Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Электроэнергетика және Электротехника институты» Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Loading...


Дата28.02.2021
өлшемі28.74 Kb.

«Ғ.Ж.ДӘУКЕЕВ атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»


Коммерциялық емес акционерлік қоғам

« Электроэнергетика және Электротехника институты »

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№3 Семестрлік жұмыс

Мамандығы: 5B71800 Электрэнергетика

Пәні: Әлеуметтік-саяси білімдер модульі: мәдениеттану, психология

Тақырыбы: Бейсаналық ұғым және оның түрлері

Орындаған: Таңатаров Ерлан

Тобы: ЭЭк 19-29

Тексерген:Аширбаева Н.Н

2.1 Саяси тәртіп түсінігі түсінігі

Саяси тәртіп дегеніміз (басқарудың және мемлекеттік құрылыстың жоғарыды қаралған нысандары сияқты) оның мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекеттік саяси тәртіп деп мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал ету әдістерінің жиынтығын айтамыз. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық дәрежесі туралы, мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-қатынастары және бір жағынан олардың арасындағы, екінші жағынан партиялардың, қоғамдық бірлеситіктер мен халықтың арсындағы өзара қарым-қатынастың моральдық- психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік билік ету әдәістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субъектіліердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдік және қамтамасыз етушілік деңгейі туралы түсінік алуға болады. Оқулықтар және монографиялық еңбектерде мемлекеттік- саяси режимді көбінеенсе саяси деп атайды. Бұл, біздің ойымызша дәл емес: Өйткені соңғысы мемлекеттік қызмет әдістерінен басқа, саяси партиялар қызметінің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыс әдістерін де қамтиды. Егер мұндай терминологияға сүйенетін болсақ, онда режимнің не екендігін түсіндіру мемлекеттік проблематика шеңберінен шығып кетейін деп тұр. Мемлекеттің өз қызметінде қолданатын әдістері әр алуан. Мәжбүрлеу, жалаң әкімшілік ету, командалық-бұйрықтық әдістерд атауға болады. Оларға қарама-қарсы иландыру, түсіндіру, ұйымдастыру-тәрбиелеу әдістері бар. осы екі әдістің арасында екуінің де сипаты баралық әдістер шығады.Мемлекет өзінің күнделікті тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің қайсысын таңдайды, ол оның қоғамдық-саяси мәні мен табиғатына байланысты.

Ғылымда "мемлекеттік тәртіп" ұғымын басқаша анықтамада айтылатын жақтары, да бар. Олар: мемлекеттік-құқықтық, саяси құқықтық, мемлекеттік-саяси тәртіп. Мен осы жұмыс мазмұнында) саяси тәртіп - деген анықтаманы пайдаланып отырмын. Мұнда саяси және мемлекеттік тәртіпті ажырату қиын, сондықтанда билікті жүзеге асырудың құқықтық әдістеріне баса назар аударылып отыр және тәртіпті саяси деп атау қажет.

Басып-жаншу, зорлау, қуғын-сүргін және мәжбүрлеу әдістерін басым бағыт алған, жұрттың бәріне өзінің күші мен қуатын әр жолы көрсетуге қуштар, диалог және келісім тілін мойындамайтын, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын кезге де ілмейтін мемлекеттерді, - жалпы адамға тән құндылықтар басымдылығын мойындайтын, демократиялық дәстүрлерді сақтайтын, азаматтар мен басқа субъектілерге мемлекет жарлығын орындау қажеттілігін алдымен айтып түсіндіруге тырысатын, оларға мемлекттік саясаттың маңызын түсіндіріп, тек содан кейін ғана оларға қандай да бір мәжбүрлеу шараларын қолдануға жол беретін мемлекеттермен бір қатарға қоюға болар ма екен.Басқаша сөзбен айтқанда, мелекеттік билік ету әдістері мемлекетті тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық мемлекеттерді қамтитын топтауға мүмкіндік бере отырып өте маңызды жағынан сипаттайды.

Ғылыми еңбектерде тәртіп режим ұғымына әрқилы түсініктер берілуде. Неміс заңгері Е. Левенштейн бұл ұғымды партиялардың санымен, француз саясаттанушысы К.Бюрдо үкіметтік оппозицияның бар жоқтығымен, Е.Хамауи (Франция) мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынастарымен байланыстырса, американ саясаттанушысы Д. Истон тәртіпті басқару стилі және тәртіп пен реттеулердің жиынтығы, басқа бір американ ғалымы К. Бекстер басқару (түр) жүйесі, аргентиналақ автор Н.Ботана билікті шоғырландыру мен бөлісудің қызмет процесі деп біледі. Бұл ұғымды мемлекеттік апараттың орталықтандырылуы деңгейімен, саяси бостандықтардың болуымен, сайлау тәжірибесімен, билік пен басқаруға осылардың қатысымен жүзеге асыратын рольдердің жиынтығымен байланыстыратын көзқарастар да бар.

Қысқасы, саяси тәртіп ұғымы ғылыми әдебиетте ұзақ пікір таласының негізіне айналып отыр. Біз тоқталып өткен басқару түрлері мен мемлекет түрлері құрылысы көбінесе мемлекет түрінің құрылымдық жақтарын сипаттайды. Бірақ бұл әр түрлі органдар мен мемлекетті құрудың тәсілдерін біріктіру болып табылмайды. Мемлекет органдары да, аумақтық құрылымдарда бірге жасап, жұмыс істеп келеді.

Мемлекет түрінің қызмет саласын сипаттау үшін И.Д. Левин алғаш үснған ,, саяси тәртіп, , термині қолданылып келеді. Бұл ұғымды ел да, оның ізбасарларыда мемлекеттік билікті либералдық немесе күштеу билігін жүзеге асыру әдістерін сипаттауға пайдаланды. Мемлекеттік-құқықтық тәртіп белгісін мемлекет түрінің ғылыми санатына қосуы алға жылжушылықтың көрнісі. Ол мемлекет тану ғылымын мемлекет түрінің ұйымдық салаларын талдау шеңбердің

кеңейтті, сөйтіп саяси институттардың қызмет әдістеріне, адамның негізгі құқықтырын жүзеге асыруға, демократияның жай-күйіне, елдің , саяси хал-ахуалына,, баса назар аударуға итермеледі. Мемлекет түріне сипаттама беру жаңа іліммен байытымды

Кейінгі зерттеулер көрсеткендей, "саяси тәртіп" термині мемлекет түрінің белгісі ретінде оның сипаттамасынан әлдеқайда кең. Саяси тәртіпті бұл түрдің бір жағына қоса салуға болмайды, ол қандайда бір елде теңдей ықпал етуші көптеген факторлар ретінде тек мемлекеттік органдардың ғана емес, саяси мақсат, кейде халықтың әртүрлі топтарының саяси қызметінің, жаппай бой көтерулерінің нәтижесін көздейтін саяси партиялардың көпшілік қозғалысының қызметінен тұрады.

Саяси тәртіп мемлекеттегі демократияның, оның ішкі саясатындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асырудың, "саяси хал-ахуалдың" жайын сипаттайды. Бұл мемлекеттік тәртіптен гөрі әлдеқайда кең ұғым, дегенмен де соңғысының, әдетте саяси тәртіпте оның шын мәнінің, өзегінің, үстемдігінің бастыларын құрайтынын да жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да "саяси тәртіп" терминін көптеген мемлекет танушылыр әрқилы пайдаланып отыр.

Ғылымда "мемлекеттік тәртіп" ұғымын басқаша анықтамада айтылатын жақтары да бар. Олар: мемлекеттік-құқықтық, саяси-құқықтық, мемлекеттік-саяси тәртіп. Мен осы жұмыс мазмұнында саяси тәртіп - деген анықтаманы пайдаланып отырмын. Мұнда саяси және мемлекеттік тәртіпті ажырату қиын сондықтанда билікті жүзеге асырудың құқықтық әдістеріне баса назар аударылып отыр және тәртіпті саяси деп атау қажет.

Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері өте көп, әрқилы. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: оның бірі -либерализм әдісі, ол дегеніміз саяси қарсыластарына көну;

күштеу әдісі, ол дегеніміз сол билікке қарсылардың қатарындаболған таптар, топтар, тектер, жеке адамдарға қатысты"басып жаншу". Алайда мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері топтар мен адамдардың бұл санатымен шектелмейді.Оның таптарға да, әлеуметтік топтарға да, топтық құрылымдарға да, қолда бар билікті қолдаушы немесе оған қалыс қалушы адамдарға да қатысы бар. Халықтың бұл екі бүлігіне ымыраға келу немесе басып-жаншу туралы жайларды әңгіме арқауына айналдыруға болмайды. Бұл жағдайда саяси қарсыластармен өзара қарым-қатынас әлдеқайда күрделі де әрқилы болуы мүмкін. Осыған орай әдістерді топтау да ауқымды. Соның ішінде қолдау, қалыс қалысушылық, либерализм және күш көрсету әдістеріне кеңінен тоқталайық.

Мемлекеттік билік қолдау әдісін өзі сүйеніш тұтатын таптар, тектер, этникалық топтарға, сондай-ақ "достас" таптар мен топтарға. өзінің және "одақтас" саяси партияларға, бірлестіктерге, қозғалыстарға қатысты қолданады. Мұндайда билік "өзінің" әлеуметтік топтары менбірлестіктерінің ролін күшейтуге жәрдемдесетін қоғамдағы экономикалық, саяси, діни қатынастарды қолдап, құруға көмектеседі, кейде оны құратын да болады. Қолдаудың нақты әдістері де әртүрлі: экономикалық, саяси, иделогиялық т.б.

Қалыс қалушылық әдісі мемлекеттік билікте жағдайда: әртүрлі әлеуметік топтар арасында өтіп жатқан сайыс мемлекеттік билік үшін немкетер болғанда немесе қандайда бір топты қолдауға немесе ішкі саяси немесе сыртқы саяси себептермен басқасына қарсы шықпай қалуға болмайтын жағдайда колданылады. Біріншісі экономикалық және саяси билігі бар таптың әртүрлі фракцияларының ішкі күресінде орын алады.

Либерализм әдістерді (ымыраға келуді) мемлекет мұндай күштермен қарама-қарсы келгенде қолданады. Либерализм әдісі достас күштермен қарым қатынаста дә пайдаланылады. Қарсыласушы "өз" топтарының тарапынан бірін ымыраға келтіре отырып, мемлекеттік билік ондай топты артықшылықтарды пайдалана алатын жағдайға жеткізеді, өзінің оңды нәтижеге жетуге деген мақсатын арттыра түседі.

Күштеу әдістерін де әрқилы пайдалануға болады. Ең алдымен өд оппозицияға, әсіресе қарма қайшы күштерге қарсы- тәртіп қарсыластарына қарсы қолданады. Бұл түрдің шектен тыс түрі еңбекшілердің жаппай бой көтеруін ату; оппозициялық кәсіподақтарды талқандау; қару, су атқыштарды, жас ағызатын газды, қолданып, бой көрсетулерді қу; сот ісін жүргізу және оппозициялық партиялардың басшыларын қамау. Егер мемлекеттік органдар тарапынан қандайда бір фракция, топ, партия билеуші тапқа, тіпті мемлекеттік биліктінь өзіне залал келтіреді, олар арыдан ойлай алмайды деп табылса, мемлекеттік билік күштеу әдістерін өздерінің одақтастарына да қолданады.

Кез келген елдің тәртібінде қолдау, күштеу, ымыраласу су және қалыс қалушылық әдістері әр кезде де бір бірімен араласа, кейде адам нанғысыз жағдайда қолданады. Әдетте тәртіп өзгермелі, тұрақсыз болады. Сондықтан да тәртіпке сипаттама жасағанда, оны топтағанда оның негізін, ұйытқысын, мәнін ашып алу керек. Оның өзгермелі қасиеті қашанда ілесе жүреді.

2.3 Саяси тәртіп түрлері

Саяси тәртіпті әртүрлі негіз бойынша топтауға болады. Маркстік мемлекеттануда әлеуметтік демократия және буржуазиялық құқықтық тәртіп жеке қарастырылды. Марксизм социа листік демократияны бағалап, ал, буржуазиялық демократияны теріс бағалады.

Батыс ғылымында саяси тәртіпті топтауда неғұрлым дәлірек қарау ағымы пайда болды. Онда демократиялық, жеке билік, тоталитарлық, бір партиялылық, екі партиялылық, көп партиялылық, әскери және азаматтық тәртіп ажыратылып, кейбір тәртіп түрлеріне айрықша баға берілді.

Отандық әдебиетте жаңа ұғымдармен толықтырылды. Революциялық-демократиялық тәртіптің

(социалистік бағыттағы елдерде) екі нұсқасы бөліп көрсетілді. Олар ұлттық- демократиялық және халықтық-демократиялық; жартылай феодалдық-діни билік тәртібіне: буржуазиялық-либералдық тәртіпке бөлінді.

"Үшінші дүниенің" тәжірибесі әрқилы мемлекеттік "тәртіпті" тудырды. Олардағы өзіндік түрлерге сипаттама бергенде әлеуметтік белгілерді есепке алып отырудың қажеттігі туралы көптеп мысал келтіруге болады. Алайда тәртіпті топтастырғанда бұл белгіні барлы жағдайда айқындаушы белгі ретінде алуға болмайды: әңгіме қызмет әдістері мен түрлері, қолданыстары мен тәсілдері туралы болуға тиіс, Айтылғандардан түйетін қорытынды, тәртіптерді топтастырғанда бөлудің бір ғана негізіне сүйенуге болмайды, қайта негіздің кешенді жиынтығы қолданылуға тиіс.

Маркстік және маркстік емес зерттеулерде жинақталған ілімді пайдалана отырып, қәзіргі әлемдегі мына саяси тәртіптерді атап өтуге болады:

1) Жартылай феодалдық-діни билік тәртібі (Сауд Арабиясы Иран, Бутан, т.б.).

2) Әр үрлі әлеуметтік бағыт ұстаған елдерде болуы мүмкін тоталитарлық тәртіп. Олар әдістері жағынан жиі ұқсас келгенімен, мәні, әлеуметтік мақсаты жөнінен қарама- қайшы болады.

3) Әртүрлі әлеуметтік бағыттағы елердегі монархиялық билік тәртібі.

4) Қоғамның өтпелі кезеңі жағдайындағы жартылай

демократиялық (либералдық) тәртіп.

5) Еркін,нарықтық экономика елдеріндегі демократиялық тәртіп.

Жартылай феодалдық-діни билік тәртібі санаулы елдерде ғана сақталып отыр. Оларды екі топқа бөлуге болады: бірі "мұнайлы монархия"(Оман, Бруней, БАЭ т.б.), екініісі аграрлық корольдік (Непал, Бутан т.б.). Бұл тәртіптін маңызды әдістеріне дін мемлекеттің аспабы ретінде қаралуында.

Тоталитарлық тәртіп (лат. бүкіл, бүтіндей) түседі. Ондай орталықтандырылу сипатымен көзге мемлекеттерде іс жүзінде заң жолымен бірден бір рұқсат етілген партия мен мемлекет органдарын біріктірген партиялық-мемлекеттік тұтас құрылым, бірден бір мемлекеттік идеология жария етіледі. Онда мемлекеттік органдардың автономиясы теріске шығарылған: билеуші партияның басқарушы және бағыт беруші ролі жарияланған. Азаматтардың табиғи құқығы жоқ, мемлекет сыйға берген құқық қана танылады, онынь өзі де сақталмайды. Билік бөлінісі қағидасы танылмайды, жергілікті өзін өзі басқару мойындалмайды, бұл әдістер мүлде пайдаланылмайды.

Тоталитарлық тәртіп күш көрсетуді басқарудың басты әдісі ретінде пайдаланады, онынь өзі идеологиялық күш көрсету болуы да ықтимал, бірақ идеологиялысымның өзі мемлекеттік түрге ие болады. Тоталитарлық тәртіп әдісі жөнінен бір-біріне ұқсас келгенімен, бірақ мәні жөнінен қарама- қайшы болады. Азаматтық тоталитарлық тәртіп жағдайында шектеулі көп партияның болуы мүмкін.

Жеке билік тәртібі көбіне конституциялық - жеке билік түрінде өмір сүреді. Бұндай мемлекеттерде конституцияны қабылдау жәнебелгілеутәртібі жалпы мазмұнын демократиялық, жалпы азаматтық қундылықтарға сай келеді.

Сырт қарағанда басқару конституциялық негізде жүргізіледі, заң шығарушы, атқарушы, сот және мемлекеттік басқа органдар да болады, бірақ билікті бөлі іс жүзінде болмайды. Басқару бюрократтық әдіспен жүргівіледі, номенклатура деп аталатындар билік құрады.



Жеке билік тәртібі жағдайында, мемлекеттік билікті жүзеге асыру кезінде, бұл тәртіпке жақын әлеуметтік топтар мен ұйымдардың құлшына, ашық қолдауы әдістеріне, күштеу әдістеріне баса назар аударылады. Конституция партияның құрылуына еркіндік береді, бірақ мемлекеттік билік арнайы заңмен тек олардың кейбіріне ғана мүмкіндік береді. Опозияция шектеулі жағдайда жұмыс істейді. Сайлау мен референдумдардың күші болмайды, оның нәтижелерін үкімет саяси және идеологиялық жағдайға байланысты алдын ала шешіп қояды. Жергілікті өзін өзі басқару өкілеттігі шектеледі. Билік бекінісі конституцияда айтылғанымен, сол конституцияны өзінде атқару органдарына басшылық етуге кең жол берілді. Ымыра мен келісімді мемлекет қажет етпейді, ол күштеу әдістеріне сүйенеді. Демократиялық құқықтыр мен бостандықтарды пайдалану шағым айту немесе рұқсат беру төңірегінде қалып қояды.

Өтпелі жартылай демократиялық (либералдық) тәртіп тоталитарлық, жеке билік тәртіптерін, әміршіл-әкімшіл, бюракратиялық жүйені жоюшы елдерде пайда болады. Ол мемлекеттік билік "жоғарыдан" таңған нарықтықэкономикаға көшу жағдайынан келіп туған еді. Мұның өзі де жеке билік белгілері екені белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...