсыныстарға арнайы хатта толтырылды. Қордағы бар тауарлар мен өндіруге қажетті көлем анықталынды. Тауар өндіруге кеткен шығындар мен тасымалдауға кететін шығындар суммасы есептелінді.



24,02

Жол,кеденік декларациямен жұмыс жасадым. Декларация дайын өнімді тұтынушыларға жеткізу кезінде қолданылады. Ол арнайы қызмет етуші ел территориясына сай кедендік талаптар бойынша басқарылып отырылады. Декларацияда тауардың көлемі, бағасы, жарамдылығы, стандартқа сай немесе сай келмейтіндігі көрсетілінеді.

25,02

Ұйымның автокөлікті бақылау және есепке алу қағидасымен таныстым. "Автокөлікті бақылау және есепке алу" құжаттар мен есептерді тез қалыптастыруға мүмкіндік береді екен. Бағдарламада жол парақтарының және әртүрлі көліктік есептердің үлгі нысандары қамтылған. Автоматты түрде хабарландыру кезекті техникалық қызмет көрсету, сақтандыру полисін ұзарту немесе өзгерту қажет болған кезде еске салатындығы көптеген артықшылықтарды береді екен.



26,02

Бұл күні жүк процестерін тасымалдау жұмыстарымен танысып шықтым. Тауар өндірушіден дайын өнімді тұтынушыға Канбан секілді жүйелерді қолдана отырып, жеткізу маршрутарын сыздық. Жолға кететін шығындарды есептедік.

27,02

Жетекшіммен бірге Канбан жүйесінің қалай қфзмет ететінімен таныстық. Қазіргі көптеген компаниялар логистикалық жеткізу концепциясымен жұмыс атқаратындығын түсіндім. Себебі, аталған жүйелер нарықтық салада өзінің дәлдігін дәлелдеген.



28,02

Кәсіпорынның тұтынушылары мен бәсекелестерін талдадық. Талдау барысында түрлі әдістерді қолдандық. Мысалы, диверсификация және ұяшықтар әдісі. Тұтынушыларды талдау- сапалы өнім өндіруге үлкен үміт береді. Себебі, нарықта сенімділік- компанияның табысты жұмыс жасауына кепілдік беріп қана қоймай, бәсекелестерден озуға көп көмегін береді.

2,03

Телефон қоңырауларына жауап бере отырып, шикізаттың жеткізілгенін растайтын құжат түрлерін дайындау,материалдық және ақпараттық ағымдардың дұрыс жүргізілуін қадағалау.Керекті қаражат көлемімен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын бухгалтеріне құжаттар тапсыру.



3,03

Дайын скрипт бойынша суық және жылы қоңырау арқылы компания тұтынушыларымен байланыс орнатып, тізімін жасау. Тұтынушылардың тұрақтылығын сақтай отырып,тұрақты клиентке айналдыру шараларын қарастыру және жоспарлау.

4,03

Тұтынушылардың тасырыстарын талдау. Қай көлемде, қанша уақытта керек екендігін анықтау. Тұтынушылар мен қызметтер тобын сегменттеу.



5,03

Жабдықтаудың қалай жүзеге асатынымен танысу. Ол үшін арнайы сату бөліміндегі менеджерлермен келісімге келдік. Кеше келіп түскен компаниялардың тапсырыстарын қабылдадық. Арнайы жұмыс тәртібі мен күнделікті қызметтер жүйесін бөліп қарастырдық.

6,03

Қоймадағы тауарларды АВС-талдау әдісі бойынша ретке келтіріп бөлдік. Қоймадағы ыстық және суық зоналардағы құрал-жабдықтармен таныстық. Ең ыңғайлы зонада орналасқан тауарлар- сұранысқа ие тауарлар екен. Мысалы, панель, кабель.



9,03

Түрлі стеллаж түрлері мен олардың ерекшеліктері мен тығыздылығын, төзімділігімен таныстым. Ең көп қолданылатын стеллаждар-Еуротабанды стеллаждар екен. Өлшемдері түрлі болып келеді. Мысалы, 800-1000 мм, т.б

10,03

Компания тұтыншыларын сегменттеп болған соң, клиенттер базасын қалыптастыру. Арнайы мақсат-тұтынушыларды сапалы тауарлармен қалыптастыру.



11,03

Тауар жеткізу маршруттарын қалыптастыру. Марштрутты құру оңтайлы жеткізу жолын, яғни ыңғайлы маршрут түрін көрсетеді. Оған сай тасымалдауға кететін шығынның азайғандығы көрініс береді.

12,03

Тұтынушыларға ұсынылатын қызметтерге қажетті құжаттарды қарастыру.Тұтынушылармен байланыс арналарын теориялық негізде талдау, шетелдік логистикалық кәсіпорындардың тәжірбиесі негізінде жаңа арналарды қарастыру.Басшылыққа ұсыну.



13,03

Құжаттардың дұрыстығын тексере отырып, түрлі көшірмелерін жасап, бір данасын архивке салу

16,03

Кәсіпорынға шет елден келіп түскен тауарлардың тізімін тексеріп шығу, тауарлардың номенклатурасымен танысу, шикізаттарды өндіріс орынына жіберу мақсатында қажетті құжаттарды толтыру.



17,03

Тауар сатып алушылармен келісімшарт құжаттарын әзірлеу. Кезең бойынша жасалуға тиісті тапсырыстарды орындау. Келісімшарт жасасу барысында заңға сай келетіндігін ескере отырып, әрбәр бөлімді нормативтер бойынша толтыру.

18,03

CRM Terrasoft және ERP Search жүйелерін практика жүзінде қолдана отырып, жұмыс барысында қалай қолдану керектігін үйрену.



19,03

Жеткізуілерді таңдау әдісі бойынша тауар қозғалысын жүзеге асырушы компания(жеткізушіні) таңдау. Талдау барысында компанияның артықшылықтары ескерілді. Соның бірі- жеткізушілердің сенімділігі.

20,03

Компанияның осы уақытқа дейінгі тұтынушыларын талдау және сегменттеу, компания қызметін ең жиі қолданатын тұтынушылар негізінде мақсатты аудиторияның бейнесін құру.Оларды болашақ тұтынушыларға айналдыру үшін жүргізілетін шараларды тауып, басшылыққа ұсыну.



23,03

Шот-фактурамен таныса отырып, бухгалтериямен жұмыс жасау. Компанияның активтерінің динмикасын құрастыру.

24,03

Тауарларды тарату жөніндегі жүйені игеріп, осы саладағы жұмыстарды атқаруға ат салысу, тарату арналарының дұрыс жүргізілуін қадағалау,универ қабырғасында меңгерген шет елдік тәжірбиелерді қолдану



25,03

Тауар жеткізіліп болғаннан кейінгі, тұтынушылармен кері байланыс орнату. Тауарлардың бүтіндей әрі уақтылы жеткендігіне көз жеткізу.

27,03

Компания төлем шоттарын тексеру. Тұтынушылар жасаған төлемдерді документке енгізу, мерзімін, төленген суммаларын түгендеу, құқықбұзушылық жағдайлардың алдын-алу.



30,03

Номенклатура жасау, құжаттамаларды толтыру,дұрыстығына қол жеткізу. Алынған құжатаманы растау үшін басшылыққа ұсыну. Электронды және қағаз түріндегі версияларын шығару, архивке енгізу, арнайы папкаларға салу

31,03

Компанияның жұмысшыларды бағалау талабына сай аттестаиядан өту. Аттестация өткен тәжірибені дәлелдеу мақсатында жүргізілді десем де болады. Жұмысшыларды ынталандыру үшін түрлі мадақтамалар мен сыйлықтар тарқатылды.



1,04

Компанияның нарықтық экономикадағы жағдайын анықтаық. Тұрақты және бір реттік тұтынушыларды, бәсекелестерді талдау. Түтынушылардың клиенттік базасын қалыптастыру. Клиенттерді ұстап қалу үшін түрлі шараларды құрастырып, басшылыққа ұсыну.

2,04

1С программасымен жұмыс жасау. Шығындарды есептеу, бухгалтериядан есеп шоттарын сұрау



Бұндай программалардың қоланысы атқарылып отырған жұмыстың дәлдігі мен жылдамдығын арттырады.

3,04


3PL технологиясымен танысу. Технология жеткізу мен адрестік сақтаудан тапсырыстарды басқаруға және тауарлар қозғалысын бақылауға дейін логистикалық қызметтер кешенін басқарады. 3PL-провайдер функциясы көмегімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, қорларды есепке алу және басқару, импорттық-экспорттық және фрахт құжаттамасын дайындау, қоймалық сақтау, жүкті өңдеу, соңғы тұтынушыға жеткізу қызметтерін жүзеге асыру

6,04


Қоймадағы тиеп-түсіру жұмыстарымен танысу. Тауарларды қабылдау құжаттамалары мен номенклатурасын толтыру. Қабылдап алынған тауарларға сипаттама жазу, құжатта көрсетілген белгіліерімен салыстыру

7,04


Қойманың WMS-қойманы басқару жүйесімен жұмыс жасау. Қоймадағы тауар қозғалысын басқара отырып, тауардың бір орыннан екінші орынға орын алмасуын қадағалау. Қоймадағы арнайы операцияларды орынауға көмектесу.

8,04


Компаниядағы тауарлар классификациясын қалыптастыру. Ол арнайы сызба негізінде жүзеге асырылады. Классификацияда дефицит тауарлар мен сұранысқа ие тауарлар көрсетіледі. Сонымен қатар, компания иелігіндегі тауарларды АВС-әдісі бойынша талдау жасай отырып, бөлу. Мақсаты- сұранысты зерттеу.

9,04


Жетекшімен атқарылған жұмыстармен қайта танысып шығу.Компания тарапынан тағайындалған жетекші барлық атқарылған жұмыстарды компания басшылығына ұсынды.

10,04


Ең соңғы күні жасаған барлық жұмыстарым жайлы қорытынды есеп бердім.Ондағы атқарылған жұмыстарымды,жеткен жетістіктерімді,нәтижелерімді нақтылап өттім.Сонымен қатар, практикам қоймалауға , нақтырақ жабдықтаумен тікелей байланысты болғандықтан аталған тақырыпқа қатысты презентация жасап әкеп көрсеттім.Презентациямның жоғары деңгейде болғанын айтты.Сонымен қатар,атқарып өткен әрбір жұмысымды қорытындылап өттім.Мекеме де менің жұмысымды өте жоғары деген көрсеткішпен бағалады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...